6217.02.2023 күні жүкті әйел акушердің қабылдауына келді. Ds: Жүктілік 27 апта 5 күн. Шағымдары жоқ. Физикалық зерттеуде: АҚҚ сол қолында-140/90 мм сын.б.б., балтырында ісінулер байқалады. 16.02.2023-тен жалпы зәр анализі: ақуыз – 0,3г/тәулік. Қан қысымын 15 минуттан кейін қайтадан сол қолында өлшегенде-140/110 мм сын.б.б. Акушерка 103-ке хабарлап, Магнезиалды терапияның старттық дозасы бастады. Жедел жәрдем бригадасы 20 минутқа кешігіп жатыр. Акушерканың келесі тактикасы?
магнезиалды терапияның қолдаушы дозасын бастау 80 мл 25% MgSO4 320 мл физиологиялық ерітіндіге қосып т/і тамшылатып, 11 тамшы/мин жіберу
10-20 минут ішінде 25% 20мл MgSO4 т/і еңгізу
ацетилсалицил қышқылын беру
терезені ашу, қан қысымын өшеу
ұрықтың жағдайын қадағалау
63Жүкті әйел жүктіліктің 18 аптасында басының ауырсынуына шағымданып әйелдер консультациясына келді. Қарау кезінде: санасы анық. АҚҚ 150/90 мм.с.б. екі қолдан. Әйелдің айтуынша бұрын-соңды АҚҚ жоғарылауы болмаған. Алғаш рет тіркеліп тұрғанын растайды. Сіздің болжам диагнозыңыз.
созылмалы АГ
гестационды АГ
преэклампсия
эклампсия
тұрақты АГ
64Қайталап жүкті болушы, қайталап босанушы, 38 жаста. Жүктіліктің 34 аптасында бас ауырсынуына, көз көруінің нашарлауына, жайылған ісікке шағымданып қабылдау бөліміне келіп түсті. АҚҚ оң қолда 150/100 мм.с.б, сол қолда 140/90 мм.сын.б. Зәрдегі нәруыз cito – 5,0 грамм. Сіздің болжам диагнозыңыз.
ауыр преэклампсия
преэклампсия
созылмалы АГ
эклампсия
гестационды АГ
65Әйелдер кеңес мекемесіне физиологиялық жүктілікпен жүкті әйел кезекті акушер қарауынан өтуге келді. Жүктілік мерзімі 28 апта 2 күн. Шағымдары: 1 тәулік бойы бастың ауруы, көз көруінің нашарлауы. Тексеру барысында сол қолында АҚҚ 140/100 мм. сын. бағ көрсетті. Аяқтарында, балтырында ісіктер байқалады. 15 минуттан кейін сол қолында АҚҚ 150/100 мм.с.б. Соңғы жалпы зәр анализін 1 апта бұрын тапсырған. Акушерканың тактикасы?
CITO жалпы зәр анализі
магнезиалды терапияның қолдаушы дозасын бастау 80 мл 25% MgSO4 320 мл физиологиялық ерітіндіге қосып т/і тамшылатып, 11 тамшы/мин жіберу
каптоприл 25 мг тіл астына
нитроглицерин тіл астына
коринфар 10 мг тіл астына