Сапа менеджмент жүйесі 9001: 2016



бет6/12
Дата21.05.2022
өлшемі251,41 Kb.
#144247
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аубакир А

Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс. Материалдардағы жеке дыбыстар, әріптер, буынды сөз ішінде, сөз тіркестері сөйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынған мысалдар мен тесттері, ойдан шығарылған сөйлемдерден құралмай, мүмкін болғанынша, көркем әдебиетпен алынған сөз, сөз тіркестері, сөйлем, үзінділер болуға тиіс. Алдымен солардың тиімді, мазмұны дұрыс болу жағынан ойлауға тиіспіз. Қалайда олар балаға дұрыс тәрбие беру нысанасын бағдарлауы керек. Оқу материалдарына қойылатын басты талғам-тілек-оның тәрбиелік мәні басым болу керектігі естен шықпауы керек. Материалдар Отанды сүюге, еңбек етуге, еңбекті қадірлеуге табиғатты тануға, мәдениеттілікке, коллектившілдікке, үлкенді сыйлауға бағытталып, ыңғайлануы керек.
Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем тіл жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстануы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші болады. Мұндағы басты талап – балаға грамматикадан, орфографиядан білім беру кезінде оның тіл мәдениетін де арттыруды көздеуі тиіс.ұғымы грамматикалық ережелер ретінде қалыптасу мақсаты көзделеді. Осыған байланысты сөйлем туралы ұғым кеңейтіліп, тіпті сөйлемнің мағынасы және айтылуына қарай бөліну түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті) сөйлемдегі сөздердің өзара байланысы да оқылады. Оқу, жазу, тіл дамыту, айналамен таныстыруға үйрету жұмыстары тәрбие жұмыстарымен ұштастырылып, бір-бірімен тығыз байланысты жүргізіледі. 1-сыныпта жаңа материалды оқып үйрену ісіне оқушылардың өздерін жан-жақты қатыстыра отырып, оларды белгілі бір қорытынды жасай білуге баулу керек. Оқушылар сыныпта сабаққа белсене қатысып отырса, өз ойын пікірін еркін айтып беруге үйренеді, үй тапсырмаларын, сондай-ақ өздігінен орындайтын жұмыстарды қиналмай орындайтын болады. Осы ретпен программалық материалдар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге принципіне негізделіп беріледі де, үнемі алдыңғы оқылған материал соңғы материалдың дайындығы ретінде өтіледі. «Сауат ашу» кезеңінің өзінде - ақ балалар дыбыс, әріп, сөз, сөйлем деген ұғымдармен танысады да, ол білімдерін «Қазақ тілі» оқулығынан, «Дыбыс пен әріп» тақырыбын оқу кезінде толықтырып, дамыта түседі. Мысалы, «сөз дыбыстан құралады» ұғым мәнін бұрыңғыдай терең түсінетін болады. Тиісті сөзді талдау үшін сөйлем құраудағы сөздердің өзара байланысына да көңіл бөлу қажет. Себебі сөзге сұрақ қойып үйрету кезінде «жеке сөзге сұрақ қойылмайды, сөзге сұрақ басқа сөз арқылы қойылады. Сөздер үнемі бір-бірімен байланыста болады, олай болмаса, айтайын деген ойын адам басқа біреуге түсіндіре алмайды» деп тәжірибе жүзінде түсінік беріліп отырғаны жөн. 1-сынып оқушыларына емлелік ережелерді меңгерту, олардың тілін қалыптастыру, дұрыс, қатесіз жазуға дағдыландыру жұмыстары қашан да бір-бірімен тығыз байланыстырыла жүргізіледі. Сөзді, сөйлемді я мәтінді тұтас көшіру, көп нүктенің орнына тиісті сөзді, буынды немесе әріпті қойып көшіру, жазу, мұғалімнің тапсыруы бойынша мәтін ішінен керек сөздерді теріп көшіру, я болмаса қара әріппен жазылған сөздерді көшіріп жазу, сурет бойынша сөйлем құрап, ол сөйлемдерді жатқа жазу, шағын әңгіме құрастыру, шығарма жазу. Мұғалім жаттығуларды тапсырманы өз қалауынша өзгертіп, толықтырушы болады.Жаттығуды талдаған кезде оқушыларға таныс емес бірде-бір сөз болмауы тиіс. Сондықтан мұғалім сыныпта орындалатын жаттығумен үйге берілетін жаттығуларды алдын ала мұқият оқып танысады, түсіндіруді қажет ететін сөздерді белгілеп, түсіндіру әдіс – тәсілдерін ойластырып келеді. Мұғалім сыныпта, үйде орындайтын жаттығу жұмыстарын жоспарлап, тапсырмаларды мұқият тексереді. Ол үшін екі нәрсені естен шығармау керек. Біріншіден, мағына жағынан тұжырымды, мәнді, ережеге лайық болу керек. Екіншіден, көлемі жағынан іс жүзінде осы жоғарыда аталған әдістің түрлерін кеңінен қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім беруге болады. Сабақта қандай әдісті қолдану өз мұғалім шеберлігіне байланысты. Қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесін проблемалық ситуация туғыза отырып, оқушыны ойландыру әдісі кеңінен қолданылуда. Сабақты оқытудың негізгі міндеттерін оқушыларды сауатты жазуға, өз ойын, сөзін еркін сөйлеп, әдеби тіл нормаларын жатық, әдепті, мәдениетті сөйлеуге үйретуді, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеуді, қазақ тілін оқыту әдістемесін педагогика ғылымының жетістіктерімен ұштастыра алатын, шығармашылықпен еңбек ететін, ғылыми дүниетанымы кең ұстаз ғана атқара алады. Қазақ тілінің қыр-сырын шәкірттерге үйретуде дайын фактілерді жаттанды түрде оқытумен шектелмей, алған білімдерін өз беттерінше игеруге бағыт беруге болады. Мұның өзі жаңа мәліметтерді игеруге мүмкіндік туғызады. Әрбір тақырыптың практикалық мәні мен логикалық байланысын оқушы білуге тиіс. Сондықтан,мұғалімнің шынайы шеберлікке қол жеткізу үшін негізгі тақырыпты терең де, жан-жақты меңгеріп, оқушыға теориялық та, практикалық та, қонымды жеткізуі керек. Сонда ғана шәкірт тіл материалын саналы түрде меңгере алады. Осы мақсатта қазақ тілі сабағын түрлендіріп өтудің маңызы зор. Психологтардың зерттеуі бойынша бүгінгі оқушылардың ойлау дағдысы төмен, ой қызметінің қарапайым элементтерін меңгермеген. Сондықтан жасөспірімдердің танымдық – белсенділігін дамыту мақсатында жаңа бағдарлама бойынша түрлі дидактикалық ойындар, пәнаралық байланысты сабақта өтілетін материалға сәйкес пайдалану олардың басқа пәндерден алған теориялық білімі бойынша ізденуіне, ойлануына септігін тигізеді. Әр оқушы оқу барысында алдымен қарапайым, бірте-бірте күрделілеу тапсырмаларды өздігінен орындайды. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалы болса да оңай меңгеріп, тез түсінеді. Оқушылардың бір пәнде қалыптасқан іскерлігін екінші пәнде қолданып, сабақтың тиімділігін, белсенділігін арттыруға болады. Қазақ тілі пәнінің ауқымы мен мазмұны өте кең. Тіл сабағында пәнаралық байланысты дамытудың жолдары көп. Жан-жақты, тиянақты, білімді ұстаз өзінің жеке шығармашылығының нәтижесінде сабақтың барлық кезеңдерінде қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыра алады. Пәнаралық байланыс мұғалімнің сұрағы, көрнекі және техникалық құралдары, дидактикалық материалдарды пайдалануы, жаңа тақырыпты түсінуі немесе өткен сабақты қайталауы кезінде жүзеге асады. Тіл сабақтарын өту барысында сұрақ-жауап, грамматикалық ойындар құрастыру да тиімді. Тіл сабағының ажырамайтын бір бөлшегі – әдебиет. Оқушылар ой – өрісінің жоғары болуы үшін шағын, оқушыны жалықтырмайтындай болуы керек. Тілді үйретуде дыбыс үндестігінің маңызы зор сөйлеуде қосымшалардың дыбыс үндестік заңына байланысты дыбыстық варианттарын дұрыс таңдап. Қолдану оларға оңай емес, қате көбіне осы мәселеден туындайды. Олай болса, қазақша дұрыс сөйлеуге үйрету, оны сөйлеуде қолдану дағдысын алыптастырудың маңызы өте зор. Ол дағдыны қалыптастыру ғылыми негізінде құрылған жаттығулардың жүйесіне байланысты. Тілді меңгертуде жаттығулардың атқаратын қызметі ерекше. Тілді оқытуда тыңдай, оқи, жаза, сөйлей білуі қажет. Орфоэпиялық ережелерді, дыбыстар артикуляциясын қадағалап, дұрыс түсініп, анық мәнерлеп оқу, оқығанын түсініп, мазмұнын ұғынып, жеткізе білу, сауатты жазу сияқты дағдыларын қалыптастыру мақсаты қойылады. Бұл жаттығу тапсырма, мәтін, суретпен жұмыс түрлерін ұйымдастыру көмегімен қалыптасады. Жаттығулар екі топқа бөліп, үйретіледі:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет