72Әйелдер кеңес мекемесіне жүкті әйел кезектегі акушер қарауынан өтуге келді. Жүктілік мерзімі 19 апта 5 күн. Тексеру барысында артериалды қан қысымы 100/60 мм.сын.бағ. көрсетті. Аяқтарында, балтырында ісінулер. Сіздің болжам диагнозыңыз.
Жүктілікпен туындаған ісінулер.
Жүктілікпен туындаған протеинурия.
Жүктілікпен туындаған протеинуриямен жүретін ісінулер.
Жүктілікпен туындаған протеинуриясыз жүретін гипертензия.
Жүктілікпен туындаған гипертензиясыз ісінулер мен протеинурия.
73Қайта босанушы 29 жаста. Үйінде болған ұстамамен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезіндегі жағдайы ауыр, АҚҚ екі қолында 180/110 мм.с.б. Шағымдары: бас ауруы, көз көруінің нашарлауы, іш аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі. Жүктілік 37-38 апта. Алдын-ала диагноз?
Жүктілік 37-38 апта. Ауыр кеш гестоз. Эклампсиялық ұстамадан кейінгі жағдай
Жүктілік 37-38 апта. Преэклампсия
Жүктілік 37-38 апта. Эклампсия
Жүктілік 37-38 апта. Кеш гестоз
Жүктілік 37-38 апта
74Алғаш босанушы 18 жаста. Жүктілік 38-39 апта. Перзентханаға бас ауруы, көз көруінің нашарлауы, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, лоқсу шағымдарымен жеткізілді. АҚҚ 170/110 мм.с.б; аяқтарында, іш аймағында ісінулер байқалады. Зәрдегі ақуыз – 0,3г/л CITO. Алдын-ала диагноз? Тактика?
Жүктілік 38-39 апта. Ауыр преэклампсия. Магнезиалды терапияның старттық дозасын бастау
Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Магнезиалды терапияның старттық дозасын бастау
Жүктілік 38-39 апта. Эклампсия. Магнезиалды терапияның старттық дозасын бастау
Жүктілік 38-39 апта. Ауыр преэклампсия. Магнезиалды терапияның қолдаушы дозасын бастау
Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Магнезиалды терапияның қолдаушы дозасын бастау
75Бірінші жүктілік, жүктілік мерзімі 18 апта 3 күнмен әйел кезекті акушерканың қарауынан өтуге келді. Шағымдары: екі күннен бері аяқтарында, екі балтырында ісінулер пайда болуы, кіші дәреттің азаюы. Бүгін ісінулер бетіне өткен. Объективті тексеру барысында анықталған: аяқтарындағы, балтырындағы ісінулер, бетінің дөңгеленуі. АҚҚ 90/60мм. сын. бағ. Лабораторлы зерттеу: жалпы зәр анализі – қалыпты. Акушерка жүктіліктен туындаған ісінулер деп диагноз қойды. Ісінулердің ауырлық деңгейі бойынша қандай дәреже?
III дәреже
I дәреже
II дәреже
VI дәреже
V дәреже