4.Бақылау сұрақтары
1. Проблеманың басы және қысқаша мазмұны.
2. Кітап мәтінінің, жинақтың, диссертацияның тарауларын, параграфтарын жазу.
3. Бөлімдер мен тарауларды жинақталған материалға сәйкес барабар атау.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
Тақырып бойынша ойын ортаға салу және МӨЖ жұмыстары бойынша пікір талас өткізу.
6.Магистранттың аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
-Берілген тақырып бойынша тезис жасау
-Тақырып шеңберінде дөңгелек үстел өткізу
-Глоссарий өткізу
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:
1. Герасимов И.Г. Научное исследование. - М, 1972.
2.Кун Т. Структура научных революций. - М, 1977.
3.Логико-гносеологический анализ науки. - Алма-Ата, 1990.
4. Швырев В.С. Научное познание как деятельность. - М,1984.
5. Әбишев Қ,Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы.-Алматы,1990ж.
6.Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов Философия.-Алматы,2002ж.
7.Әбишев Қ. Ғылым тарихы мен философиясы.-Алматы,2011ж.
8.Бурова Е., Карабаева А. Философия и методология науки. - Алматы, 1995.
9.Наука в зеркале философии XX века. - М., 1992.
10.Научный прогресс: когнитивные и социокультурные аспекты. - М., 1993.
№14. Семинарлық сабақтың тақырыбы:Ғылымдағы тұлға және ғылыми этика.
1. Сабақ жоспары
1 Ғылымдағы шығармашылық жеке тұлға.
2 Ғылыми зерттеулерді ұйымдастырушылар.
3 Ірі оқымыстылар ғылыми зерттеулерді ұйымдастырушысы және атқарушысы ретінде.
2. Сабақ мақсаты:Ғылымдағы шығармашылық жеке тұлғаның философиялық дүниетанымы қалыптастыру арқылы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау.
3.Қысқаша теориялық мәліметтер…
Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның тарихы құрайды деп есептейді. Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі бар, оны практика көрсетіп-анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі олар көп және жан-жақты, себебі ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін, әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын. Біздің ойымызша, ғылым нормалары туралы әр түрлі концепциялардың арасында ағылшын социологы Р.Мертон ұсынған вариант назар аударарлық. Оның пікірінше, ғылым нормалары мынадай төрт құндылықтың төңірегінде топталады: 1) универсализм – ғылыми тұжырымның ақиқаттылығы ғалымның жасынан, жынысынан, беделінен, ғылыми дәрежесінен тәуелсіз бағалануы керек. 2) жалпылық – ғылыми білім оның авторының жеке меншігіне ай-налмай, жалпыға ортақ, сынға ашық болуы қажет. 3) жеке бастың пайдасын көздемеу – ғылыми ақиқат жолындағы ізденіс ғалым үшін басты мақсат болуы тиіс, атақ-даңқ, жеке бастың пайдасы, ма-териалдық марапат ғылыми қызметтің мақсатына айналмағаны жөн. 4) ұйымдасқан скептицизм – ғалымнан өз әріптестерінің ғылыми қызметін сыни, объективті бағалау талап етіледі. Олардың ғылыми
нәтижелерін ғалым-ізденуші өз қызметінде пайдаланған болса, жақсы жақта-рын атап, еңбегіне құрмет көрсете білуі тиіс, бірақ жіберілген қателіктерге де автормен бірдей жауап береді. Сонымен бірге ғалым өз тұжырымдарын, қол жеткізген жетістіктерін батыл қорғап, өз қателіктерін мойындай білуі қажет. Бір жағынан алып қарасақ, нормалар қорғаныс белдеуінің рөлін атқарады, ғылымды шектен шығып кететін нәрселерден сақтандырып отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, нормалар ғылым дамуында өте қажет. Екінші жағынан алғанда, нормалар ғылымның бұрынғы кезеңінің жемісі, олар ғылымының болашақ дамуы үшін көбіне жарамай жатады. Нормалар консервативті, ғалымнан өзінің қызметін белгілі бір қабылданған ере-желерден, инструкциялардан, бұйрықтардан ауытқымай ұйымдастыруды талап тетеді. Бұл жағдайда ғалымның еркіндігі шектеулі, ол ғылымның мығым ядросы шеңберінде ғана қызмет ете алады.
Ал ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымның жағдайы мүлдем басқа.
Ол нормалар-үлгілер шеңберінен шығып, еркін қызмет ете алады, бұрын қалыптасқан құбылыстардан тыс жаңа идеяларды, ғылыми жаңалықтарды дүниеге әкеледі. Ғылыми жаңалықтар ғылымның алғы шебі мен мығым ядросының арасында шекістер туғызады, бұл занды процесс. Оны шешудің бірден-бір дұрыс жолы – ғылыми жаңалықтарды негіздеу және дәлелдеу. Сонда ғана ғылыми жаңалық ғылымның алдыңғы шебінен мығым ядроға көшеді. Ойымызды тұжырымдасақ, ғылымның дамуы – дәстүрлер мен жаңалықтардың диалектикалық бірлігі процесі болып табылады. Ғылым бұрыннан келе жатқан дәстүрлерге сүйеніп және оны жаңалықтармен то-лықтыра отырып дамиды. Бұл күрделі процесс. Ескінің жаңаға орын беруі қашан да қиын жүреді. Бірақ қоғамның дамуы ғылымнан оның жаңалықтық сипатта болуын, жаңа идеялар арқылы қоғам сұраныстарына жауап бере білуін талап етеді, онсыз ғылымының өзі мәнсізденеді.
Тақырып мазмұнын жалпы қорыта айтсақ, гылым философиясы ғылымның қалыптасуын, даму динамикасын, гылыми танымның ішкі механизмдерін, әдістері мен принциптерін, гылымның адам мен қогам өміріндегі рөлін зерттейді.
Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып табылады. Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісім қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту жағынап қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі қарастыралады Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындағылары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен-бейнесін» түрліше қабылдайды Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді. Тұлғаның «Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У.Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен» Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді. 1 Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі. 2 Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен - Концепциясы» оның маңайында қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады. 3 «Мен Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады. 4 «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оған толығымен бағына бастайды. 5 «Мен - Концепциясы» уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның прогностикалық құндылығы болып табылады. 6 Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады. 7 Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен - Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары қолданылады. 8 Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. «Мен - Концепциясы» ары қарайғы дамуы «Мен - Концепциясын» бейнелеу үшін концептаулды - терминологиялық құрамын унификациялау бағытында жүрді және өлшеулер үшін сенімді эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соның негізінде, ол бірлік немесе индивидтің өзіне деген бағдарлар құрылымы ретінде қарала бастаған. Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды «Мен» (индивидтің дәл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - әлеуметтік «Мен» (индивидтің ойынша қоршағандары қалай қабылдайтындығы жайлы) - идеалды «Мен» (индивидтің болғысы келетін бейнесі». Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде адамның әлеуметтік мінез-құлқына «Мен - бейнесінің» «өткені» мен «болашақ» бейнелерінің әсері зор екендігі дәлелденген. Дәстүрлі түрде адамның психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болып табылатын барлық психотерапевтикалық практикаларда негізінен колданылатын «Мен үғымының» уақытша ұғым идеялы, әсіресе олардың өзара сәйкес келмеушіліктеріне баса назар аударылады. «Мен - өткен шақ», «Мен- болашақ», «Мен - қазіргі» арасындағы белгілі бір дәрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік-психологиялық дезадапциясының негізгі фаткоры негізінде (К.Хорни) немесе алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде (К.Роджерс) немесе тұлғаның өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дәрежесінің бір ретінде (А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен мазасыздық бастауы ретінде (Т.Хиггинс) қарастырылады Көптеген зерттеулерде адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер; 2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді. «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады. «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшіне байланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады. Әр тұлға ақиқатты өз субъективті қабылдауымен байланысты интерпритациялайды және оның ішкі әлемі толығымен тек оның өзіне ғана ашық. Тек субъективті тәжірибені түсіну адам мінез-құлқы түсінуде кілт болып табылады. Сол себепті адамның субъективті сезінулерін зерттеу психологиялық зерттеудің негізгі аспектісі болып табылады. Себебі, нақ осы сезінулер мінез-құлыққа жауапты, сонымсн қоса, мінез-құлыққа адамның болашағын қалай болжайтындығы әсер етеді. Л.Хьелл, Д.Зиглердің оқулығында осы мәселеге байланысты мынадай мысалдар келтіріледі: «Егер де жас әйел өзін ер азаматтармен қарым-қатынасқа түсе алмаймын деп есептесе, онда ол өткен шақ қиыншылығынан емес, болашақта болар сәтсіздіктен корқады. Ол бұл жағдайда өзінің ер адамды қызықтырмаймын деген өз-өзіне қойған болжауына бағынып тұр. Осындай теріс көзқарастан құтылу арқылы ол болашақта сексуалды сәттілікке қол жеткізер еді». Бұдан көретініміз, К.Роджерс тұлғаға байланысты «осы шақ — болашақ» контексіндегі иесяны ұстанады Тұлға дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан түсіндіруде оның мотивациялық құрылысы негізге алынады. Мотивацияның тұлға өміріндегі мәні жайлы сауал көптеген ғалымдарды толғандырған, солардың бірі болып Л.Маслоу есептелінеді. Ол адамның барлық қажеттеліктері туа біткен және олардың іскс асуы доминантты иерархиялық жүйеге сүйенеді деп ұсынған.
Достарыңызбен бөлісу: |