4.Бақылау сұрақтары
1.Болмыс ұғымын анықта.
2.Болмыстың түрлеріне мысалдар келтір.
3.Болмыс пен материяның арақатынасын анықта.
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
Тақырып бойынша ойын ортаға салу және МӨЖ жұмыстары бойынша пікір талас өткізу.
6.Магистранттың аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
-Берілген тақырып бойынша тезис жасау
-Тақырып шеңберінде дөңгелек үстел өткізу
-Глоссарий өткізу
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:
1. Герасимов И.Г. Научное исследование. - М, 1972.
2.Кун Т. Структура научных революций. - М, 1977.
3.Логико-гносеологический анализ науки. - Алма-Ата, 1990.
4. Швырев В.С. Научное познание как деятельность. - М,1984.
5. Әбишев Қ,Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы.-Алматы,1990ж.
6.Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов Философия.-Алматы,2002ж.
7.Әбишев Қ. Ғылым тарихы мен философиясы.-Алматы,2011ж.
8.Бурова Е., Карабаева А. Философия и методология науки. - Алматы, 1995.
9.Наука в зеркале философии XX века. - М., 1992.
10.Научный прогресс: когнитивные и социокультурные аспекты. - М., 1993.
№13. Семинарлық сабақтың тақырыбы: Ғылыми зерттеудің бағдарламасын құру және ғылыми зерттеу процесі.
1. Сабақ жоспары
1. Ғылыми зерттеудің сипаты мен типін анықтау
2. ЖОО, ғылыми институт, жеке ұжым, бөлім
3. Ғылыми конференциялар, симпозиумдар
2. Сабақ мақсаты:Ғылыми зерттеу бағдарламасының бірыңғай концепциясын жасау және ЖОО-да кеңінен қолдану.
3.Қысқаша теориялық мәліметтер…
Диссертация туралы пікір- белгіленген ережелермен талабын сәйкестігі және жаңалығы мен қорытындысы ғылыми орналасуының нақтыланған дережесі, тандалған тақырыпты көкейкестігіне баға берілетін диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар мен диссертация оқуының негізінде ресми оппоненттің кеңеске ұсынуы.
Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылымфункциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі ойлауды талдаудың қажеттілігін, соның ішінде іс-әрекет , психикалық бейне , (ұғынылған, ұғынылмаған) тұлға , қарым–қатынас категорияларын анықтайды. Ойлау кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия, формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары зерттейді.
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының бара–барлығын зерттейді.
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған Әлем бейнесінің интегралды құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы бейнесін құрайды. Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты, жеке түрде шартталады. Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі болып табылады. Психология ғылымдарының негізгі салаларының (дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді. Берілген жинақта XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағы және шетел психологтарының ойлау психологиясындағы классикалық еңбектерінен үзінділер ұсынамыз. Ойлауды шынайы психологиялық зерттеу тек қана оның басқа танымдық процестер мен субъектінің қажеттілік–мотивациялық саласының өзара байланыстылығы мүмкін және интуиция , шығармашылық , өнімді ойлау терминдерінің жалпылауынан тұратын шынайылықты ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.
Ойлау психологиясы–психологияның қызықты, сонымен қатар күрделі салаларының бірі. Бұл пәннің күрделілігімен және оның теориялық және практикалық аспектілерін зерттеудің көпқырлылығымен байланысты. Адамның ойлау заңдарын түсінуге деген талпынысы психологияның дербес ғылым ретінде орнауына дейін болған. Ойлау әрқашан да және бүгінгі күнге дейін гносеология мен логика, педагогика, физиология, кибернетика тәрізді әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Ойлаудың (сана) табиғаты оның болмысқа қарым–қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі болып табылады.
Ойлауде зерттеуде өзінің заңдарын түсінуге талпынғанда ғана ой ішкі және сонымен қатар сыртқы әлемді зерттеуге бағытталады. Сыртқы әлемді зерттеу процесінде ол туралы әр түрлі ғылымдар пайда болады. Сондықтан ойлау туралы ғылым ғылыми танымның сәйкес ережелерін жалпылау мен бөлшектеу, ойдың әдіс–тәсілдерінің нәтижесінде пайда болды. Мұнда кез келген ой процестерін бөлінген формада сипаттауға мүмкіндік беретін формалды логиканың негізгі түсініктері туралы айтылады.
Логикалық ғылымның дамуындағы сәттіліктерге байланыссыз ойлауға деген логистикалық ықпал, әсіресе ойлаудың өзіне тән ережелерін түсіндірудің ерекшеліктері психология үшін жағымсыз мәнде болады. Ойлаудың шынайы процесі, оның мазмұны, динамикасы және нақты ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы зерттелмеді деп те айтуға болады.
Ең алдымен, Вюрцберг мектебінде жүргізілген эксперименттік зерттеулерді атауға болады. Мұнда зерттеу пәні ретінде ойлаудың тек қана бір түрі–сөздік–логикалық ойлау, ал зерттеу әдісі ретінде тек интроспекция әдісі болғанына қарамастан, Вюрцберг мектебінің өкілдері ойлау процесінің біраз маңызды заңдылықтарын ашты. Ең алдымен бұл ойлау актісінің белсенді және мақсатқа бағытталған сипаты, оның тұтастығы жеке түсініктердің ассоциацияға жатпайтындығы, қабылдаудан айрықша ерекшелігі және т.б. мәселелер еді. Ойлауды эксперименттік зерттеу гештальт психология мектебінде сәтті жалғастырылды, мұнда творчетсволық ойлау, сонымен қатар жаңа әдістемелік тәсілдер жасалды.
Ойлауды зерттеудегі келесі бағыт шынайы өмірдің фактілері мен құбылыстарын қарастыратын зерттеулер болды. Ғасырлар тоғысында психологиялық әдебиеттерде әр түрлі практикалық іс-әрекеттер барысындағы ой актілерінің жүруі туралы мәліметтер көптен шыққан. Таза ойлауды зерттеудегі артефактілер, атап айтқанда, ойлаудың мотивациялық сферамен байланысы психологиялық талдаудың пәні болды. Маңызды қосымша материалдар клиникалық бақылаулардың негізінде алынды.
Ойлаудың келесі–фило–және онтогенетикалық зерттеулері психикалық дамудың кез келген сатысындағы өзгермейтін және әмбебап ойлау заңдары туралы түсініктердің қайта қаралуымен байланысты. Жануарлармен тапсырмаларды шешуге арналған эксперименттік зерттеулер, алғашқы адамдардың халықтардың саналы өмірінің заңдылықтарын зерттеу, балалар ойлауының ерекшеліктерін зерттеу ой процестерінің тарихи табиғатын көрсетті, оның дамуының сапалы сатылары туралы мәселені көтерді.
Кеңестік психологияның ойлау теориясы мен зерттеу әдіснамасына қосқан маңызды үлесі адамның сыртқы, практикалық, ішкі, ақыл–ой іс-әрекетінің байланыстарын бөліп көрсету мен құрылымдық ұқсастығын анықтау болды.
Университет – мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды ғылыми және ғылыми – педагог қызметкерлерді қайта даярлауды немесе солардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми- зерттеулер жүргізілетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны.Университет неміс тілінде Universitat, латын тілінен universitas-жиынтық деген мағынаны береді. Бірнеше жеке факультеттері бар, көп салалы жоғары оқу орны, әрине ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Институт - латын тілінен institutum-орнықтыру, мекеме деген мағынаны білдіреді.Жоғары білім беретін оқу орны, ғылыми-зерттеулер жүргізетін мекеме, қоғамдық құрылым, қоғамдық қарым-қатынас, ережелер мен құқықтарды әлеуметтік, мәдени білім беретін қоғамдық ұйымдардың жиынтығы; институт-орнату, белгілеу, құру деген мағынаны береді, басты бағыт экономикалық, саяси, құқықтық, педагогикалық, рухани, қоғамдық өмірді сипаттайтын әлеуметтік және қоғамдық қарым–қатынастар мен адамдардың мінез-құлық, әлеуметтік өмір сүру ережелері болып табылады.
Консерватория – латын тілінен conservatorio-жоғары музыкалық білім беретін оқу орны.
Достарыңызбен бөлісу: |