Сапа менеджменті басќармасында


Қысқаша теориялық мәліметтер…



бет10/18
Дата10.09.2024
өлшемі110,18 Kb.
#204012
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
наука казакща

3.Қысқаша теориялық мәліметтер…
Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылаужәне басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы — мұнда танымның жалпыға ортақ әдістері жасалады. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалектикалық әдістің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл әдіс өзге ғылым әдістерін алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады.
Ғылыми әдістің негізгі мақсаттары — объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдістің негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Мысалы, әрбір элементтің өзіндік спектрі барлығынфизика ғылымы ашқаны мәлім. Мұның өзі физикада бұдан бұрын қалыптасқан, спектрольдық анализ әдісі негізінде ғана мүмкін болды. Демек, әдістің ақиқаттылығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқатына байланысты. Зерттелетін пәннің ішкі құрылымы өзіне сәйкес келетін әдіс болуын талап етеді. Алайда олардың арасында толық сәйкестік, абсолюттік тепе-теңдік бола бермейді. Әдіс пән ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектініңобъектіге біртіндеп шексіз жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін.
Теория — объективтік шындықтың идеалдық бейнесі. Ғылыми теория мен әдіс өте тығыз байланыста. Дұрыс құрылған теория — жаңақұбылыстарды танудің әдісі. Әрбір ғылымның өзіндік пәндері, соған сәйкес өзіне тән әдісі болады. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру (классификациялау) мәселесі пайда болады. Әр түрлі теориялық жүйелерді (ұғымдар мен заңдарды) топтастыру негізінде әдісті екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі. Философиялық әдіс барлық ғылымда қолданылумен қатарадам ойының ақиқатқа қарай жылжу заңдылығын ашады. Философиялық әдіс өзге ғылымдардың әдістерін, олардың жетістіктерін қорыту нәтижесінде пайда болып, үнемі жетілу, ұшталу үстінде болады. Белгілі бір ғылым саласында философиялық әдісті дұрыс қолдана білмеу көптеген методикалық қателерге соқтырады. Әдіс — дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын тәжірибеде және теория жүзінде игеруге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы ретінде сипатталады. 
Ой тұжырымының алғышарттары деп аталатын қорытуға негіз болатын пайымдардан және тұжырым деп аталатын алғышарттардан логикалық жолмен шығарылатын жаңа пайымнан тұрады. Алғышарттардан тұжырымға логикалық түрде өтуді қорыту дейді. Ой тұжырымы – бұрыннан бар білімдерден жаңа білімдерді қорытып шығарудың логикалық формасы. Мұндай білімдер қорытынды білімдер делінеді. ‘’Силлогизм’’ деп аталатын ең қарапайым ой тұжырымы екі алғышарттан және тұжырымнан құралады. Алғышарттары екіден көп күрделі. Ой тұжырымын силлогизмдер тізбегіне бөліп қарастыруға болады. Алғышарттардан тұжырымға логикалық өту олардың арасындағы мазмұны бойынша байланысты қажет етеді. Ондай байланысы жоқ пайымдардан ой қорыту мүмкін емес.
Пайымдау барысында жаңа ақиқат білім алу үшін екі шарт орындалуы тиіс:

  1. алғышарттардың ақиқат болуы;

  2. қорыту ережелерінің қатаң сақталуы.

Сонда ғана ой тұжырымы ақиқат тұжырым береді және логикалық жағынан дұрыс құрылған болады. Қорыту ережелерінің қатаңдығына орай ой тұжырымын демонстративті (қажетті) және демонстративті емес (шындыққа ұқсас) болып екіге бөлінеді. Демонстративті ой тұжырымы тұжырым алғышарттардан қорытылып шығатын, демонстративті емес ой тұжырымы тұжырымның алғышарттардан қорытылып шығуы ықтимал сипат алады. Ой тұжырымы ой қозғалысының бағытына орай үшке бөлінеді: индуктивтік(жекеден жалпыға қарай), дедуктивтік (жалпыдан жекеге қарай) және аналогия бойынша (жекеден жекеге қарай). Берілген бір пайымды түрлендірудің арқасында іске асатын ой тұжырымы тікелей ой тұжырымы деп аталады. Олардың төрт түрі бар: айналдыру, ауыстыру, предикатқа қарсы қою, логикалық квадрат бойынша ой тұжырымы. Бұлардың әрқайсысының өз логикалық қорыту ережелері бар. Бірнеше (екі және одан көп) пайымнан тұратын ой тұжырымы орағытылған деп аталады. Орағытылған ой тұжырымының ең кең тараған түріне қарапайым кесімді силлогизм жатады. Мұнда алғышарттар есебінде берілген екі кесімді пайымнан қорытылатын тұжырым да кесімді пайым болып шығады. Силлогизмнің құрамына кіретін ұғымдарды силлогизмнің терминдері деп атайды. Олар кіші, үлкен және орташа болып үшке бөлінеді. Кіші термин деп тұжырымның субъектісі болатын ұғым саналады, ал оны өзіне кіргізіп тұрған алғышарт кіші алғышарт делінеді; тұжырымның предикаты үлкен термин деп, ал оның өзінде тұтатын алғышарт үлкен алғышарт деп аталады; екі алғышартта да бар, бірақ тұжырымда жоқ ұғым орташа термин болады. Бұл терминдер ретіне қарай S (кішісі), P (үлкені) және M (орташасы) деген латын әріптерімен белгіленеді. Орташа термин шеткі екеуін байланыстырып, логикалық қорытуға жол ашады, ол болмаса қорыту да мүмкін емес. Қарапайым кесімді силлогизмнің өз логикалық (жалпы және айрықша) ережелері бар. Орташа терминнің алғышарттарда алатын орнына байланысты силлогизмнің фигуралар деп аталатын төрт түрі, өз ретінде әр фигураның 16 модусы болады. Барлығы 64 модустың тек 19-ын ғана дұрыс қорытумен аяқталады, яғни логикалық ережелердің талабына сай келеді; бұлар дұрыс модустар деп аталады. Кесімді силлогизмдерден басқа күрделі ой тұжырымдары да болады. Мысалы, гипотетикалық ой тұжырымы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет