Сапалы эссе жазу ұсыныстары



бет2/9
Дата19.10.2022
өлшемі39,2 Kb.
#153794
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
эссеге керек

Кіріспе (тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі):

Ерлік – адам баласына тән ерекше қасиет. Жауапкершілікті сезінуден туындайтын саналы тіршілік иесінің әрекеті, орын алған оқиғаға қатысты орынды шешімі, іскер қимылы деп түсінемін. Менің ойымша, бұл тақырып – тұлға ретінде қалыптасуға талпынған жас ұрпақ, мен және менің достарым үшін шешімді пікір айтуға, толғана ой түюге мүмкіндік тудыратын, аса маңызды сұрақ. Иә, ерлік жасау – кез келген адам бойынан табылатын қасиет. Ал сол қасиеттің қайнар көзі – адамгершілік сезімдер толқыны, намыс пен рухани жігер, жауапкершілікпен шешім қабылдай білу.

Тақырыптың, сұрақтың өзектілігін айқындайтын сөйлем:

...бұл тақырып – тұлға ретінде қалыптасуға талпынған жас ұрпақ, мен және менің достарым үшін шешімді пікір айтуға, толғана ой түюге мүмкіндік тудыратын, аса маңызды сұрақ.

Тезис:

Иә, ерлік жасау – кез келген адам бойынан табылатын қасиет.

Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімді байланыстыратын сөйлем:

Ал сол қасиеттің қайнар көзі – адамгершілік сезімдер толқыны, намыс пен рухани жігер, жауапкершілікпен шешім қабылдай білу.

Негізгі бөлімнің ішкі құрылымы: тезиске қатысты пікір, оны айқындайтын аргумент, ойды қорытындылайтын сөйлем.

1-абзац (ой үзігі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет