Еңбекті ғылымиұйымдастыру – комплексті, сан қырлы процесс. Ол өндірістің барлық сатысын – жұмыс орнынан бастап тұтасынан алғанда, кәсіпорынға де»інгі бүкіл аралық буындарды қамтиды. Мұндағы Еңбекті ғылми ұйымдастыруқамтитын мәселелрді негізінентехника-экономикалық және әлеуметтік мәселелер деп екі топқа біріктіруге болады. Техника-экономикалықміндеттереңбек өнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, материал мен еңбекті барынша үнемдеп, жұмыстың көлемі мен түрлерін ұлғайту, атқарылатын жұмыстың санын арттыру, еңбектің үрдіс қарқындылығын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды. Ал әлеуметтік міндеттерге еңбекті ең бірінші өмірлік қажеттілікке айналдыру, жеке адамды жан-жақты жетілдіру, еңбектің мән-мағынасын және тартымдылығын арттыру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және оның мәдениетін көтеру, адамдарды еңбекке деген саналы көзқараста тәрбиелеу және творчестволық инициативаны кең өрістеу мәселелері кіреді.
Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыты – кәсіпорындарда өніс жасаумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар мен негізгі өндірістің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеін көмекші жұмысшылардың арасында дұрыс арақатынас орнатудың маңызы зор. Әдетте көмекші жұмысшылардың еңбегін механикаландырудың негізінде бұл жұмысшылардың үлесі азайып отыруға тиіс. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың нәтижесінде көмекші жұмысшылар жоғары мамандықты талап етпейтін операциялардан негізгі жұмысшыларды бастуға мүмкіндік береді.
Негізгі жұмысшылардың арасында да еңбектіоперация бойынша бөлу тәсілі қолданылып жүрді. Мұның өзі әр адамға жұмысты тезірек меңгеруіне мүмкіндік беріп, бір операциядан екінші операцияға ауысқан кезде сөзсіз орын алатын уақыт шығындарын болдырмайды. Сондықтан кәсіпорындардаеңбек бөлудің ақылға қонымды шегін іөздеуге, ал кейбір жағдайларда операцияларды біріктіруге немесе оларды кезектестіруге жұмысшылардың жапсарлас бірнеше мамандықты меңгеруіне қамқорлық жасалынып отырады.
Еңбекті кооперациялаудың тиімді формаларының бірі – жұмыстың алуан түрін орындауды қамтамасыз ететін комплексті бригадаларға біріктіру. Бұл форма әсіресе металлургияда, мұнай өндіруде, машиналарды жөндеуде немесе құрастыруда, ауыл шаруашылығындат.б. кеңінен қолданылып жүр.
Дәлелдеу, логика мен математикада – қандай да бір пікірдің, тұжырымның (мыс., теореманың) ақиқаттығын не жалғандығын негіздеу әдісі. Математикадағы дәлелдеуге қойылатын талаптар математика дамуының ертедегі сатысында-ақ жасалды. Ол кезде математикатеориясын құрудың аксиомалық әдісі пайдаланылды. Мұндай әдісті қолданудың нақты үлгісі Евклид «Негіздерінде» баяндалғангеометриялық жүйе болды. Дәлелдеу әдісінің аксиомалық теориясы үшін тән белгі – ондағы қорытынды деп аталатын тұжырымдардың белгілі бір тәртіппен тізбектеп қойылатындығы. Мұның үстіне ол тұжырымдардың біреуі ұйғару ретінде қабылданып, қалғандары сол тізбектегі бұрынғы тұжырымдардан логикалық жолмен қорытылып шығарылады. Егер барлық ұйғарулар берілген қорытынды шегінде ғана емес, барлық қарастырылып отырған теорияда ақиқат болса, онда мұндай қорытынды дәлелдеу деп аталады. Нақты дәлелдеуде аксиомалар ғана емес, бұрын дәлелденген сөйлемдер де пайдаланылады. Жалпы айтқанда, қандай да бір пікір өздігінен дәлелдеу бола алмайды, ол белгілі бір аксиомалық теорияның шекарасында ғана дәлелдеу бола алады.
Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. [1] Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегіматематиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды.
Верификация - [лат. verificatio - дәлелдеу] - әлеуметтік нысанның шынайылығын нақтылы өмірмен эмпирикалық салыстыру арқылы тексеру. В. әлеуметтік болжамдарды ғылыми негіздеу процесінде аса маңызды. Верификация нәтижесінде олар не дәлелденеді, не теріске шығарылады. Статистикалық және басқа да әдістермен қоса қолданылады.
Интуиция - қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, ұғыну. Ақиқатты дәлелсіз тура нақты қабылдау қабілеті. Интуитивті білім: заттың мәнін ұғыну. Жаңа замандағы философияда интуиция таным қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылды. Кант, Шеллинг философиясында елеулі орын алды. Олар интуицияны интеллектуалды аңдау деп білді. Бергсон интуицияны талдаудың нәтижесін іштей көре білу, сезіну деп қарастырады.