Сапа менеджмент жүйесі 9001: 2016


Қазіргі кезде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер



бет9/12
Дата21.05.2022
өлшемі251,41 Kb.
#144247
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Аубакир А

Қазіргі кезде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы деген екен ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы.
Әр түрлі дидактикалық ойындар тілді үйретуде мәселенің түйінін есте сақтауға көмектеседі. Дидактикалық ойындарда оқытуға тиісті мәселенің өзегі, түйіні болып келеді. Сөзбен толық түсіндірілген мәселенің дидактикалық ойындардағы түйіні әрі есті, әрі көру сезімдерінің қатысуына байланысты есте нақтырақ сақталады. Ол кейін басқа бөлімдерін еске түсіруге көмектеседі. Дидактикалық ойындар нақтылықтан ой қорытындысын жасауға, дұрыс қалыптастыруға көмектеседі. Тілдік жаттығулар тілдік материалды танытуға, меңгертуге, өз ойын жеткізе білуге, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйретеді. Мәтін мазмұнын түсіну дағдысын мәтінді оқытып, оның мазмұнын әңгімелету, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, сұрақ қоя білуге үйрету, мәтінді мағыналық бөлімдерге бөлу сияқты түрлі жұмыс түрлері арқылы дамытуға болады. осыдан келіп оқушылар өз ойын айта алатын қабілетке ие болады. Сөзді қабылдау және ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты, сөзді дұрыс қабылдай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – оның мәнерлігі. Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор.Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді,анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады) жаттығу жұмыстары жүргізілмесе,ол ұзаққа бармайды,ұмытылып қалады.Грамматикалық жаттығулар,оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай,фонетикалық,морфологиялық,синтаксистік және лнексикалық болып бөлінеді.Фонетикалық жаттығулардың міндеті-балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс,анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың,жоғарыда көрсетілгендей,тілін тістеп сөйлеу,сақауланып сөйлеу,қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе «с» мен «ш»,«р» мен «л»,«ж» мен «з» сияқты дыбыстарды шатастырып,айту кемшіліктері жойылады.Мұндай кемшіліктер оқуға да,зиян келтіретіні сөзсіз.Бастауыш сыныптарда фогнетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу,емле үшін ғана пайдаланып қоймайды,сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де пайдаланылады.Оқу сабақтарында бааллалардың қателері,теріс айтылған сөздер түзетіліп,сөз ішіндегі,сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады.Морфологиялық жаттығулардың мақсаты-ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту.Мазмұны жағынан морфологиялық жаттғулар екі түрге бөлінеді.1) Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар.Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын,мағыналы бөлшектерін,морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор.Сөздің морфологиялық құрамын талдау,көбінесе сол сөздің мағынасын дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді.сөздің мағыналы әрбір элементі-түбір,жұрнақ,жалғау-бұлардың әрқайсысы оөінше сөзге мән береді,ал осы мәндердің жинағы бірігіп,сөздің жалпы мағынасын тудырады.Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар.Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынындай талаптар қойылы.1) Алдымен,мүмкіндігіне қарай,негізгі түбірлерді,онан әрі туынды түбірлерді,ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады,2)белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін,сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі.3)туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады. Жаттығу түрлерін қолдана отырып, қосымшаларды дыбыс үндестігіне сай сөзге дұрыс жалғау дағдысын қалыптастыру мақсатында тілдік жаттығулар жүргізіледі. Тілдік жаттығулар дыбыс үндестік тақырыбы бойынша алған білімдерін бекітуге, оны дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға арналады. Жаттығу жұмыстары жеңілден басталып, күрделене түседі. Жаттығулар сөзбен қосымшалардың байланысуын, оны ауызша, жазбаша тілде қолдана білу дағдысын қалыптастырады. Дыбыс үндестігі танылатын сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыратын жұмыстардың маңызы зор, олар оқушылардың дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастырады. Дұрыс сөйлеу жаттығулары дыбыс үндестік заңдылығын сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысын ауызша, жазбаша орындату арқылы қалыптастырады. Жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін өздері өздігінен сөйлем құрастырып, оларды дұрыс байланыстырып, шағын әңгіме, мәтін, пікірлесулер құрастыру қажет. Мұнда белгілі бір тақырып төңірегінде сөйлемдер құрастыруға байланысты сөйлеу дағдылар қалыптасып, сонымен бірге лексикалық, грамматикалық материалдарды қолдану аясы кеңейеді. Тілдік жаттығулар тақырып бойынша білімін, түсінігін, сөйлеу дәрежесін, қабілетін, мүмкіндігін көрсетеді. Сондай-ақ ойлау, сөйлеу дағдысы қалыптасып, сауатты жазуға дағдыланады. Лексикалық, грамматикалық материалдарды қолдану аясы кеңейеді.Соңғы кездері көптеген мұғалімдер сабақ өткізуде оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатымен жаңа танымдық қызықты дидактикалық ойындар балаға үйретуде жиі қолдануда. Дидактикалық ойындар балаға үйретуе маңызды рөл атқарады. Себебі оқушы ойында өзін қалай ұстаса, алдағы жұмыста да солай әрекет қылады. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру барысында жаңа технологиялық әдістерді қолданудың берері мол. Әр мұғалім жаңа сабақ жоспарын құрамас бұрын оқушылардың белсенділігін жас ерекшеліктерін толық зерттеп алғаны жөн. Сонда ғана жаңа түсіндірілетін матриал, сабаққа қолданылса барлық көрнекіліктер мен дидактикалық ойындардың берері мол болашақ. Оқу үрдісінің жеңілдету міндетіне байланысты мектепте қазақ тілін үйретуде жаңа әдіс-тәсілдерді де қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан дәстүрлі әдіс-тәсілдерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұлай ету әдістеменің дамуына себебін тигізеді. Әр түрлі сөйлемдерді оқыту, қайталау, мәтіндерді жаттау, бірнеше рет ерте естерін түсірті сияқты тағы да басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып, шаршататыны мәлім. Сондықтан да қазақ тілін оқытып үйретуде ойын түрлерін пайдалану оқушының тілді үйренуге ынтасы арттырады. Ол үшін мұғаліммен бірге оқушы да ойынның шартын жақсы меңгеруге тиіс. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта ғана оқушы қазақ тіліне ықылас қойып, сөйлеп үйренуге қызығады.Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттілікті қажет етеді. Сабақ үрдісін де дағды мен қабілетті қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылық пайда болады Дамыта оқыту белгілі затты танып білу, ал тәрбиелік қызмет оқыту процесі арқылы затты таңдаудағы өзгерістік қатынастар. Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері да танымдық мақсатты көдей отырып, оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық басым келеді. Мұғалім пайдалнатын оқу, білім тәрбиеге негізделген материалдың барлығы сол пән аралық байланыста туындайды. Сабақта ойынды тиімді пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық,, белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштап, ой-өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді. Сабақ барысында адам бойындағы қабілетті шыңдауға әр түрлі дидактикалық және ұлттық ойындар жиі қолданып жүр. Ойын элеметтерін сабақ процесін де орынды қолдану мұғалімдердің шеберлігі мен қиялының ұшқырлығына байланысты. Экологиялық, тілдік әдебиетке қатысты ребустар, қазақ тіліндегі әріптерге құрастырылған анаграмма мен чайнвордттар, фонетика, грамматика, лексикаға байланысты криптограммалар, сөзжұмбақтар жасөспірімдердің білімін шыңдап, ойлау белсенділігі мен қызығушылығын арттыра түспек. Сабақ барысында халқымыздың ұлттық ойн түрлерін пайдалану, ғасырлар бойы тасада қалған тамаша дәстүрімізді жаңғыртып, оны ұрпақ бойына сіңіруге көмектеседі. Оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін концерт – сабақтар, практикум – сабақтары сияқты сабақ түрлері мектептерде өткізіліп жатыр. Дегенмен, сабақта өтілетін негізгі материалдарды жоғалтып алмай, оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін дұрыс меңгерген жөн. Қазақ тілі пәні мұғалімнің іс – тәжірбиесінің молдығы, шығармашылықпен жұмыс істеуі келекшек ұрпағымыздың сауатты, білімді, жан-жақты саналы азамат болып өсуіне ықпал тигізбек.

    1. Грамматикалық жаттығулардың маңызы.

Грамматикалық оқыту шаралары тіл білімі салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірбиелік тұрғыда талдап, саралап меңгертудің ең қажетті құралы. Тәжірбиелік тұрғыдан жетік игерілмеген білім құр жаттандылыққа ұрындырады. Есте ұзақ сақталмайды. Тілдің әр саласынан өтілген материалдарды, ондағы грамматикалық тұлғалардың атқаратын қызметтерін, тыныс белгілердің қолдану ерекшеліктерін талдап, саралап, жинақтап меңгертуде сатылай комплекстік талдау технологиясының бір белгісі болмақ. Тілдік материалдарды сатылай комплекстік талдау меңгерту арқылы оқушылар:

  • Тілдің әр саласы бойынша теориялық материалды ғылыми түрде терең меңгереді;

  • Әр саласы бойынша сатылай комплекстік талдаудың жүйесін басшылыққа ала отырып ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады;

  • Тілдік тұлғалардың атқаратын қызметін, грамматикалық мағыналарын саналы түрде толық ажырата алады;

  • Тілдік талдау жүргізу барысында қажетті білімді еске түсіре отырып пәншілік байланысты жүзеге асырады;

  • Талдау объектісіне қажетті материал жинау үшін көркем шығармалардан мысалдар жинап, оны сұрыптауға дағдыланды;

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, писхологиялық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкінді беру. Грамматикалық талдау ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолдану аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту.Грамматикалық талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдер, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде, жүйелі, комплексті меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Бұл талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесі, оның сөздік құралы мен грамматикалық құрлысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Грамматикалық талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. Ұлттық төл технология – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын тағы басқа пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз еліне , өз жеріне ұлтының биік тұлғалары, сауатты азаматы етіп қалыптастыратын оқыту.

    1. Сөйлеу тілінің қалыптасуы, даму заңдылықтары

Адамзаттың дыбыстық сөйлеу тілін зерттеу адамтанудың күрделі мәселелерімен тығыз байланысты. Дүниеге жаңа келген сәбидің сана – сезімінің қалыптасып өсуіне бірге тілде жетіледі. Сөйлеу тілінің жасалуы да, қабылдануы да адам миының күрделі қызметі арқылы іске асады. Сыртқа шығарылып айтылған сөзбен іске асқан қарым-қатынас ол ми қызметінің нәтижесі. Адам миының қызметі мен әлеуметін зерттеу көптеген ғылымдардың нысанына айналды, дегенмен, оның қыры мен сыры әлі толық зерттеліп болған жоқ. Сөйлеу адамның миы мен тығыз байланысты адамға тән интеллектуалды қызмет екені белгілі. Тума қабілет теориясына сүйенетін болсақ, бала әуел бастан дүниеге келгенде «сематикалық,синтаксистік, лексикалық, фонетикалық т.б. тілдік әмбебап құралдарға ие» болып туылады. Әлеуметтік биологиялық теория бойынша бала тілді меңгеруге деген тума қабілетпен туылады да, өзі өмір сүріп отырған ортадағы тіл туралы материалдарды үлкендер арқылы алады. Тілді меңгеру қарқыны оның өмірлік қажеттіліктерінің артуына қарай өседі. Бала тілінің ең алды мен өзінің ана тілінде қалыптасу да осы себептен маңызды. Ана тілде сол ұлтқа, сол ұлттың технологиясы мен дүниетанымына тән ақпараттың барлығы сақталып, тілді игеруде бала олардың барлығын қайта қалыптастырады, тілмен бірге ұлттың да қасиетімен мінезін өзінің бойына сіңіреді. Адамның есту қабілетінің мидағы ұйымдасуы көптеген ғасырлар бойы сан алуан ғылымның назарында болып келеді. Көптеген ғалымдар мидың «тілдік орталығын» табуға тырысты осының нәтижесінде адамның ойлау және сөйлеу әрекетіне тән белгілерді мидың нақты бөліктерімен байланыста қалыптастыру идеясы қалыптасты. Психикалық қызметтердің нақты ми бөлшектеріне қатысты карта жасалып, ми орталықтарына тән ерекшеліктер қарастырылды. Сөйлеудің қалыптасуына желке – көру қызметіне, маңдай – ойлау, интелектуалдық әрекетке жауап береді. Мидың күрделі бөлшектері 12 жасқа дейін пісіліп жетіледі. Осыған байланысты баланың дамуына қарай ол жүзеге асыратын іс-әрекеттің де рөлі арта түседі. Ми орталықтары қызметінің жетілуіне қарай әрекет түрлерінің қалыптасуы да үш сатыдан өтеді.
1-саты (9-10 жасқа дейін) – жазба тіл мен кинетикалық, эксперссивті сөйлеу тілді меңгереді.
2-саты (9-10 айдан 11 жасқа дейін) – жазба тіл мен кинетикалық тілдің барлық формаларын меңгереді.
3 -саты (6 жастан 11 жасқа дейін) – жазба тілді меңгеру.
Бұл деңгейлерден сәтті өту үшін баланың жүйке жүйесі белгілі бір деңгейде қалыстасқан болуы керек.Сөйлеудің онтогенезді қарастырғанда даму әлеуметтік құбылыс ретінде адамның биологиялық жетілуінен озық болу мүмкіндігін естен шығармаған дұрыс. Әдетте мидың көптеген құрлымдары тек «ерте ересек» жасқа жеткенде ғана толық жетілген болып есептеледі. Алайда адам тілді және оның сан алуан формаларын бұл жасқа жетпей-ақ меңгере береді. Мысалы, ауызша және кинетикалық тілдің «негіздерін» үш жасқа тақағанда меңгерсе, жазба тілді сегіз-он жасында-ақ меңгере алады. Адам өмір сүретін орта оның қажетін қанағаттандыру үшін алдына сан алуан проблемаларды қояды. Адамды осы проблемаларды қалай орындасам екен деген ниет пайда болады. Мұның барлығы ойлау, сөйлеу, және іс-әрекеттің нәтижесінде шешіледі.Сөйлеуді биологиялық–әлеуметтік құбылы ретінде қарастыра отырып оның қалыптасуы, даму заңдылықтарын өмірде болсын, оқытуда болсын басшылыққа алу тұлғаны таңдау, тәрбиелеуде және тәрбиені ұйымдастыруда өте маңызды болып табылады. Сөйлеу адамға ғана тән қасиет.
Оқушылардың тіл мәдениетін дамыта оқытуға жаттығулар көшіріп жазудан бастап оқушылар өздігінен орындайтын шығармаға дейнгі жүргізілетін жұмыстардың барлығы ережені тәжірбиеде пайдалануға көмектеседі, сонымен бірге орфографиялық мақсат көздейді. Таза орфографиялық жұмыстың тиімді де, тиімсіз де жақтары бар. Оның тиімділігі мында: шығармашылық жазу жұмыстарына байланысты орфографиялық жазу жұмыстарына байланысты орфографиялық дағдының қалыптасуына ыңғай жасайды.
Тіл дамыту мақсатымен жүргізілетін жазу жұмысының бір түрлі – берілген сөйлем ішінде сөз қосып, кеңейте көшіріп жазу. Мәселен, омоним сөздер қатыстырылған сөйлемдер құрау немесе берілген бірнеше синоним сөздердің қажеттігін тауып жаздыру. Мұндай жаттығулар синоним сөздердің жұмсалу ерекшелігін үйрету үшін сөзді орынды қолдануға баулу мақсатымен жүргізеледі қатыстыра сөйлем құрату арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту да үлкен орын алады. Негізінде оқушылардың қазақ тілі грамматикасының ережелерін игеру тәжірбиелік іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асады. Грамматикалық құбылыстарға берілген анықтама, тілдік құбылыстарға қатысты ережені түсіну және оны ұғуы оқушылардың жадында орфограммалардың жазылуы сақталып қалу үшін қайталама қабылдау әдістерін қолдану қажет болады. Үлгі бойынша өздігінен жүргізілетін жұмыс. Үлгі бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс нұсқау іспеті берілген үлгі негізін де орындалады;Реконструкциялана жүргізілетін өздігінен жұмыс. Редакциялау, қайта құрастыру бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыста оқушылардың жеке әрекеттері мәтін құрлысының қайта құрылу негізінде жүзеге асырылады.Әр түрлі нұсқаулар бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс. Бұл жұмыс оқушылардан өздеріне таныс емес мәселелерге талдау жасай отырып, қажетті жаңа деректер алуды талап етеді. Шығармашылықпен жүргізілетін өздігінен жұмыс. Шығармашылықпен жүргізілетін өздігінен жұмыстың түріне аяқталмаған жұмыстарды жалғастыру. Шағын сюжетті әңгіме жазу, оқулықта берілген иллюстрациялар, қосымша материалдар бойынша шығарма жазу да шығармашылық жұмыс болып саналады. Қайта жаңғырту жолымен де, шығармашылық жолымен де аралас жүргізілетін өздігінен жұмыс.Оқушылардың орфографиялық жазу мәдениетін қалыптастырудың негізі жаттықтыру әдісі. Ол үшін, яғни, орфографиялық икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру барысында жаттығу жұмыстары нәтижелі жүйемен жүргізіледі. Жазба жаттығуды орындатудың мақсаты-оқушылардың граамматикадан алған білімдерін жазу тәжірибиесінде пайдалана білуге төселту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет