Сапа менеджмент жүйесі



бет8/44
Дата21.01.2022
өлшемі146,1 Kb.
#113102
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
УМК менеджмент (1)

Қорытынды

Жоспарлау-ұйымның ұзақ мерзімді , қысқа мерзімді және орта мерзімді мақсаттарын қарастыратын басқару қызметі.Жоспарлау процесі жоспарлау принциптерін ескере отырып кезеңдік сипатта жүзеге асырылады.



Әдебиеттер

  1. Глущенко В.В. Менеджмент: основы системы / Учебное пособие 2 издание - М:ТОНПЦ «Крылья», 1998 г.

  2. Дунканд Д.У. Идей основанные на менеджменте / Пер. с анг. - М: Дело, 1996 г.

  3. Ховард К., Коротков Э. Принципы менеджмента / М.: ИНФРА, 1996 г.

  4. Уткин Э.А. Управление фирмой / М.: Акалис, 1996 г.


Тақырып 8. Менеджмент жүйесіндегі мотивация.
Мақсат: Ұйымдастыру қызметінің мазмұнын ашу, түрлері мен ерекшеліктерін анықтау, орталықтандыру және орталықтандырмау түсүніктерін қарастырыңыз
8.1 Ұйымдастыру қызметінің қалыптасуы

8.2 Оның түрлері және өкілеттілігі

8.3 Орталықтандыру және орталықтандырмау
1.Басқаруды ұйымдастыру реттелген, біртұтас, бірынғай жүйені қалыптастыруға бағытталған. Бұл жүйенің құрамдас бөліктері біртұтас ұйымдастырудың негізі болады.Ұйымдастыру қызмет барысындағы еңбек элементтерінің өзара байланыстылығын қарастыра отырып алдын-ала жоспарда бекітілген барлық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру басқарылатын және басқаратын жүйенің қалыптасуын болжайды; жүйедегі әрбір қызметкердің ролін және орнын анықтайды;оларды бөлімдер мен бөлімшелерге орналастыру; олардың нақты өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді; қызмет барысындағы тапсырмалар мен қызметкерлер арасындағы байланысты қалыптастыру үшін құжаттандыру жұмыс қарастырады.

2. Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі бір немесе бірнеше ұйымдарға кіреді. Ұйымдастыру тәсілдері негізінде жүргізіледі. Адамның барлық саналы өмірі ұйыммен байланысқан.

Кез келген ұйым - бұл аса ірі жүйенің және сыртқы ортаның бөлігі.

Ұйымның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігіне байланысты ұйымды басқару ұйым ішіндегі процестер мен сыртқы ортамен өзара қатынасты басқаруды жүзеге асыру позициясынан қарастырылуы мүмкін.

Ұйым ішінде басқару бағыттаушы, құрушы және ұйымның өз мақсаттарына жету үшін ресурстарды қозғалысқа әкелетін рольді ойнайды. Ұйымның ішкі ортасына кіретіндер: мақсаттар, құрылым, міндеттер, ұйымішілік процесстер, технологиялар, кадрлар, ұйымдық мәдениет.

Сыртқы факторлардың негізгі екі топқа бөлінуі: тікелей және ұйымға сырттай жанама әсер ету ортасы. Тікелей әсер ету ортасындағы негізгі факторлар: жабдықтаушылар, кәсіподақтар, заңдар және мемлекеттік органдар, тұтынушылар, бәсекелестер. Жанама әсер ету ортасының күрделілігі. Жанама әсер ету ортасының негізгі факторлары: технология, халықаралық экономика жағдайы, әлеуметтік-мәдени факторлар, саяси факторлар, халықаралық жағдайлар.

Қоршаған орта жағдайындағы айқынсыздықтар қоршаған ортаға ұйымның бейімділігін дамыту жолымен айқынсыздықтарды жою жөніндегі менеджменттің міндеттері.

1) Ұйымды басқару процесін жүзеге асыру;

2) Басқару деңгейлері;

3) Шешімдерді дайындау;

4)Менеджмент принциптері.

Ұйымның барлық процестеріне тән ортақ қызметтер бар екендігі мәлім. Бүгінде бұл тізім логикалық іс әрекеттер арқылы былайша көрінуі мүмкін: мақсаттарды қалыптастыру; жұмысты жоспарлау; жұмысты жобалау; қызметті ынталандыру; жұмыс бағытын бақылау; кері байланыс.


3. Басқару жүйесінде құзыреттілік тепе-теңдікті сақтау негізінде бөлінеді. Ең алғашқы кезеңде басқару өкілеттілігін орталықтандыру,одан кейін екінші кезекте орталықсыздандыру жүргізіледі. Бірақта бұнда ескерілетін жағдай барлық құзіреттілік толығымен бөлінуі мүмкін емес. Көптеген фирмалар мен компанияларға басқарудың үш деңгейі тән: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Жоғарғы деңгей - президент және вице-президент, мақсаттар мен саясатты қалыптастырады, ең ірі сұрақтар бойынша шешім қабылдайды (жаңа акцияларды, жаңа тауарларды шығару, жаңа нарықты меңгеру және т.б.), ортаңғы буын басшылары (кеңсе басшылары, цехтардың басшылары, аға шеберлер және т.б.) негізінен өз бөлімшелерінің күнделікті қызметін басқаруға жауап береді: келесі күнге немесе аптаға жұмысты жоспарлайды және таратады, өндірістік персонал мен аса жоғарғы басшылық арасындағы байланысты жасайды, өндірістік және басқа операциялық рентабельділікті қамтамасыз ететін күнделікті шешімдер қабылдайды, басқа да адамдарды басқарады - төменгі деңгей басшыларын, немесе (шағын ұйымдарда) жұмыскерлерді. Төменгі деңгейдегі басқару - ол тек бағыныштыларын басқаратын қызмет адамдарының деңгейі (шебер, бригадир, топ басшысы, сатып алу бойынша агент, экспедитор және т.б.). Бұл деңгейде жоспарлау және ұйымдастыру қызметтері басқарушы, ынталандырушы және жұмыскерлер қызметін бағыттаушы әрекеттерінде жүзеге асады.

Менеджмент белгілі принциптерге негізделген шығармашылық болып табылады. Басқарудың келесі принциптері ажыратылады: дарабасшылық, жетекшілік, ынталандыру, жауапкершілік, кадрларды дұрыс таңдау және бөлу, үнемдеу және кері байланысты қамтамасыз ету.



Қорытынды

Ұйымдастыру - бұл басқарушы және басқарылатын жүйе ішіліктерді таңдап алу және негіздеу,сондай-ақ олар арасындағы уақыттық-кеңістіктік және себеп-салдарлық байланысты қалыптастыру


Әдебиеттер

  1. Глущенко В.В. Менеджмент: основы системы / Учебное пособие 2 издание - М:ТОНПЦ «Крылья», 1998 г.

  2. Дунканд Д.У. Идей основанные на менеджменте / Пер. с анг. - М: Дело, 1996 г.

  3. Ховард К., Коротков Э. Принципы менеджмента / М.: ИНФРА, 1996 г.

  4. Уткин Э.А. Управление фирмой / М.: Акалис, 1996 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет