Санжарга, Айманға



бет1/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП

АБАЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Марленге, Алмасқа,

Санжарга, Айманға

арнаймын

автор

Ж.Ж.ЖАТҚАНБАЕВ

Биология ғылымдарының докторы, профессор



ВАЛЕОЛОГИЯ

(Оқулық)

АлМУ-дегі жылдар

Годы в АГУ

АЛМАТЫ 2002

ББК 53.59+28я73

Ж 34

Жауапты редактор - биология ғылымдарының докторы

Ж.М.Карантаева-Жатканбаева

Пікір жазғандар - биология ғылымдарының кандидаты,

профессор К.С.Сағатов



биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Н.А.Бекенова

МАЗМҰНЫ

1. Хош келдіңіз валеология мектепке.

2. Валеология мен жалпы танысу .

I. ВАЛЕОЛОГИЯ ІІӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1. Валеология пәні.

1.2. Валеология - денсаулык туралы ғылым.

1.3. Валеология.- интегралды ғылым.
1.4. Денсаулық түрлері.

1.5. Валеология — салауатты өмірсүру салты.
1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бұзатын факторлар.

1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және

сыртқы факторлар.
1.8. П.К.. Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы" табиғи сауықтыру жүйесі ,

1.8.1. Педагог - Ертіс Ахметов.
1.8.2. П.К. Иваиовтың "Қарғаш" ілімі.

1.9. Валеология және педагогика.

1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі.

1.11. Адам және валеология.
ІІ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

2.1. Физикалық белсенділік.
2.2. Дене жаттығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер.

2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері.
2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері.

2.5. Валеологиялық жатгығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері.
2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар.

2.7. Гиподинамия.
2.8. Валеология ғылымынжақтаушылар Поль Брэгг.

2.9. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы) .

2.10. Н.М. Амосов және оның сауықтыру жүйесі.
Ш. ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ДЕНСАУЛЫҚ ТІРЕГІ

3.1. Денешынықтыру.

3.2. Терморегуляция.
3.3. Денешынықтырудың физиологиялық-және биохимиялық кезеңдері.

3.4.Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары.

3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру.

3.6. Таза ауа - тіршілік тірегі.
3.7. Денені суық сумен шынықтыру.

3.8. Су — тіршілік тірегі.
3.9. Шу — экологиялық фактор.

3.10. Ғұмыр бойы үйрен (Век живи — век учись).
3.11. Валеологияға белгілі адамдар және олардың іс-әрекеті.

3.12. Дене тәрбиесі.
IV. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТАҒАМ

4.1. Ас қорыту жүйесі.
4.2. Зат алмасу.

4.3. Тағамдағы қоректік заттар.
4.4. Ағза массасын қалыпы түрде сақтау (Х.Қ.Сәтбаева және т.б. 1999) үсыныстары.

4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс.

4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулық үшін маңызы.

4.7. Витаминдер.
4.8. Ағза тазалығы және денсаулық.

4.9. Тамақты шикілей жеу — денсаулық кепілі.
V. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

5.1. Денсаулық психологиясы.
5.2. Денсаулық және эмоция.

5.3. Денсаулық және ерік.
5.4. Стресті болдырмаудың жолдары.

5.5. Психогигиена және денсаулық.

5.5.1. Жас ерекшелік психогигиенасы.
5.5.2. Еңбек және оқу психогигиенасы.

5.5.3. Ақыл-ой еңбектерінің психогигиенасы.

5.5.4. Үй-жай психогигиенасы.

5.5.5. Жан-ұя және жыныс психогигиенасы.

5.5.6. Ұжымдағы тіршілік - өмір психогигиенасы

.

VI. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ БАС ТАЗАЛЫҒЫ (ГИГИЕНАСЫ)



6.1. Гигиена ғылымы туралы жалпы түсінік.

6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары.
6.3. Тәуліктік жүйе режимі.

6.4. Дене тазалығы .

6.4.1. Тері күтімі.
6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі.

6.4.3. Аяқ, қол саусақтары тырнақтары және олардың күтімі .

6.4.4. Аяқ күтімі (аяғым менің - алтыным).
6.4.5. Қол күтімі.

6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы .

6.4.7. Киім-кешек жәнс аяқ киім тазалығы (гигиенасы).
VII. ӨНЕГЕЛІ ЖЫНЫС ТӘРБИЕСІ

7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?.;

7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің мақсаттары.
7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема.

7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі.

7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі қағидалары.
7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері.

7.7. Жыныстық қатынасынан жұғатын аурулар .
VIII. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЛАЛДЫ ДАҒДЫЛАР

8.1. Есірткі заттар және денсаулық.

8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері .

8.4. Алкоголь және денсаулық.

8.5. Денсаулық және темекі шегу.
8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика.

8.7. Сауықтырудың көн таралған түрлері.
IX. ЖАСТАРҒА ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ҚАЗАҚСТАН БИОСФЕРАСЫНЫҢ РӨЛІ

9.1. Қазақстан биосферасы .
9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр).

9.3. Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері.

9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферасына тигізетін әсері.

9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?

9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?

9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына

әсері қандай?

9.8. Радиациядан қорғанудың жолдары.
9.9. Өнер алды - қызыл тіл.

9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы .

9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер) .

9.12. Теңестірілген тағам теориясы.
9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі.

9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Автор туралы мәлімет.

 

Ж 34 ЖАТҚАНБАЕВ Ж.



Валеология. - Алматы, 2002. - 237 бет.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің шешімі бойынша эксперименталды окулык ретінде баспаға ұсынған (26.03.2002 ж. Протокол №6)

Валеология пәнінің оқулығын автор өзіміздің ана тілімізде алғаш рет жазып, жарыққа шығарып отыр. Кем-кетігі болуы мүмкін,бұл еңбектің сапасын жақсартуға арнап ескертулер, қосымшалар жасаймын деушілерге автор алдын-ала өзінің шын көңілден алғысын білдіреді. Валеология - денсаулық туралы интегративті ғылым.

Оқулық орта мектеп оқушылары мен оқытушыларына, Жоғары оқу орындарының студенттеріне және оқытушыларына арналған.

2002-ЖЫЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖЫЛЫ

ХОШ КЕЛДІҢІЗ ВАЛЕОЛОГИЯ МЕКТЕПКЕ!



ҚАЗАҚСТАН - 2030

Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі

және әл-ауқатының артуы

"Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігнен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды қуруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы ушін күш салу керек. Бұл мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас беліктерден турады:



Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын

ынталандыру.

Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауаты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер стетін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаган ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету женіндегі осыған ұқсас шараларды білдіреді.

Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға. дұрыс тамақтануымызға, есірткі-лерді, темекі мен алкоголді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған.

Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты омір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді

3

ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет. Ол мыналарды қамтуға тиіс:



Нашакорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есірткіні әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны қатайту және осыған байланысты бірқатар елдердегідей, оның ішінде Малайзия мен Сингапурдегідей өлім жазасын енгізу керек пе деген мәселені қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі — өте ерекше және тупкс жететін сала, : сондықтан бұл жерде адамгершілік принпиптерінін, қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразынын, бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның "көмегімен" қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.

Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық енгізу, сондай-ақ маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек. Контрабанданың ағыны мен қылмыскерліктің өсуі сияқты кері нәтижеге душар болмас үшін бұл арада барлығын салмақтап, бірнеше қайтара есептеп шығу керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекіні жарнамалауға барлық жерде және түпкілікті тыйым салынуға тиіс. Шылым шегу терең ойластырылып асыра сілтеушілікке ұрынбай, біртіндеп қоғамдық орындардан ығыс-тырылуы қажет. Мұны басқаларға үлгі болу үшін мемлекетгік үйлер мен мекемелерден бастау керек. Жалпы, адамдар нелікген өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын.

Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуыға тиіс. Мемлекет бұл сезімді тәрбиелеуге тиіс. Кеңес өкіметі жылдарында арақ біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдеп енді. Ол ауылдық жерлерде де адам өмірінің ажырамас белігі болып алды. Бүгін көпшілік киыншылыққа тап боп, күйзеліске түскенде ішкіліккс салыну артып отыр.

Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіндіру саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәсіпкерлік — денсаулығы

4

мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады.



Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам елімінін 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткілікті жөне дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.

Сондықтан біздің әрқайсысымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін, қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауыз судың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйксс жұмыс жүргізугс тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.

Мемлекеттік ведомстволардың басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл - маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен он мыңдаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей байланысты".



Ел Президенті Н.Назарбоевтың

Қазақстан халқына жолдауынан үзінді.

Алматы, "Білім ", 1998, 61-66 66.

5

ВАЛЕОЛОГИЯМЕН ЖАЛПЫ ТАНЫСУ



Денсаулық — баға жетпейтін жалгыз

ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не

уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті

барлық дүниені аямай жұмсау керек:

Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде

қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызық-

сыз әлем деп есептеймін

М. Монтень

Сіздер валеологияны оқуға кірістіңіздер. Валеология грек және латын сөзінен алынған. Валео-денсаулық, логос-ғылым. Валеология денсаулық туралығылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Израиль Ицкович Брсхман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. Негізгі маманы фармаколог. 350-дей ғылыми еңбектер жазған. 1987 жылы ол ватеология терминін медицина, биология және педагогика ғылымдарына енгізген.

Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес — адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.

Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты — денсаулық. Денсаулық - зор байлық - дейді қазақ. Ол адам символы.

Дені сау қайыршы адам ауру хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі дұрыс. Дені сау адам өте көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ-түйектерге ол ешқандай көңіл аудармайды.

Көңілді күйімен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді.

Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық Алла Тағаланың (табиғаттың) адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицина ғылымдарының пайда болуына, оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға, ауруларды емдеу әдістерін

6

тауып, оны жетілдірумен шұғылданған және шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруды ең басты мақсаты деп есептейді.



Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек — дейді медиктер мен биологтар. Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау керек дейді. Олар денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден бастап мектепте оқып жүрген балаларда жалғаса беруі тиіс.

Біз денсаудығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Көпшілік оқушылар аурулардың қалай болатынын біле бермейді.

Денсаулықты қалай сақтау керек? үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс. Оған көп білімнің қажеті жоқ. Тек өмір тәжірибесі жеткілікті. Міне, осы айтылған қағидаларды жан-жақты түрде дамытып, іске асыру валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология пән ретінде оқушыларға ұсынылып отыр.

Кейінгі кезде мектеп валеологиясы туралы бірнеше еңбектер баспадан жарыққа шықты. Олардың ішінде (Брехман И.И., 1987; 1989; 1990; Колбанов В.В., Зайцев Г.К. 1992; Татарникова Л.Г. авторлық бірлестікте, 1994; Зайцев Г.К. 1995; Соломин В.П. авторлық бірлестікте, 1995; Жатқанбаев Ж.Ж., 2000; Жатқанбаев Ж.Ж., Бекенова Н.А., 2001). Қазақстан Ресггубликасының барлық мсктептеріне Валеология міндетті пән ретінде кіргізілді (2000). Мектептердегі Валеология поні оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар философиялық және гуманитарлық білімдердің негізгі құрамы болып есептеледі.

Валеология — денсаулық және салауатты

өмір сүру салты туралы ғылым!

7

1 ВАЛЕОЛОГИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ



МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1. Валеология пәні

Валеология - екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі "Vаlе" ("Сау болу", "аман болу" қазақша деніңіз сау болсын деген мағына береді. А.С.Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан "Vаlе" деген сөзді қосып отырған. "Деніңіз сау болсын" деген сөз. Грекше "Lоgos"- "ілім", "ғылым" деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.

Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы - медицина ғылымдарының докторы, профессор-фармакогаосист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.

Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым-медиктерінің жазған еңбектерінде келтіріледі. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады.

Баршаға белгілі — адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу проблемаларымен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айланыспайды.

Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылым-дары шұғылданады. Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.

"... Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның Ж.Ж.) негізгі принципі — "денсаулық" деп аталатын сыртқы және ішкі бірдік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ..." Иә, медицияа ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. Кейінгі кезде осіресе XX ғасырда.

Әр түрлі себептер өсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандан-дырылған анықтама бере бастады.

Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі.

Сондықтан да осы уақытга медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады. Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан өзінің тиісті орынын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. "Медицина" — көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп аурулардың

8

алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған. Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз "денсаулық" деген ешқандай сөз келтірілмеген.



Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиологиялық үрдісгермен байланысты болатыны анықталып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҮ), (Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулығы туралы анықтамары бұдан да толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуы мен дамуы.

И. И. Брехманның (1987) анықтамаоы бойынша, дснсаулық адамның ерекшелігіне сәйксс өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен біргс сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.

1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.

Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам болуым үшін қандай болуым керек - ақылды, әдемі және денсаулығым күшті болуы керек.

Иммануил Кант

Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қымбат қазына екеніне түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты есепсіз қалай болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не болатынын ескермеймізде. Денсаулықтың не екенін, оның қадірін тек ауырғанда ғана білеміз.

М. Леттенкофер

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің,

Жастық шақтың қадірін, қартайғанда білесің... - дейді қазақ.

9

Осы тарауды оқығанда мына төмендегі білімдерді білесіз.



1. "Валеология" қандай ғылым екенін;

2. Валеологиялық білімнің негізгі қайнар көзі туралы;

3. Қандай адамды валеологиялық бағытталған тұлға деп білу туралы;

4. Белгілі валеологтар туралы және олардың еңбектері жайында.



1.3. Валеология — иитегралды ғылым

Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол меди-цина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнау-лы функциялары бар.

И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: "Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек. Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы эколо-гиямен, биологиямен, мсдицинамен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдармсн тығыз байланыста болады. Жаңа интегральды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамып отырады.

Валеология — И. И. Брехманның айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керек. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулар-дың алдын-алу. Денсаулық ең принципті проблема. Валеологияның пайда болуы, дамуы жәнс қазіргі кездегі жағдайы адамзат баласының медениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Қазіргі кезде валеология ғылымына үлкен сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді. Неге десеңіз? Валеология қазіргі заманның ғылымы. Денсаулық сақтау ғылымы.

Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығымен бірге осіп, біте қайнасып келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын артгыруына көмектеседі.

Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың дснсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келді. Кейін ол ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да медиктер айтар-лықтай үлес қосып келеді. "Мсдицина ғылымы кейбір ғалымдардың

10

пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты' етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина — ауру туралы ғылым (И. И. Брехман).



Медицинаның біржақты дамуы деп жазды И. Давыдовский және отандық ғалымдар жэне шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар екенін медиктер байқады. Ағзаның қорғаныс қасисті ете күшті болатынын медиктер бідці. Міне осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы пайда болып, ол дами түсті. Саналогия дегеніміз — жалпы ілім — ағзаның ауруларға қарсы түру күші. Оның негізін санагенез құрайды. Санагенез — ағзалардьщ айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, бейімделулік мсханизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С. М. Павленко мен С. Ф. Олейник еді. Одардың айтуларына қарағанда, санагенездің көптегең механизмі арнаулы түрде жүргізілген жаттығулардың нәтижесінде қарқыңды түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын олар жазды.

Кейінгі кезде ағзалардың неше түрлі дерттерге қарсы тұратыны туа пайда болатын иммунитеттен болатыны байқалды.

И.И.Брехманның айтуына қарағанда, саналогия — ағзалардың дерттерден айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылымы деп есептеуге болмайды.

Сондықтан да валеология медицина ғылымының негізінде пайда болған бірақ валеология жеке дара ғылым екені кейінгі кезде дәлелдене түсті. Валеологиялық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін биология, экология, медицина, педагогика, физиология және тағы басқа ғылымдар интегративті түрде болуы керек.

Валеология ғылымыныд өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндсттері бар. Олар:

1) адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;

2) актуалдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;

3) денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.

Осы және басқадай моселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауатты өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зертгеп, шешуғе болады. Сондай-ақ, адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығымен адамдардың иерархиялық қажеттілігін анықтап барып, барлық проблемаларды ойдағыдай шешуге болады.

Валеология — биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақта-

11

луының негізі неге байланысты екені өлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның анықталуы тиіс. Неше түрлі ғылыми. зерттеулер жүргізілуі керек.



Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен-бірінің байланыстылығында. Оны аныктау қажет. Ғылымның бірімен-бірінің байланыстылығы адам денсаулығын күшсйтеді. Экология - айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа тигізетін өсерін анықтайды. Ал физиология - ағзада өтетін физиологиялық үрдстерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамның ішкі жағдайын зерттеп, сипаттама береді.

Ағзаның этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Медиктер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме ретіңде саналады. Жас жеткіншекгерді аурудан сақтандыру тек медиктердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтарда қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.



Адамдар адекватты тіршілік етуге әрқашанда дайын болуы керек. 1-суретте валеологиялық бағытталуын, тұлға қалай түсінетіннің схемасы (1-сурет) көрсетілген.

1-сурет. Валеологиялық бағытталған тұлға салауатты өмір сүруді осылай түсіне ме?



12

Валеология тұлға денсаулығына ерекше мән береді. Тұлға валеологияны қалай түсінеді. Тұлғаның валеология ғылымының дамуына үлес қосатын жолдары мен төсілдерін көрсетеді. Бұл схеманы дұрыс түсіну керек. Сонымен бірге, Қазақстан Респуб-ликасында валеологиялық мектептердің ғылыми принциптері берілгсн (1-таблица).



1-таблица. Қазақстан Республикасындағы валеологаялық




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет