ЖТ = ҰТ – əлеуметтік сақтандыру жарналары – бөлінбеген пайда – корпорациялық табыс салығы + трансферттік төлемдер
Жеке табыстан азаматтардың жеке салықтарын: табыс са- лығын, мұра жəне мүлік салығын шегерсек қолда бар табыс қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады.
ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды, олар халықтың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылыми- техникалық прогрестің жəне экономикалық өсудің жағымды жəне жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың өмір сүру сапасын жəне əл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық, таза экономикалық əл-ауқат жəне жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты көрсеткіштер анықтайды.
ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мəселесі қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өнді- ріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрам- дас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді бол- дырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық бағасы ғана алынады.
Соңғы өнім – бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім.
Аралық өнім – өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі.
Тəжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған құнды есептейді.
Қосылған құн – бұл шикізат пен материалдарға кеткен шы- ғындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген та- уардың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмыс- шы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді:
мемлекеттік трансферттік төлемдер, зейнетақылар, шəкірт- ақылар, жəрдемақылар, сақтандыру төлемдері;
қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату;
ұсталған тауарларды сату (sekond-hand).
ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш əдіс қолданылады:
шығындар бойынша (соңғы пайдалану əдісі);
табыстар бойынша (бөлу əдісі);
қосылған құн бойынша (өндірістік əдіс).
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономи- калық агенттердің шығындары қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |