6.4.3. Аяқ-қол саусақтары, тырнақтары және олардың күтімі
Аяқ және қол саусақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда хабарландыру жүреді. Тырнақ өсірсміз деғен. Оны мен түсінбеймін. Тырнақ алу гигиенаның ең
130
бір басты міндеті. Бір аптаға тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағада тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланды. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқүлақтар (көкзендер) өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.
6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
Адамның аяғы — оның астындағы көлігі. Аяқ жүруге ыңғайланған. Адам аяғымен алыс қашықтыққа жүруі мүмкін. Мен (осы кітаптың авторы) 1942 жылы 400-500 километр қашықтық жерді жалаң аяқ жүріп өткенмін. Аяғымда ботинкам бар еді тозып қалады ғой деп, оны шешіп алып мойныма іліп алған едім. Бұл кез Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кезіеді. 400-500 шақырым жср аз жер емес. Иен дала болатын, ұшқан құс, жүгірген аң маған кездескен емес. Түнде мен маяланған шөптің немесе бидайдың маялап қойған сабанына кіріп кетіп, сонда ұйықтайтынмын. Таң атысымен жүгіріп отыратынмын 7 күн, 7 түн ішінде мен ыстық тамақ ішпедім. Тек біреудің пісіріп берген аз ғана наны болған соны мен қорек еттім. Шай ішпедім. Ол аймақта халық өте сирек тұратын. Ауылға баруға маған болмайтын еді. Сондай алыс қашықты аяғыммен жүріп шықтым. Менің аяғым Берлиннің көшесін таптады. Бухаресті көрді. София қаласын аралады. Болгарияның раушан гүлін өсіретін алаңдарда болды. Алтын Праганы басты. Ұзақ уақыт суық-сазды Санкт-Петербургте етті. Аязды Москвада жүрді. Орал тауларын аралады. Қостанай даласын шарлады. Аяғым менің — алтыным. Аяғым мықты. Ауру емес. Ала аяқта емес. Мен үнемі аяғымды ерекше күтімге алып жүремін. Тізеге массаж жасап, уқалап қойған дұрыс. Массажды күнделікті жасап отыру керек. Ұйықтар алдында аяқты сабындап жылы сумен жуып, орамалмен кұрғатып сүрту керек. Ерінбеген қажет. Табанды ағаштан жасалған массажермен ұрғылау керек. Жазда үнемі жалаңаяқ жүрген дұрыс. Аяққа таза мақтадан носкилер киген жөн. Носкидің резинкалары аяқты қыспау керек. Қан айналасына тосқауыл жасайтындай болған жөн.
131
6.4.5. Қол күтімі
Адам өмірінде адамның қолы ерекше роль атқарады, Адамның қолы неше түрліні жасайды ғой. Тіпті адам атом бомбаларын, неше түрлі механизмдерді, автомобильдерді, ұшақтарды, өте күрделі компьютерлерді қолымен жасаған.
Адам қолы сылап-сипап, мәпелеп жас сәбилерді өсіреді. Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Бұрын адам төрт аяқтап жүрген, кейін ағаштарға өрмелеп, ағаш басындағы жемістерді алып
жеймін деп адамның қолы жетілген, қолымен бірге тіл шықты. Ақыл-ой дамиды. Адамзат баласы басқа жануарлар дүниесінен бөлініп өте жоғары деңгейге көтеріле түсті.
Адамның қолы әрқашанда ашық, сондықтан да қол күтіміне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Қолдың терісі үнемі жуа бергендіктен шытынап жарылады. Істеген жұмыстан кейін жылы сумен сабындап щетканы пайдаланып жуып отыру керек. Жақсылап сүртіп кептіріп, қолға арналған крем немесе желе жағу керек (крем для рук). Өте кір жұмыстар істеу үшін (үй ішін тазалау, үйдің жанындағы бау-бақшаларда жұмыс істеу үшін қолға перчаткалар киіледі немесе қолды қорғайтын крем жағьш алады. Құрғақ қолды кешке ұйықтардың алдында арнаулы қоректік кремді жаққан дұрыс. Өсімдік майларын қолға жағып отырған жөн. Майлағаннан кейін мақтадан тоқылған жұқа перчатка киіп алған дұрыс. Өте қатты терлейтін қол болса, онда дәрігерге көрінугс болады. Әлсіз сірке қышқылымен қолды жуьш, аздаған ұнтақ сеуіп қойған жөн. Қол қызыл болса, қан айналымы дұрыс болмағаны, адамның қолының ауыратынының белгісі. Оны арнаулы түрде емдеген дұрыс. Ол үшін шөптен жасалған қайнатпамен жуу керек, немесе булау керек. Қолға массаж жасап отыру керек.
6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы
Адамның тісі — оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі опырылып түсіп қалған адамдардың түрі қандай жаман десеңізші. Тісі түсіп қалу тісті, ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекшс күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады.
132
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.
2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Ерінбеу керек.
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі. (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар, микроэлементтер — Мп, Си, Ғе, Со, Zі, Ті және фтор, кальций-хлорофилл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды.
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. Тісің жарқырап жүрсе, кандай көңілді жүресің. Әсіресе қыздар, жас әйелдер күлгенде ең алдымен тістері адамға айрықша әсер етсді.
6.4.7. Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады. Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауы керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.
133
Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде "Джинсовый дерматит" деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.
Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал.
134
ҮІІ. ӨНЕГЕЛІ ЖЫНЫС ТӘРБИЕСІ
Адамды бақытты етуге болмайды,
алайда бақытты болу үшін адам-
ды тәрбиелеу керек
А. С. Макаренко
7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
Жастарға өнегелі жыныс тәрбие беру жалпы тәрбие берудің көрнекті белігі. Бұл өз алдына бөлек зертгелетін үлкен және маңызды проблемалардың бірі. Жалпы дәріс беру шарасы емес. Бұл маңызды жұмыс ор қашанда балалардың жас ерекшелітіне қарай жүргізіліп отыруы тиіс.
Өнегелі жыныс тәрбиесі жергілікті аймақтың құқықтық, мәдени-этикалық ерекшеліктерін ескере отырып беріледі.
Өнегелі жыныс тәрбиесі сәбидің туған сәтінен басталып үздіксіз жүргізіліп отырады.
7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
1. Өнегелі жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделінуі керек.
2. Өнегелі жыныс тәрбие үрдісіне қатысушыларына бағдар-
ламаға сай:
а) өнегелі жыныс бейіл өмір бойына, әрі дені сау жастарға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылады;
б) ересек балалар тіршілік өміріне олар дайындала бастайды;
в) отбасы құндылықтары "отбасына деген табынушылық" және жалқылық (моногамия) катынас өрбіту саулығының негізі екендігі туралы пікір мейлінше балалардың ойларына сіңірілінуі
тиіс;
г) өнегелі жыныс тәрбиесі үрдісінде оқушылар қажетті білімін оқытушылардан, ата-аналарынан; құрбы-құрдастарынан алады да, дағдыларын қалыптастырып, қабілсттерін арттырып отырады;
1) өзін сыйлайтын мінез-құлық қалыптасады;
2) денсаулығын бағалай білетін болады;
3) көпшіл, икемді болуға бейімделе бастайды;
135
4) жыныстық бейіл әр тұлғаның маңызды қадірі және махаббат пен жыныс бейіліндегі бірдей ұғым екенін оқушылар түсінеді;
5) өзінің жыныстық бейіл әрекетіне жауапкершілік үрдістері арта түседі;
6) өзін және басқаларды жыныстық бейіл әрекетінен туын-дайтын жүз қарытар салдардан қорғау үшін ақпарат мүмкіндіктері әрқашанда болу керек;
7) зорлық жасауға және зорлауға, біреудің зорлығына көнуге болмайды.
Өнегелі жыныс тәрбиесінің мақсаттарын іске асыру жолдары:
1. Балалар мен жеткіншектер арасындағы жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу керек.
2. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулармен, жұқпалы инфекциясын жұқтыру қаупінің азаюына;
3. Жыныстық зорлыққа шек қоюға және басқа жыныстық қылмысты істерге тосқауыл қоюға мүмкіндік беретініне үміттену керек.
Сонымен, өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз - алынған ақпарат, білім, жетілдірілген дағдылар арқылы әрекетке деген қарым-қатынасын қалыптастыра алатын қабілеті бар және оған ие болуға үйренген адамды тәрбиелеу болып табылады (Х.Қ. Сәтбаева және т.б. Алматы, 1999, 104 бет).
7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема
Бұл проблеманы ойдағыдай шешуге қатынасатындар: 1) ата-ана; 2) мұғалімдер; 3) дәрігерлер; 4) бала үшін өте тәжірибелі, беделді ересек ақылды адамдар; 5) құрбы-құрдастары; 6) бұқаралық ақпарат орындары және құралдары (білімді журналистер).
Белгілі психолог А.Н. Леонтьев енегелі жыныс төрбиесі туралы былай деп жазды: "Бала адамдар әлеміне жәйғана тасталынбайды, ол адам, адамдар қоршаған дүниеге енгізіледі, бүлар оны жетегіне алады". Демек, өнегелі жыныс төрбиесінің сәттілігі көбіне осы мазмұнына ғана қарамайды, кейбір барлық бөлек тәрбиешілердің (мұғалімдердің, басқадай мамандардың, ата-аналардың) келісуі, жарасымды әрекетімен байланысты болатынын әрқашанда есте сақтаған жөн.
136
7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі
Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі
16-таблица. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі
1) Жазалау (Рестриктивті)
|
2) Қайырмау (Пермисивті)
|
3.) Демократиялық
(ең ортасы)
|
Неғұрлым сирек болса, солғұрлым жақсы
|
Барлық ақпараттар
|
Қажетті ақпаратгар
|
Мынаны істеуге болады және мынаны істеуге болмайды өйткені:
|
Басқа бағыттар бол-мауы мүмкін.
|
Осындай істе бақаша емес, өйткені...
|
Бұл жалғыз дұрыс бағыт
|
Барлық бағыттар дұрыс
|
Көп бағыттар бар
ғой, бірін тандап
алу дұрыс________
|
7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі кағидалары
1. Адамның даму үрдісін үдету;
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін істер;
3. Нақтылы ақпарат құралдары;
4. ("Жәйден" күрделіге қарай Иерархия принципін) жүзеге асыру; оқыту тәрбиелеу;
5. Өткізілген құжаттарға жүйелі түрде қайтадан оральш, түсінік беру;
6. Түрлі ұғым мен пікірлер талқыланып, оларды жүзеге асыра түсіру;
7. Жекелей және ұжымдық ой-қызметіне дайындалып қағидаларды ашып түсіндіру;
8. Өзін-өзі талдау, бағалау дағдысын үйрету;
9. Ақылға сыйатын мінез-құлықты үйлестіру;
10. Алғашқы мағлұматгарды хабарлау, түсіндіру;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытумен қатар сезім аясын
кеңейтіп өрістету керек. Махаббат, қуаныш, қатулану, қорқыныш, жек көріп кету, сенім, сыйлау, жыныстық әрекетке деген ынтазарлық, нәпсіге деген ыңғай сияқты ұғымдарды сипатгау қиын болады, бірақ бұның өзі жыныстық білім тәрбиесінің құрамдас бөлігі болатынын ескеріп, қадағалап отырған жөн.
Жыныстық білім — деп жазады Х.Қ. Сәтбаева және т.б. (1999) — тәрбиесінің Америкадағы бағдарламалардың бірі —
137
"махаббатқа қатысы бар білім"деген тараудан басталады. Олар әр қарай-Эрик Флорем талдау нәтижелерінің негізінде махаббат:
1) еңбек; 2) жауапкершілік; 3) сыйлау; 4) түсінік. Осы айтылғандар қағида ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері
Жеткіншектердің өзін-өзі бағалау критерилері. Ол үшін мына төмендегілерді әр қашанда естен шығармауымыз керек.
1. Білім жөне ақпарат (информация);
2.Өзін-өзі бағалау;
3.Дағды және іскерлік;
4.Ағзаның құрылысы және қызметі;
5.Өрбіту жүйесі;
6.Контрацепция;
7.Жыныс қатынастарынан жұғатын аурулар түрі (сифилис, гонеррея, СПИД, ВИЧ).
Еркекті (баланы), әйелді (қызды), қалыптастыратын адам-гершілік өнегелі жыныс тәрбиесіне маңызы және мақсатын айқындай келе мына төмендегі фактылардың сақталуына мән берген дұрыс (17-таблица).
17 таблица
Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
2. 3. 4. 5. 6. 7.
Ақпарат
|
Оларға деген құндылықтар мен қатынастарды қалыптастыру-
|
Дағды
|
Қолдау және
көмектесу
|
Ағзаны өрбіту функциялары. Жүктіліктің аддын алудың тәсілдері...
|
Денсаулық, отбасы, түсік жөне тағы басқалар
|
Өз - өзін бекіне ұмыттылдыру және қатынасуға деген ыңғай
|
Қүрбы-құрдастар, ересектері әлеуметтік - және медқұжалық
міндеттер
|
Ақпаратты қабылдау
|
Қатынасты анықтау
|
Дағдылармен ыңғайды жаттықтыру
|
өкінуді пайдалану тәжірибесі.
|
Түсіну қолданыс және дамыту, шешім
қабылдау
|
|
"өз - өзіңді біле білу"
|
|
138
7.7. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
7.7.1. Сифилис. Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Sрігоһеtа) микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні — штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Денені қызарады, жара пайда болып кейіннен ірін-дейді. Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), де-ненің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қы-рылдап қалады", адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сезсіз.
Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айрылып кетуі, тіршілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданылатын дәрінің бірі антибиотик — пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақтардан өндіріледі (Репіsеllinum). Сифилис жүкгі анадан туылатын балаға тарауы сөзсіз. Ол ауру болып туады. Сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.
7.7.2. Гонеррея. Бұл дертті де микробтар таратады. Оны геноккок деген микроағза жұқтырады. Жыныс қатынастарынан туындататын өте ауыр дерт. Ер адмадарға несеп шығару негізінде қатты ауырады. Ірің ағады. Әйелдердегі белгілері тіпті жаман. Үнемі ашып ауырып адамның нерв жүйесіне ерекше әсер етеді. Жыныс қатынасынан кейін 2-20 күндер ішінде байқала бастайды. Емдемесе әйел адамдар бедеу болып қалады. Ер адамдарда қатты ауырады. Буындары ісіп кетіп жүре алмай қалады. Бұл дертті де дерігер антибиотикті — пенициллинді пайдаланып емдейді. Бұл аурулардан сақтанудың бірнеше жолдары бар. Олар туралы
X. Қ. Сәтбаева және т.б. дәрігерлер өздерінің "валеология" атты кітабында жазған, Алматы, 1999 оқып көрем деушілерге осы кітапты оқып шығып танысуларына болады (92,93,94,95 беттер).
7.7.3. Гениталдық герпес. Жыныс мүшелеріне шығатын ұшық сияқты вирустан болатын ауру. Әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады. Гениталды герпес жыныс
139
қатынасы мен адам ағзасына жұғады. Кейіннен үлкен айық-айық жараға айналып кетеді де, қатты ауырып, нерв жүйесін хежеп жібереді. Адам өте ашушаң болады. Гениталды герпес алғашқы кезде түсі қызыл, бөртпе ретінде пайда болады. Кейін үлкен ірінді жараға айналып кетеді. Өте қиын емделетін аурулардың бірі. Гениталды герпес тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Өйткені ол анадан балаға таратылатын дәрігерлер анықтаған. Гениталды герпестен туындайтын қорытынды: бала соқыр боп тууы мүмкін. Керең болуы да сөзсіз. Өлі болып тууы да ғажап емес.
Герпестен туындайтын күйзеліс, психологиялық азаб, бас ауыру, адам шаршап - шалдығып кетеді.
7.7.4. Хламидия. Ең бір жедел түрде дамитын жыныс ауруларының бірі. Оны табу, анықтау оңай шаруа емес. Өте қауіпті дерт. Өте кең тараған сырқат. Оны емдеуде оңай емес. Дегенмен емдесе тез арада адам бұл ауырудан айығып кетеді. Емдеу үшін кебінесе антибиотиктерді қолданады.
7.7.5. Жыныс мүшелерінің гениталды сүйелдері (полип). Жанға онша азап келтірмейтін дерт. Дегенмен аурудың қайсысы ағзаға жақсы дейсің. Негізі, гениталды сүйелдің болмағаны дұрыс, "рухани таза болсаң, денең де таза болады", "Здоровому телу, здоровый дух". Гениталды сүйел папиллом деп аталатын вирус арқылы дамыды. Гениталды сүйелді дәрігерлер тез арада жойып жіберіп адам ағзасын сауықтырып жіберіп отырады. Сүйел арнайы ерітінділермен сүйық азот ерітінділерін жағып күйдіріп жібереді. Емдеу онша қиынға түспейді. Оны емдеуден бас тартуға болмайды. Ауруды үдетіп жіберуге жол бермеу керек.
7.7.6. Вагинит. Бұл дертті микробтар туғызады. Жазылатын ауру, емдеуге болады. Ауруды жасыруға болмайды. "Ауруын жасырған өледі" дейді қазақ. Қазіргі кездегі медицина күшті ғой. Көптеген ауруларды бірден жазып жібереді. Дәрігерлер көп біледі. Тек білімді дәрігерлердің қолына түсуге тырысу керек. Айта кететін бір жәй дәрігерлер тегіннен-тегін ештеңе жасамайды. Жаныңнан ештеңені аяудың қажеті жоқ. Олардың жасаған еңбегіне қарай көңілдендіріп, рахметіңді айтуың керек.
7.7.7. СПИД. (синдром приобретенного имунитет недепицита -адамның жүре бара ие болған иммундік жетіспеушілігі).
СПИД — ағзаның қорғаныс қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам ағзасындағы иммундық жүйені бұзатын арнаулы вирустар болады. Олар барлық ауруларды денеге дарытпай тұратын иммундық жүйені жойып жіберіп отырады.
140
СПИД адамдар арасында кеңінен таралған дерттер қатарына мына төмендегілер жатады: 1)Кальций саркомасы, тері қатерлі ісігінің бір түрі, 2)пневмококкті пневмания.
СПИД-тің бірінші басталған кезеңі Америкада болған. Бұл 1981 жылы болатын. 1985 жылы ғалымдар СПИД ауруын қоздыратын НІҮ вирусының құрылымын анықтаған. Міне осы кезден бастап әлем кеңістігіне тарап кетті.
Медиктердің айтуларына қарағанда бұл дерт кейінгі жылдары тіпті көп таралуы мүмкін. Өйткені адамдардың иммундық жүйесі тым нашарлап кетті. Әсіресе Қазақстан Республикасы тұрғында-рының арасында СПИД кең етек альш бара жатыр.
СПИД-ті болдырмайтын оған қарсы тұратын, алдын алатын вакцина осы күнғе дейін табыла қойған жоқ.
СГІИД иммундық жүйесінің белгілі бір жасушылар (клеткалар) түріне және ВИЧ адамның вирустық иммунитет жетіспеуінін (вирусный иммунодефицит) деген атпен медицина ғылымдарына белгілі. Вирус әрекеті әсерінен өсіп-өнеді. Болмаса оған адам ағзасындағы вирустың пайда болуы әрқашанда СПИД-ті қоздырады. СПИД-пен ауыратым адамдар арақ-шарапқа салынушылар, есірткі пайдаланушылар, жүйелі түрде тамақ ішпеушілер, және күшті күйзелісте болғандар және т.б. Айта кететін бір жәй осы кезде СПИД вирусын тудыратын вирустерге қарсы қолданатын белгілі бір ем-дом жоқ. ' Емдеп жазып жатырмыз деп жатқандардың барлығы бос сөз.
СПИД-тің жұғатын жорлдары. СПИД — бірнеше жолдармен жұғатыны кейінгі кезде анықтала бастады. Олардың ішінде медицина ғылымдарына белгілі болғаны мына төмендегілер;
1. Жыныстық қатынас. Бірден нәпсіні тию керек.
2. Тері асты инфекциясын жасау үшін бір шприцті бірнеше адамдарға пайдалану.
3. СПИД вирусымен жұқтырылған екі қабат әйел аурулармсн ішіндегі (жатырдағы балаға) жұқтыру.
4. Қан қую кезіндс СГІИД вирусының берілуі.
5. Қолдағы, тістегі, аяқтагы кішкентай жарылып кеткен жерлер арқылы СПИД вирусы ағзаға ету және т.б.
СПИД ауруларының белгілері.
1. Ештеңе істемей адам өте қажып жалқау үрдісі басып кетіп, денені көтертпей қоюы, көңіл-күйдің төмендеп кетуі. Аппетит бұзылады.
2. Безгек ауруымен ауырған адамдар сияқты адамдар қалшылдап, дірілдеп кетеді. Түн бойы дене терден ажырамайды.
141
3. Бездердің мөлшерден тыс өсіп кетуі (лимфа түйіндерінің өсуі, әдетте мойында, қолтықта, шашта) бірнешс көзге түсетін өзгерістер болады.
4. Ауыз қуысында ерскше көзге түсетін теңбілдер пайда болады.
5. Құрғақ жөтелмсн үнемі адамның жөтелуі, тыныс алу бұзыла түседі
СПИД-тің жалпы анықтамасы
СПИД-пен ауырған адамның қанындағы ВИЧ-ке деген анти-денешікті табуға ыңғайланған бірнеше тәсілдерді қолданады.
Осы кезде СПИД-пен ауыратын адамдардың саны жер жүзі бойыншада, Қазақстан Республикасы көлеміндс дс жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұлардың көбі жас адамдар тіпті жиырма жасқа толмағандар да бар. СПИД-пен ауырмау үшін профилактикалық шараларды қатаң сақтап отыру керек.
7.7.8. Нәпсілік катынас және денсаулық. Дені сау адамда беліілі бір деңгейде нәпсілік кернеу болады. Оны — нәпсі кұмар-лық деп атайды. Нәпсі құмарлық — тұлғаның құрамдас бір бөлігі, жақындықтың жолы, әрбір адамның өзін таныстыратын және басқа жыныс өкілдерінің биологиялық — физиологиялық ерекшелігін білудің тәсілі.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау уйымының (ВОЗ— всемнрная организация здравоохранения) нәпсі құмарлыққа, өзінің жақындықты, нәсіптікті және махаббатты тілейтінді білдіретін табиғи психологиялық, әлеуметтік белгілері бар. Ол қуат — деп жазады.
Нәпсі құмарлық адамда тумасынан-ақ көзге түсе бастайды, ол тұлғаның құрамдас бөлігі ретіндс өмірінің соңғы сәтіне дейін сақталады. Нәпсі құмарлық жас ерекшелігіне қарай дамиды. Нәпсі құмарлықтың комионенттері:
1) мінез-құлықтық; 2)эмоциялық; 3)когнивитті (бағалы).
Нәпсі құмарлық гетеросексуальды, гомосексуалды, бисексуальды болып бірнешеге бөлінеді. Мұның бәріне егжейлі-тегжейлі тоқтаудың қажеті жоқ. Олар туралы Х.Қ. Сәтбаева және т.б. өздерінің еңбсктерінде "Валеология" Алматы, 1999 толық жазған, осыдан оқуға болады.
142
ҮШ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЛАЛДЫ ДАҒДЫЛАР
Сізге үлкен жаза залалды -
дағды, сый, құрмет, марапат
салауатты өмір сүру
8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
1. Денсаулық және алкоголь.
2. Денсаулық және темекі шегу.
3. Денсаулық және наркотикалық заттар.
4. Залалды заттардың әлеуметтік әсері.
5. Наркотикалық зат (көне заманнан бері қарай дамып келе жатқан залалды дағды).
6. Токсикомания — кейінгі кезде пайда болған жастар арасына кең тараған құбылыс.
Зиянды дағдылар: темекі тарту, арақ-шарап ішу, есірткі және улы заттарды пайдалану (18-таблица).
8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
Наркотикалық заттарды — гашитті Қытайда біздің заманы-
мызға дейінгі 3500 жыл бұрын әр түрлі аурулардан сауығу үшін пайдаланған. Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химиялық заттар алып, әр түрлі мақсаттарға қолданған. Олар: анаша, банг (бонг, ганжа, харос және т.б. қосылыстар).
Бұл тараудың негізгі мақсаты оқушыларға және студенттерге адам ағзасына ішімділіктің, темекінің, есірткінің әсерлеріне ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Зиянды дағдылардың алдын алуға әсерін тигізетін кейбір қалыптасқан ережелерден тартымды етіп түсінік беру. Оқушылардың, студенттердің және халық арасына кең тараған темекі шегу, арақ-шарап ішу, есірткелік заттармен әурелену, улы қосылыстарды иіскеп, денесіне жағу мен әуестенудің алдын алу тақырыптарына әңгіме, лекциялар оқып, лабораториялық практикалық сабақтар өткізу. Зиянды дағдылардың түрлерінен есірткі қосылыстарының қазіргі кездегі классификациясына түсінік беру. Есірткі қосылыстарға деген тәуелділік факторларын ашып түсіндіру. Адам ағзасына әсіресе жас жеткіншектер ағзасына есірткінің (наркотикалық заттардың) тигізетін әсерін түсіндіру. Арақ-шарап ішу мен шұғылданудың кезендері, темекі есірткісі-темекі түтінінің адам ағзасына өсері. Зиянды дағдыларды боддырмауға қолдан келгеннің бәрін жасау керек
143
екенін жан-жақты түрде айтып беру. Жасыратыны жоқ жер шарының көптеген мемлекеттерінде залалды дағдылар қисапсыз көбейіп кеткені туралы газет журналдар күн демей, түн демей жазып жатыр. Қояға түскен есірткі заттарды аяусыз түрде отқа жағып, ұсталған адамдарды ешқандай аяусыз соттап жатыр. Осындай қатаң шараларға қарамастан, есірткі сатушылар азаймай-ақ тұр. Олар жылдан-жылға көбейе түсуде. Мұның кең етек алып, кең таралуын бір қатар ғалымдар және педагогтар, психологтар, медиктер алдыңғы катарлы саналы және сауатты адамдар басқа келген апат деп түсіндіреді. Ол негізінен дұрыс. Құдай сақтасын есірткімен айналысатын адамдарды естігенде жаныңыз шошиды. Бұл адамдардың басына келген нағыз бақытсыздық. Мұны ғалымдар өркениет ауруы дейді. Есірткі заттармен айналысу медиктердің алдында тұрған үлкен шешуі табылмай келе жатқан проблема.
Адам денсаулығына зиян келтіретін дағдылар: темекі шегу, арак-шарап ішумен шұғылдану, есірткі және улы қосылыстармен (токсикоманиямен) айланысу. Айта кететін бір жәй барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден (апыйыннан, қалақайдан, коноплядан) өндіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының территориясында 500 мың гектар жерде конопля өседі.
Ш.Айтматов өзінің кітаптарында жазды ғой. Конопля гүлдеген кезде оның тозандарын жинап алып, сақтап, кептіріп сатуға даярлайды. Бұл үлкен қылмыс. Одан анаша ендіріледі. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі -тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұшлданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді 25-26 жасында өмірмен қоштаса береді. Ал бірінші және екінші тәсілмен айналысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс. Онсыз ойдағыдай ем-дом ешқандай нәтиже бермейді.
Дағды — бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сонымен бірге табиғатына танылып қалатын мінез-құлықтагы "автоматтандырылған элемент". Адам-ның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шартты рефлскстер тізбегі пайда болып, ол дами түседі. Бұл шартты рефлекстен қүтылуға әбден болады. Егер, таң ертсң гимнастика
144
жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады. Қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі.
8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері
Тәуелдік тудыратын заттардың өздерінде травиальды және ғы-лыми терминдері болады. Оларды оқушылардың білгені дұрыс.
1. алкагольді-барбитурат түріндегі (этиль спирті, барбитурат-тар, седативті мепробиромат, хлорангиэрат және т.б.).
2. Амфетамин түріңдегі химиялық қосылыстар (амфетамин, фенметразин және т.б.).
3. Кокаин түрінде улы заттар (кокаин, тіс жұлғанда қолданады, тістің ауырғанын сезбей қаласыз). Кока өсімдіктері жапырақтарынан өндіреді. Өндіру тәсілі әбден жетілдірілген.
4. Конопля түріндегі улы қосылыстар (марихуана, гашиш бұларда өсімдіктерден алынады. Ол өсімдіктерді біздер жақсы білеміз).
5. Галлюциноген түріндегі улы заттар (лизергид — ЛСД деген атпен ғылымға белгілі), мескалин;
6. Ката түріндегі улы қосылыс (Саtһа есtиlіs fогskі);
7. Апыйын түріндегі улы заттар (морфин — рак дерті мен ауырған адамдарға қолданады, ұйықтады, героин — апыйыннан өндіріледі өте улы зат, кодеин-шәйлердің жапырақтарында түзіледі; шәй ішумен шұғылданатын адамдардың шәй ішпесе басы ауыратыны осыдан. Өйткені кадеин қан капилярларын кеңейтеді. Шәй ішкеннен кейін адамдар жадырап, көңіл-күйі кетеріле түсетіні осыдан, яғни шәй наркотиканың бір түрі); метадон және т.б.).
8. Эфирлі ерітінділер (толуол, дихлорофос (аэрозоль), ацетон тетрахлорметан) және тағы басқа улы қосылыстар. Олардың саны қисапсыз көп (20000 жетеді). Осыларды орынсыз пайдалана бергендіктен дағды қалыптаса бастайды. Есірткі заттар қатарына темекі де енеді. Онда никотин бар. Ол биологиялық у. Темекіні кейінгі кезде қазақ қыздары да тартатын болды. Темекінің түтінінде не бар екенін олар қайдан білсін. Оқымаған адамдар ғой. Оның түтінде зәр қышқылы, аммиак, сондай-ақ полоний-218,219 радиоактивті элемент бар. Олар ерте ме, кеш пе, әйтеуір өкпе рагын тудыратыны сөзсіз. Өзіңіз біліңіз, қазақ
145
елін де бір нақыл сөз бар: "өзің білме, ал білгеннің тілін алма". Темекінің зиянды есерін кейін көресің!
Осы кезде есірткі мен улы қосылыстар (токсикомания) проблемалары жекеленген медицина проблемасынан асып кетіп мемлскеттік проблемаларға айналды. Апиынның және оның туындыларын медиктер көбінесе аналгезиялық әрекеті болған-дықтан неше түрлі ауруларды емдеуге қолданып келген. Ауырған жеріңді білдіртпейтін эйфорлық қасиеті болған. Бұған кейінгі кездс жастар әуестене бастаған. Ағзаға наркотикалық заттарды енгізген кезде, адамның беті қызарып, бүкіл дене қызып рахатқа бөлене бастайды. Тері жеңіл-желпі қышиды. Кейін жайбарақаттық үрдіс бойды алады. Ойға неше түрлі әлемде жоқ құбылыстар келе бастайды. Есірткі ағзаға өте тез қалыптасатын зат. Кейіннен адам өз еркінен мүлдем айырылып қалады. Бірте-бірте қоғамдық өмірге, жұмысқа, міндеттерін орындауға деген ынта-жігері баяулап, кейіннен мүлде жоғалып кетеді. Наркомандар, көбіне дөрекі, өзімшіл, отбасындағы міндеттеріне немқұрайлы қарай бастайды. Олар өздерінің қатерлі жағдайларға тап болғанын байқамайды. Наркомандардың денесінде (гипотрофия, дистрофия) құбылыстары пайда болып, олар дами түседі. Құдай басқа бермесін! Ағза неше түрлі өзгерістерге ұшырайды, адамның терісі құрғап, быт-шыт болып ыдырайды. Адамның массасы азая түседі. Сүйек жұқарып кетеді және тіс түсіп қалады, бетке әжім көп түседі. Көз көру өзгереді. Өйткені көздің қарашығы кішірейеді. Ағзада Брадикория құбылысы байқалады (ешбір мақсатсыз қозғалыстар) пайда болады. Ауру ұлғая түседі. Адамгершілік қасиеттен адам мүлдем айырылып қалады. Сол кездс неше түрлі ауыр қылмыстар жасауы мүмкін. Кез келген адамдарды өлтіріп тастауы сөзсіз. Оларды соттау мүмкін емес. Ауру адамдар. Міне наркотикалық заттардың адамзат баласына қайғы-қасірет әкелетіні осыдан. Наркотикалық улы қосылыстар адамзат баласының досы емес, нағыз қас жауы.
8.4. Алкоголь және денсаулық
Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан алкоголь алу сонау Ү-ҮІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға
146
бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер. пайда болады. Адам неше түрлі оға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі бір мөлшерде болмяйды.
18-таблица
Денсаулық және залалды дағдылар
147
Сырада орта есеппен алғанда — 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін — 10-17%, шарапта — 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады.
Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.
Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресс айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.
Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сәтбаева және т.б. үш кезеңге бөледі.
1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.
2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік кезге көріне бастайды.
3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам куш-қуатынан мүлдем айырылып қалады;
Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақым-дайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттщ у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп
148
жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды
Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдсрдің (Вь РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді.
Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады.
Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді.
Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады.
Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұ-ның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны "популяциялық деградация" деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф.Т.Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Ақыр заман деген осы ғой. Әрбір іішмдік денсаулыққа залалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |