Сапалы эссе жазу ұсыныстары



бет7/9
Дата19.10.2022
өлшемі39,2 Kb.
#153794
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
эссеге керек

эссе құрылымы үш бөліктен тұрады:

  1. Кіріспе бөлімде бастапқы деректерді баяндайды, зерттеу проблемасын тұжырымдайды. Кіріспе бөлім ұзақ болмайды.

  2. Негізгі бөлімде мәтіннің мазмұнын ашады, нақтылайды, дәлелдейді, талдайды. Бұл бөлікте оқушының тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіруі, өз пікіріне аргументтер келтіруі, келтірілген аргументтерді сараптауы, пікірге қатысты ойын жинақтауы керек. Сондай-ақ эссенің қай бөлігінде болмасын, ұрандатпай, мәселеге объективті түрде баға бере білген жөн. Сонымен қатар бізге қалай қорғанатынымызды, аргументацияларды қоюды білуіміз керек. Ал біз мұны цитата көмегімен жасаймыз. Цитата өткен уақытта онша дұрыс қолданылмаған. Қазір плагиат қолданбау керектігі туралы жиі айтылады. Бұл ежелгі гректер мен римдіктер үшін сандырақ болар еді. Себебі олар өз сөздеріне сендіру үшін, әрдайым біреудің ойларын қолданатын еді. Бұл жасауға болмайтын нәрсе емес, керісінше, тек адамдарға бұны қайдан алғаныңызды, қайнар көзін көрсетуіңіз керек.

  3. Қорытынды бөлімде негізгі бөлімде айтылған ойлардың қысқаша тұжырымы, қорытындысы жазылады. Жоғарыда нақты не айтылды? Егер сіз қорытынды бөлікте жаңа дискуссия бастасаңыз, онда жаңа идея туындайды. Олай болса, сізге жаңа эссе жазуға тура келеді. Бұл – сіздің уақытыңыздың текке жоғалуы. Қорытындыға жаңа ештеңе қоспаңыз. Бұл бөлік – бұған дейін жазылғандардың түйіні. Қорытынды бөлікте «қорыта келе», «қорытындылай келе», «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» секілді қыстырма сөздерді қолдансаңыз болады.

Жақсы эссе жазудың басты тәсілі – жоспар бойынша жазу. Алайда жоспар тым егжей-тегжейлі болмағаны абзал. Себебі басынан аяғына дейін жоспарланып, бірақ онша жақсы шықпайтын эсселер болады. Жоспар – сіздің ең басында айтпаған әрі айтпайтын түсінігіңіз. Жоспар – сіздің басты әрі маңызды идеяңыздың түйінін қалдырып қою шеберлігіңіз. Жоспарды дұрыс құру үшін, қай бөлікте не жазу керектігін білу маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет