мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұм- сайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар жəне т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді.
I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар жəне т.б.). Ин- вестицияны жалпы жəне таза деп бөледі. Егер жалпы инвести- циядан өндіріс үдерісінде ескірген машиналар мен станоктарды жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек, онда таза инвестицияны табамыз.
Тазаинвестиция=Жалпыинвестиция–Амортизация G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мем- лекеттік аппарат пен əскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.
Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда бай- ланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза экспорт оң болады, керісінше болса, онда таза экспорт теріс мəнді болады.
Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономика- лық агенттердің табыстары қосылады.