Дәрілік заттарды парентералды енгізу жолдары
Дәрілік заттарды инъекциялық жолмен парентералды енгізуге болады. Инъекциялар - дәрілік заттарды ағзаның әртүрлі ортасына қысыммен арнайы басып енгізу. Инъекцияны тіндерге (теріге,тері асты шел қабатына, бұлшық етке,сүйекке), тамырға (көк тамырға, артерияға,лимфатикалық тамырларға), қуыстарға(плевра,сүйек,жүрек) жасалады. Егер орталық нерв жүйесінде препараттың жоғары мөлшері қажет болса, жұлындық енгізу қолданылады.
Шұғыл көмек көрсеткенде инъекциясыз болмайды, өйткені жұтынудың қиындауы, науқастың құлықсыздығы немесе оның ес түссіз жағдайы дәрілік заттарды енгізуге бөгет жасамайды. Дәрілік заттарды енгізудің парентералды тәсілінің артықшылықтары:
Әсерінің жылдамдығы.
Мөлшерлеудің дәлдігі, өйткені асқазан сөлінің және ас қорыту ферменттерінің дәрілік заттарға әсері болмайды.
Бауырдың кедергілік ролі болмайды.
Инъекциялық тәсіл дәрілік заттарды пероралды енгізуге мүмкіндік болмағанда немесе мақсатқа сәйкес болмағанда немесе ішуге арналған түрлері болмаса да қолданылады.
Кез келген инъекцияны жасау үшін шприц қажет.Инъекцияға арналған шприц екі поршеньге арналған үлкен және инеге арналған ине астылық конусы бар кішкене тесігі бар қуыс цилиндрден, стержень мен сабы бар поршеннен тұрады; Қазіргі кезде пластмассадан жасалған, зауыт жағдайында залалсыздандырылған бір рет пайдаланатын шприцтер кеңінен қолданылады. Бұл шприцтердің сыртында жарамдылық мерзімі көрсетілген.
Инъекцияға арналған шприцтер, ең алдымен, инъекцияның түрі және енгізілетін дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты таңдап алынады. Мысалы, тері ішіне енгізілетін ерітінді әдетте 0,5 млден аспайды,тері астына-0,5-2 мл, бұлшық етке- 1-10 мл.
Инъекцияға арналған шприцтердің сыйымдылығы -1,2,5,10 және 20мл. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін алу үшін шприцтің бөлігін «бағасын», яғни цилиндрдің жақын орналасқан екі бөлігінің арасында ерітіндінің қандай мөлшері болуы мүмкін екендігін білу. Бөліктердің «бағасын» анықтау үшін милилитр мөлшерін көрсететін цилиндрдегі ине астылық конусқа жақынырақ орналасқан цифрді табу керек, содан кейін осы цифр мен ине астылық конусқа жақын цифрді бөліктер санына бөлу керек. Осы шприцтің бөліктерінің «бағасы» болады.
Инъекциялық ине– таттанбайтын хромникельді қорғасыннан жасалған жіңішке қуыс металл түтік. Бұл түтіктің бір ұшы қиғаш кесіліп, үшкірленген. Екінші ұшына жезден жасалынған канюля бекітілген, ол шприцтің ине астылық конусына тығыз кіргізіледі. Тері ішілік, тері астылық, бұлшық еттік, көк тамырлық инъекцияларға арналған инелер ұзындығына, кесілген жеріне, ұштау түріне байланысты ажыратылады. Инелер қатаң тағайындалуына қарай қолданылады. Мысалы, бұлшық еттік инъекцияға ұзындығы 60 мм, кесілген жері 0,8-1,0 мм ине, тері ішілікке –ұзындығы 15мм, кесілген жері 0,4-0,6 мм ине қолданылады.
Кез келген іс-шараны орындар алдында қолдарды дайындаған жөн: тырнақтар қысқа қырқылған, қолдар сабынмен мұқият жуылған болуы керек. Іс-шаралар резеңке қолғап киіп орындалуы керек. Инъекция жасар алдында қолдар спиртке матырылған домалақ мақтамен өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |