мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) жəне жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары.
R – рента жəне арендалық төлемақылар түріндегі табыстар. r – жинақтаудан түсетін пайыз.
T – кəсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалар- дан алынып мемлекетке түседі.
A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған
өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да, қайтадан қай- тарылады.
Ұлттық есепшоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэко- номикалық көрсеткіштер экономикалық əрекеттердің бір жыл ішіндегі жəне сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нəтижелерін сипатайды, сондықтан бұл көр- сеткіштер атаулы мəнге ие болады.
ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен əсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) жəне нақты деп бөлеміз.
Атаулы ЖҰӨ – бұл осы жылғы ағымдағы бағалармен есеп- телген ЖҰӨ көлемі.
Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын жəне базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
Атаулы ЖҰӨ-ді нақты ЖҰӨ-ге келтіру үшін екі индекс қолданылады:
Тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ);
ЖҰӨ дефляторы.
ЖҰӨ-ді есептеудің кейбір қиыншылықтары бар. Мысалы, егер жеке адам көлік сатып алса, онда С болады, ал фирма сатып алса І болады. ТБИ-ды анықтау үшін «тұтыну қоржыны» пайда- ланылады.