Сапа менеджмент жүйесі



бет11/44
Дата21.01.2022
өлшемі146,1 Kb.
#113102
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Байланысты:
УМК менеджмент (1)

Қорытынды

Кез-келген басшы ұйым қызметін тиімді басқару үшін ынталандырудың әр түрлі жолдарын тиімді қолдана білуі және оның қызметкерлері еңбек ету үшін не қажет екенін анықтауы , сондай-ақ олардың іс-қыймылына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды қарастыру керек .


Әдебиеттер

1.Кабаченко Т.С. Психология управления / Учебное пособие. М.: ИФРА, 1996 г.

2. Менеджмент организации / Под ред. Руменцевой З.П. М: ИНФРА,1996 г.

3. Фатхутдинов Р.А. Информационный менеджмент /Учебник.-М.:Биржи и банки, ЮНИТИ, 1997 г.



Тақырып 11. Басшылық: билік және ықпал ету.
Мақсаты: Басқарудағы коммуникациялық процестерді, оның түрлерін, коммуникациядағы кедергілерді қарастырып, кедергілерді жою жолдарын ұсыну .
11 .1 Коммуникациялық процесс

11 .2 Коммуникация түрлері

11. 3 Кәсіпорындардағы коммуникацияға кедергілер

1. Коммуникация - бұл ақпараттың бір субъектіден екінші субъектіге берілуі. Субъектілерге жеке тұлға, топтар ұйым да жатады. Коммуникациялық процесс - бұл 2 және одан да көп субъектілердің өзара ақпаратпен алмасуы. Бұл процестің басты мақсаты - хабар алмасу және қандайда ақпарат тұрғысында түсінік беру. Сондықтан процестің әрбір қатысушысының көруі, естуі, сезінуі, иісі және дәмін сезе білу қабілеттері мен дағдылары өзара түсіністікте болуы керек.

Ақпарат алмасу процесіне 4 базалық элемент енеді: жіберуші - ақпаратты жинақтаушы және оны тасымалдаушы ролін атқаратын тұлға; хабар - символдарды қолдану арқылы құпияландырылған ақпарат; канал - ақпаратты тасу құралы; ақпарат алушы - ақпаратқа арналған тұлға.

Ақпаратпен алмасқанда жіберуші мен алушы бірнеше өзара байланысқан кезеңдерден өтеді. Олардың міндеті - хабар мазмұнын тарату каналдарын белгілеу, екі жаққа да ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыздандыру.

Жоғарыда аталған кезеңдер мыналар: а) дайындау идеялардың туындауы; б) хабарды кодтау және жіберу каналын таңдау, жіберуші символдардың көмегімен сөздер, интонация мен қимыл қозғалыстарын қолдана отырып ақпаратты кодтауы керек. Кодтау идеяны хабарға айналдырады. Жалпыға белгілі каналдарға мыналар жатады: сөздер мен жазбаша материалдарды тапсыруы, электрондық байланыс құралдары, компьютерлік желілер, электронды пошта, видеоленталар және видеоконференциялар.

2. Хабардың тиімділігі үшін көбіне коммуникацияның 2 және одан да көп құралдары қолданылады; в) хабарлар тасу; г) кодты шешу – берушінің символ түрінде жіберген хабарын алушының түсінуі.

Жіберген хабардың бұрмалануы байланыс процесіндегі шудың (кедергінің) болуымен байланысты. Шудың қайнар көздеріне коммуникациялық процесс, оның тасымалдаушылары мен ұйымдастырушылары жатады. Ақпаратпен алмасу тиімділігін кері байланыс көмегімен жоғарлатуға болады.

Сигнал бұл кері байланыс болып табылады және ол қабылдаушының жіберушіге мәліметті алғанын білдіреді, ондағы ақпаратты түсінгендігін немесе түсінбегендігін хабарлайды. Кері байланыстың шарттары:

а) бағыныштылармен сұқбаттасқанда кері байланыстың нақты әдісін қарастыру; б) сіз кіммен қатынасасыз соның мінезін зейін қойып бақылау (көзқарасы, дауыс ырғағы, қимылы және т.б.).

Ұйымда ақпаратты таратудың 2 негізгі бағыты бар: а) вертикалды (иерархия деңгейі бойынша жоғары және төмен); б) көлденең (иерархия ның бір деңгейінде). Олардың тиімділік дәрежесі әр түрлі.

Әсіресе, жоғарыдан төмен бағытталған коммуникациялар тиімсіз болады, төменнен жоғарыға қарай байланыс одан да тиімсіз; демек бұл жұмыскерлер мен жоғары деңгей арасындағы коммуникацияның жоқтығын білдіреді.

1) Коммуникациялық кедергілерді жеңу жолдары;

2) Вербальді емес байланыс;

3) Менеджердің сөйлеу мәдениеті;

4) Менеджердің киіне білуі;

5) Менеджердің дұрыс шешім қабылдай білуі.

Әдетте, нашар коммуникацияның негізгі себептері мыналар болып табылады: байланыс маңыздылығын жеткіліксіз түсіну; жеке жұмыскерлердің психологиялық қалыптасуының дұрыс еместігі; хабарламаның нашар құрылуы; есте сақтаудың нашарлығы; кері байланыстың жоқтығы.

Байланыстың маңыздылығын жеткілікті түсінбеу орта деңгейдегі басшылардың, тіпті жұмысшылардың жалпы ұйымдағы істің жағдайы туралы білуі міндет емес деген көзқарасты ұстанатын басқарушыларға тән. Бұл бағыныштылардың моральдық күйіне нұқсан келтіреді.

Сондықтан да басқарушылар өзінен төмен адамдарға қажетті ақпаратты тез арада беру қажет.

Психологиялық құрылу адамдардың өмірлік тәжірибесіне негізделген сыртқы ортаға қатысты. Психологиялық құрылудың жетіспеушілігі мынадай түрде болады: а) стереотиптігі; ә) алдын-ала ойланған пікір; б) не нәрсеге болса да қарым-қатынасының дұрыс еместігі; в) дұрыс көңіл бөлмеуі және ынтаның жоқтығы; г) нақты материалдың жеткіліксіздігі. Сондықтан да, ойлану стереотиптерін жеңу қажет, бұл дегеніміз сіз үшін және жаңа болғандықтан ғана сенімсіз бас тартпау, өзара түсінушілікті және құрметтеуді қамтамасыз ету үшін бағыныштылармен жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру және оларды қолдау; өз ұсыныстарына көңіл аударта білу және қызықтыру; деректердің жеткілікті санына негізделген, сенімді хабарларды дайындау қажет.


3. Хабарламаның нашар құрылымы коммуникацияны қалыптастырудағы басты бөгет болып табылады. Хабарды ұйымдастырғандағы кең таралған қателіктер мыналар: хабарламаны ұйымдастырудағы қателіктер: а) көңілден ынтаға; ә) ынтадан негізгі жағдайға; б) негізгі жағдайдан қарсылық пен сұраққа; в) қарсылық пен сұрақтан қорытындыға; г) қортындыдан әрекетке бағыттап итермелеу тиіс; хабарды алушының оны түсіну қабілетін дұрыс бағаламау шынайылықтың және нақтылықтың жетіспеушілігінен туындайды.

Адам жаңа дерекпен танысқан соң бірінші тәуліктен, өткен екі жылға қарағанда көп ұмытуға қабілетті екенін ескеріп, бағыныштылармен байланысты нығайтып маңызды ақпаратты бірнеше рет талкылап, көрнекті құралдарды қолданып, рапортты қамтамасыз ету есебінен сенімді кері байланысты жолға қойғаны жөн.

Кодтау жүйесі ретінде сөздерді қолданбай жіберген ақпараттар вербальды емес хабарлама деп аталады. Көптеген хабарламаларда сөздер эффектісі тек 7 % құрайды. Ал қалған эффект вербальды емес ақпаратқа тиесілі болады. Сол себепті басқарушыға коммуникацияның вербальды емес бөлігін бақылай білу маңызды. Бұл бағыныштылардың хабарламаның мәнің объективті бағалауына мүмкіндік береді.

Сөйлей білу менеджер беделінің маңызды құрамды бөлігі және мақсатқа жетудің тиімді жолы болып табылады. Әдеби сөйлеу қабілеті, белгілі бір психологиялық бөгеттерді жеңу, өзара түсінушілік, әңгімелескенде мейірімді болу, оппонентке өз пікірін дәлелдеу және сендіру, өз көзқарасын даусыз дәлелдей білу, басқалардың пікірін силай білу, бағыныштылар алдында сөз сөйлей білу және әр түрлі жиындарда өкілеттік ету, бұлардың барлығы менеджер авторитетінің құраушылары деп айтуға болады.

Киім кие білу - менеджердің беделін арттыруға жәрдемдеседі және оның қандай адам екендігін сипаттайды. Әйел-менеджер мен менеджер ер адамның жұмыс киімдерін таңдаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Ұйымды басқаруда шешім қабылдауды әр түрлі деңгей менеджерлері жүзеге асырады. Бұл ретте шешім қабылдау бір тұлғаға қатысты емес, көбіне ол тұтас ұйымға немесе оның жеке бөлігіне қатысты болады.

Сондықтан ұйымдастыру шешімдерін қабылдау, жауапкершілігі мен роліне байланысты шешімдердің екі деңгейіне бөледі: дара және ұйымдық. Шешімді қабылдаумен қатысты туындайтын қиындықтармен қатар жеке тұлға ұйым деңгейінде шешім қабылдаудың бірқатар белгілері бар.

Шешімді дұрыс қабылдау - бұл ғылым саласы және ол теорияға негізделіп құрылады. Дұрыс шешімдер қабылдау - бұл басқарушылық өнердің саласы.

Білімдер кешеңі және қабілеттер жиынтығы басшының біліктілігін көрсетеді, ал соңғысы менеджер істеп жатқан қызметтерінің тиімділігі немесе тиімсіздігін бейнелеуші фактор болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет