І-амал. Қимыл белсенділігін үнемі жақсартып, арттырып отыру керек. Майлы тамақ ішпеу керек. Арақ-шараптың иісін де искеудің қажеті жоқ. Үнемі жаяу жүріп, лифтермен қабаттарға көтерілмеу керек.
ІІ-амал. Экологиялық таза деген суды ғана ішу керек. Бұлақ, артезиан, мұздың, мәңгілік қар суын ішу керек. Қантты, тұзды тамақтарды ішуді тию керек. Тамақты әбден шайнап жеу керек. Тамақты өзің ішуге дағдылану қажет. Көп тамақтан, көп керексіз өнім шығады. Оның құрамында органикалық токсиндер (улар) қисапсыз көп болады. Адам өзі туралы ор қашанда жақсы ойда болу керек. Өзіндегі бар жақсы биологиялық қасиеттерді үнемі санап шығып отыру керек.
Соңғы жылдары ағза массасының қалыпты болуына медиктер мен валеологтар көп көңіл бөлуде. Неге десеңіз, ағза массасының мөлшерден тыс артуы жақсылықтың көрсеткіші емес.
4.4. Ағза массасын қалыпты түрде сақтау
(Х.Қ.Сәтбаева және т.б. 1999) ұсыныстары
1. Мал майын тежеу немесе жемеу. Ол үшін күнделікті тағам мөлшерінде (рационында) мал майын, майлы ет, әсіресе семіз қой етін, майлы консервілерді жемеу керек. Аптасына 3-4 рет құс етін жеген дұрыс деп медиктер есептейді-
2. Крахмалы бар тағамдарды көп пайдалану. Көкөністерді көп мөлшерде жеген дұрыс. Қара нан, арпа нан, күріш, жүгері
89
қартоптардан жасалған тағамдарды ішу керек. Тамақтың ас тұзы аз мөлшерде болғаны ағзаға дұрыс.
3. Қантты аз мөлшерде пайдалану керек. Кәмпит, тәтті тоқаштарды, пирожное, торт, печенье және т.б. тәтті тамақ-тармен әуестенбеу керек.
4. Белсенді қимыл жасап, көп жүру керек. Диванда жатып алу адамды ешқашанда жақсылыққа апармайды. Көбіне жаяу жүрген дұрыс, өмірді ұзартады. Жүріс — өмір. Жүгірудің қажеті жоқ. Ауа өте қатты радиоактивті элсменттермен және басқадай ұлы қосылыстармен ластанып кеткен. Ағзаға онша пайда әкеледі деп айта алмаймыз. Спорт ойындарын ойнауға болады. Шаңғы тебуге болады. Тауда жүрген жақсы, Велисопед тебуге болады.
Ағза массасын өлшеп отырған жөн. Кейінгі кезде ағза массасын анықтауға Брок индексін пайдаланып келеді. Оның маңызы мынада (8-таблица).
Қалыпты масса (кг) — бой үзындығы.
8-таблица.
Дені сау балалардың бойының өсуі мен дене массасының
орта мөлшерімен алғандағы көрсеткіш
|
Дененің массасы, кг
|
Бойы, см
|
|
Ер балалар
|
Қыз балалар
|
|
|
1
|
10-11,5
|
9,1-10,8
|
73-79
|
72-77
|
2
|
12,4-13,7
|
11,7-14,1
|
85-92
|
82-90
|
3
|
13,7-16,1
|
13,1-16,7
|
92-99
|
91-99
|
4
|
15,5-18,9
|
14,4-17,9
|
98-107
|
95-106
|
5
|
17,4-221
|
16,5-20,4
|
105-116
|
104-114
|
6
|
19,7-24,1
|
19,0-23,5
|
111-121
|
111-120
|
7
|
21,6-27,9
|
21,5-27,5
|
118-129
|
118-129
|
8
|
24,1-31,3
|
24,2-30,8
|
125-135
|
124-134
|
9
|
26,1-34,9
|
26,6-35,6
|
128-141
|
128-140
|
10
|
30,0-38,4
|
30,2-38,7
|
135-147
|
134-147
|
11
|
32,1-40,9
|
31,7-42,5
|
138-149
|
138-152
|
12
|
36,7-49,1
|
38,4-50,0
|
143-158
|
146-160
|
13
|
39,3-53,0
|
43,3-54,4
|
149-165
|
151-163
|
14
|
45,4-56,8
|
46,5-55,5
|
155-170
|
154-167
|
15
|
50,4-62,7
|
50,3-58,5
|
159-175
|
156-167
|
- ұзындығы (Б — см) — 100, яғни (Б — 100 масса).
- бойы 165 см-ге дейін, Б — бойы масса (кг).
90
4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
Дерттердің көпшілігі қант диабеті, қан қысымы жоғарлауы, жүрек аурулары, тіс ауруы, қатерлі ісік, ми соқпасы (инсульт және толып кету) (семіру) дұрыс және жүйелі түрде тамақтандырудан пайда болады. Теңестірілмеген тағамдарды ішуден неше түрлі ауруларды өзіне таратып алуың мүмкін.
1. Тиімді тамақтану ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әсеріне қарсы тұрарылқ қасиетін дамытатын маңызды тәсілдердің бірі.
2. Теңестірілген тағамдардың ролі.
3. Тағам мөлшерінде (рационында, қалаулы өнімдерде қант,
ас түзы және "майлар өте аз болуы керек. 4 мектепте болсын, жоғары оқу орындарында оқыған кезде жақсы оқуға дем
беретін тағамдар ішу керек.
4. Ішетін тамақ жас ерекшелігіне, профессияға, істейтін жү-мыстың категорияларына қарай сөйкестелінуі тиіс. Сонда ғана денсаулық зор байлыққа айналады.
4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
Тағамның химиялық қүрамының өр түрлілігі адам денсаулы-ғының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті био-лоиялық белсенді заттармен (витаминдермен) А, С, Д, Е, В1, В2,
В6, В12, В15, В5, В3 (РР - никотин, қышқылы), инохин,холин,
парааминобензой қышқыл (туберкулезді емдейді) қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер-кальций (Са), фосфор (Р), темір (Ғе), кобальт (СО), қалайы (Zп), мыс (Си), мышьяк (Аs), Ванадий (В), йод (1), кремнезем (Sі), өте үлкен физиологиялық-биохимиялық роль атқарады.
Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге вита-
миндердің аз мөлшерде келуіне, немесе олардың жетіспеуіне байла-нысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу етеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Витаминдер ағзаның ? ішкі физиологиялық-биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.
Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод (і) жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы) аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті Базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді,
91
және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл-ой нашарлайды.
Сондықтан да тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде:
Натрий — оны адам ас тұзынан қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да тұз аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты (диетаны) дәрігерлердің ұйғаруы бойынша пайдаланған дұрыс. Жалпы алғанда тұссыз тамақ ішу пайдасыз. Натрий ағзадағы Осмос қысымын реттеп тұрады.
Калий. Нерв жүйелерінің қальшты жұмыс істеуіне қажетті минералды элемент. Ол негізінен ағзаға жеген картофель арқылы келеді. Сондай-ақ калий фруктылар мен көк өністердің (овощтар) химиялық тамақ ретінде пайдаланғанда ағзаға қажетті калий келіп түсіп отырады. Сондықтан да әр түрлі тамақтар ішкен жөн.
Кальций. Сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальцииді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да оларға қүрамына калтьцииі кеп тамақтар беріп отыру керек. Немесе кальций препаратын беру қажет. Кальций сүтте, суттен жасалған тағамдарда өте көп болады.
Фосфор. Сүйек пен тіс құраудың негізгі құрылыс материалы ретінде саналады. Фосфор сүтте, сүттен жасалған тағамдарда көп болады. Сондай-ақ бұршақ, соя, фосольдарда көп кездеседі. Көптеген овощтарда фосфор өте көп болады.
Темір. Адам ағзасына ол қан түзеу үрдісіне қатысады. Қанның қызыл түйіршігі — эритроциттер темірсіз түзілмейді. Ағзаға темір жетіспесе ағзада бірнеше қатерлі аурулар пайда болады. Адамның қаны азаяды (малокровие) дамытады. Сондықтан да құрамында темірі көп тамақтар ішу қажет. Темір сиыр, жылқы, қой, шошқа еттерінде көп болады. Алма, алмұрт, шие және тағы басқа көк-өністер мен фруктыларда көп. Осыларды үнемі үздіксіз жеу керек. Ауру дамымайды, адам тез серігіп жазылып кетеді. Малокро-виемен қыз балалар көп ауырады.
Йод. ()). Ең қажет ететін орган щитовид безі йод жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді, адамның зәресін ұшырататын жағдайға алып келеді. Құдай сақтасын деп сыйынып жүрген дұрыс. Бұл ауру түрі дер кезінде емдетсе адам ағзасына онша қатерлі емес. Адам тез арада айығып кетеді. Химиялық құрамында йод
92
бар азық-түлікгі пайдалану керк. Йод теңіз капустасының құрмада көп болады. Алматыда ол көп сатылады. Онша қымбат емес. Теңіз капустасында (ламинария) деп аталатын балдыр өсімдігінде иод көп болады. Ол да Алматы да сатылады. Сатып алып пайдалануға болады. Теңіз балықтарында йод көп кездеседі. Әдетте астұзына қосып береді. Арал-тұзын сатып алған адам байқайды (солъ йодированная) деген жазу болады. Мұндай тұзды көпшілік халық қолданады. Нәтижесі жаман емес сияқты. Уланған адамдар кездеспейді. Зоб пен ауыратын адамдардың саны күрт азаяды.
Фтор. Тістің эмалын түзеуге және сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін. Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жақсы деп айту қиын. Тіс жолақ -жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын қатты тарттырады. Фтор жетіспегендіктен тістерді кариес қаптап кетеді. Ал суларында фторы көп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерін де кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардьщ тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фтор аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттарды беріп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылдры деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз.
4.7. Витаминдер — денсаулық тірегі
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес.
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа - өмір, тіршілік; vitman - тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін
Профессор К.С.Сағатовтыц еңбегінен алынды. "Витаминдер", Алматы, 1990.
93
арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақ-тану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алицикдды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары. Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғары-латады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрлішс болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.
Суда еритін витаминдер
Гиамин (В] витамині, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген
94
ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.
Азия және оңтүстік Америка материктерінде тұратын халық-тардың арасында "бери-бери" ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын еддерде жиі тараған. Европа елдерінде "бери-бери" ауруы, керісінше өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890—1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда "бери-бери" ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумсн ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында "бери-бери" ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В) витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақат-тануының мәні — бұл витамин фосфор қышқылымсн қосылып тиамин-пирофосфат деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині) тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды — тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді.
В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған "бери-бери" ауруының негізгі себебі де осында.
95
"Бери-бери" ауруымен аурғанда адамның жүру қабілеті на-шарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әсліреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2—3 миллиграмм тиаминді керек етеді.
В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы мөлшері
/100 г тагамда, мг/
Тағам түрлері
|
В1 витамині
|
Сыра ашытқысы
|
5,0
|
Нан ашытқысы
|
2,0
|
Бұршак
|
0,7
|
Сұлы жармасы
|
0,6
|
Қарақұмық жармасы
|
0,5
|
Сиыр еті
|
1,1
|
Рибофлавин
/В2 витамині, лактофлавин/
Тамақта рибовлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы терінің кілегей қабықшасының бұзылуына, кездің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күңгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.
В2 витамині тотығу және қайтадан қалпына келтіру реак-цияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасуындағы маңызы да өте зор.
В2 витамині әсіресе клетканың яғни организмнің өсіп-өніуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілстін де төмендетсді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар.
96
Әсіресе, бүл витамин А витаминімен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі айыруына қажет.
С витамині жеткіліксіз болғандағыдай, рибофлавин гапо-витаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі - ұқсас қан тамырларынын әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің жетіспеушілігі бірте-бірте бауыр мен асқазан қызметіне де зақьш келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Жалпы В2 витамині жеткіліксіз болғанда, адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні жарылып, шаншып ауырады. Көзден жас ағып, жарыққа қарай алмайды, көздің көруі де нашарлайды. Кездесетін белгісінің бірі — аузы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып, қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында "ауыздық" деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршықтанып кетеді. Организмдегі флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2 витамині жетіспегенде ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады.
Рибофлавин картопта, капустада, қара нанда, ашытқыда, помидорда, сәбізде, жұмыртқада, бауырда, сүтте және сүттен жа-салған тағамдарда көп кездеседі. В2 витамині дәрі ретінде де қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.
-таблица__В_2__витаминінің_кейбір_тағамдардың_құрамындағы_мөлшері'>10-таблица
В2 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
/100 г тағамда, мг/
Тағамдар
|
В2 витамині
|
Ақ ірімшік
|
0,5
|
Капуста
|
0,05
|
Картоп
|
0,05
|
Ашытқы
|
4,0
|
Жұмыртқа
|
0,8
|
Қара нан
|
0.2-0,3
|
Сүт
|
0,2
|
Ақ нан
|
0.05-0,07
|
Ет, балық
|
0.1-0.3
|
97
Никотин қышқылы
/Вз витамині немесе РР никотинамид, пеллаграға қарсы/
РР витаминінің аты "Ре11аgга ргеvеЫig /пеллагра ауруына қарсы/ — деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі (дерматит), ауыз қуысының кілегейлі қабаты (стоматит), ал тіл (глоссит) сияқты дертпен ауырады. Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуде, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне және т.б. толып жатқан функцияларға әсерін тигізеді. Пеллара ауруы, әсіресе-қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған. Оның себебі жүгері белок-тарында триптофан амин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам организмінде никотинамид немесе РР витамині аз түзіледі. РР витаминінің негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақта, түрлі жармаларда көп кездессді.
11 -таблица
В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
/100 г. тағамда, мг/
1926 жылы Гольдбергер қоддан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда, олардың дерматит ауруына шал-
98
дыққанын байқаған. Бұған қарсы Вь В2 витаминдерімен әсер ет-кенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витамин-нің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетгі екені дәлелденеді. 1937-1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны В6 витамині деп аталады. Сөйтіп тағамдарда пиридоксин жетіспегенде, полиневрит, анемия және тері ауруы-дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пиридоксинмен әсер етіп жылдам айықтыруға болады.
В6 витамині организмге өте қажетті-ақ Өйткені ол зат алмасудың, қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, нерв жүйелерінің қызметін реттеп,. бала көтеру мен босанудың бірқалыпты өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
: /2 — метил -3 окси — 4,5 — диоксиметР-пиридин/
В6 витаминін судағы ерітіндіден фосфорлы-вольфрамды қышқылмен тұнбаға түсіруге болады. Бұл витаминнің ерітіндісіне қышқыл және сілті қосып қайнатқанда да тұрақты келеді, бұзылмайды. Тотықтырғыштар /сутегінің асқын тотығы мен перманганат/ әсерінен пиридоксин үйдің температурасында бұзыла бастайды қышқылдармен В6 виталині түз түзеді. Пиридоксиннің үш түрі белгілі. Олар: пиридоскол, пиридоксаль мен пиридоксамин, бұлар бір-біріне ауысы алалы және биологиялық активті келеді.
В6 витаминнін табиғи заттардан бөліп алу өте қиын, сондықтан ол химиялық-фармацевтикалық заводтарда синтезделіп алынады. Бұл витаминді төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер биосинтездей алады. Жарықта өскен өсімдіктерде, қараңғыда өсірілген өсімдіктермен салыстрғанда В6 витаминінің биосинтезі жақсы жүреді. Сондай-ақ бұл витаминді ашытқы клеткалары да синтездейді.
Пиридоксиннің туындылары — фосфопиридоксаль мен фос-фопиридоскаль мен фосфопиридоксамин амин қышқылдарының алмасуларына қатысатын /аминотрансферазалар, амин қыш-қылдарының декарбоксилазасы, кинурешнаминотран-сферазалар, фосфорилазалар және т.б./. бірқатар ферменттердің коферменттері болады. Пиридоксиннің жеткілксіздігінен көптеген амин қышқылдарының айналасы бұзылады. Мысалы: триптофан, метионин, цистин, глютамин қышқылдары және т.б.
99
Организмде белокты, майлы және углеводты айналыстардың қызметі бұзылғанда, оны В6 витаминін беру арқылы жақсартады. Ересек адамдарға В6 витамині орта есеппен күніне 2 мг шамасында керек болады.
Кобаламин /В,2 витамині, антианемиялық/
XIX ғ. ортасында асқазанның сілемей қабаттарының дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі туралы анықталып, бұл ауруды пернициозды анемия деп атады. Мұны жұқпалы аурулар қатарына жатқызып көп уақытқа дейін емдеу тәсіл табылмады. 1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы адамдарға шикі бауырды бергенде, оның қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі байқалды. 1948 жылы бауырдан структурасы жағынан қан геминіне ұқсас, құрамында кобальт бар, жаңа витамин кристалдық түрде бөлініп алынады. Бұл құрамы жағынан өте күрделі қосылыс В12 витамині немесе цианкобаламин болатын. Ол дені сау адамның асқазан сөлінде кездесетін, құрамында 11—12 % гексамині бар, мукопротеин — белогі екен.
Пангам қышқылы /В15 витамині/
1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның бауырынан В15 витаминін бөліп алды. Бір жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан және өріктің сүйегінің құрамынан анықтады. Біраз жылдан соң панғам қышқылы сыра ашытқысынынан, көптеген өсімдіктер тұқымдары мен жануарлар ткандері құрамынан да табылады. Бұл витамин түрі табиғатта кеңінен таратылғандықтан, оны пангам қышқылы деп атады /ол гректің рапtоthеп — барлық жерде кездеседі деген сөзінен алынған/.
Аскорбин қышқылы /С витамині, цингага қарсы/
1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз аурудың әсерінен адамның тістерінің еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетінін, тері экземасы пайда болатынын, организмнің жұмысқа деген қабілеті кеміп, тез шаршай-
100
тынын кезінде жазып сипаттаған еді. Бұл аурумен, әсіресе теңізшілер, жауынгерлер, жиһанкездер ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен. Мысалы, Португалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманың Индияға бірінші саяхатында 100 адамнан, ал бір жылдай кейінгі екінші саяхатында 160 теңізшісінің 150-нен айырылуының себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан екен.
XVI ғасырдың басында атақты Христофор Колум Жаңа жерге
бара жатқан сапарында белгісіз аурумен ауырып, хал үстінде жатқан бірнеше теңізшісін кездескен бір аралда қалдырып кетеді. Бірнеше айдан кейін қайтып оралып келе жатқанда жаңағы "адам болмас" деп, күдер үзіп қалдырып кеткен жолдастарының дендері сау, күліп-ойнап алдарынан шыққанда таңғалып, тамашаласқан екен. Сұрай келе олардың жаңағы аралда жеуге жарайтын түрлі жас өсімдіктер мен олардың жеміс-жидектерін жеп айыққандары мәлім болды.
Адам тарихындағы ең бірінші дүние жүзілік саяхат кешкен Магеланның үш кеме толы теңізшілерінен Отаны Испанияға оралғанда небары бірнеше ғана адам тірі қайтқаны белгілі. Соның көпшілігі жолшыбай осы құрқұлақ ауруынан қаза тапқан. Россия ғылым академиясының атақты Сібір экспедициясын басқарған Витус Берингте осы құрқұлақтан қазатапты.
Бұдан бізге XX ғасырдың басына дейін бүкіл дүние жүзінде қүрқүлақ /цинга/ ауыруының етек алып келгені белгілі болып отыр. Кейіннен бұл аурудың себебі организмде С витаминінің жеткіліксіздігінен екені анықталды.
1907 жылы Хольст пен Фрейлих шошқаларын құрамында жас жаңа шыққан овощтары жоқ — диетикалық тағамдармен қо-ректендіру арқылы жоғарыда аталған ауыруды туғызып байқады.
1921 жылы Н.Бессонов капустаның шырынынан тотығу-тотықсыздандыру қасиетіне ие және цингадан қорғайтын препарат алды.
1927—1928 жылдары венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын және химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігін анықтады. Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып, оны аскорбин қышқылы /С витамині/ деп атады.
101
Достарыңызбен бөлісу: |