1. Берілген тақырыппен танысу
|
2. Ойды жүйелеп алу
|
Берілген тақырып аясында қандай мәліметтер маған таныс?
|
Ақпарат, мәлімет, деректерді жинақтау, салыстыру, талдау барысында қандай пікірлер туды?
|
Ой-пікірімді қандай мысал, дәлел, дерек, дәйексөздермен бекіте аламын?
|
3. Нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін әрекет, әдіс-тәсілдерді қолдану
|
Мәселен, тақырыпқа қатысты өзі білетін ұғым, сөз, атау тізбегін жазып шығу.
|
Дереккөздермен (кітап, баспасөз, интернет және т.б.) дереккөздермен жұмыс жасау. Пікіралмасу мүмкіндіктерін қарастыру.
|
Тезис түрінде пікірлерді, ерекше әсер еткен ой, сұрақтарды жазып қою.
|
4. Жазылу құрылымы талаптарына сай бөлімдерді анықтап алу
|
Кіріспеде не айтамын?
|
Негізгі бөлімде не жазамын?
|
Қалай қорытындылаймын?
|
Бұл – ашылатын тақырып пен мәселеге бастайтын ой басы.
Тезис беріледі.
|
Тақырыптың мазмұны ашылатын бөлім. Тақырып немесе мәселе туралы тоқтамды ой, толғандыратын сұрақ, дәйекті ой, дәлел, шынайы пікір жазылу керек. Жеке пікір өте маңызды.
|
Мәселеге, тақырыпқа қатысты тұжырымды пікірімді білдіруім керек.
|
|