Пульсоксиметрді қосыңыз, бірнеше секунд күтіңіз, толық қосылғанша.
Басқа қысым болмас үшін датчикті саусаққа жақсылап бекітіңіз.
Зерттеу қорытындысы дұрыс болу үшін ерттелетін саусақтың тырнағы таза, лакталмаған болу керек.
5-20 секунд күтіңіз, пульсоксиметр дисплейіне сатурация және тамыр соғысының көрсеткіштері шығады.
Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға енгізу.
Сапа менеджмент жүйесі Аралық аттестация стандарттары
Стандарт № 20
Қанда тропонин деңгейін экспресс әдіспен анықтау техникасы. Мақсаты: қандағы тропонин деңгейін анықтау.
Ресурстар : тропонин тесті, веналық қан .
Қолды залалсыздандыру.
Қолғапты кию.
Қаптаманы ашып, тегіс жерге қою.
Қан тамшысын тест жолақшасының ойығына тамызу.
10-15 минут өткеннен кейін қорытындыны бағалау.
Ескерту : тестте қызыл жолақтың пайда болуы зерттеудің оң мәнді екенін білдіреді (қанда тропонин бар ).
Стандарт № 21
Анафилактикалық шокта көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Қан айналым және тыныс алу қызметінің жедел бұзылуын реттеу; Дәрілік аллергеннің қан ағымына түсуіне тосқауыл жасау , өмірге маңызды ағзалардың қызметін бақылау.
Әзірле: тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері , этил спирті 70 %, резеңке бұрау, қолғап, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар: адреналин 0,1 % -0,5 мл, физиологиялық ерітінді 200 мл, преднизолон 30 – 60 мг, глюкоза 10 – 15 мл – 5 %, супрастин 1% - 2 – 5 мл, эуфиллин 2,4% - 10 мл, строфантин 0,05 % - 0,5 мл