Сарыағашауданы№26 Т.Өстеміровжалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талипова Айгул Исабекқызы



Дата29.03.2017
өлшемі133,12 Kb.
#12428



Сарыағашауданы№26 Т.Өстеміровжалпы орта мектебінің дене шынықтыру

пәнінің мұғалімі Талипова Айгул Исабекқызы

Қазақстанның болашағы үшін мектептегі мұғалімнің білімі, біліктілігі , оқушымен дұрыс жұмыс жүргізілуі нәтижесінде іске асады. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұгалім » (Стронг, Вард , Грант 2011 ) - деп айтса . 19 ғасырда қазақтың ақын –жазушылары ұстаздың негізгі тұлға екенін сол кездің өзінде жырға қосқан. Ал теориялық білімдерімізді тиімді әрі жүйелі іске асырғанда оқушылардың тек білім – білік дағдыларын меңгеруі ғана емес, өз-өзіне сенімді, алғыр , ақпараттарды жан –жақты талдай алатын, ой-өрісі кең оқушыларды тәрбиелеуге болады деп ойлаймын.Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша айтсам волейбол спорт ойыны - бар ұлт үшін ортақ қазына , өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып енгізген.Волейбол біздің халқымыз арасында жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.Волейбол ойынына тән ерекшелік оның ұжым болып ойнауында , ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғамда бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы десекте болады.Қоғамда спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі мәдениет пен спорт , денсаулық кепілі, олай болса барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамдардың өмірін, оқуын, еңбегін , спорттық жетістіктерін, күш қуат мәдениетін ұйымдастырудың ең тиімді құралы. Волейбол ойнаушы 12-адамнан тұратын 2- команда жұртты өз айналасына жинап қызықтайтын керемет спорт ойыны . Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы - Американың Гелиоке қаласы. 1895- жылы колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис торын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа алма – кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оның оқушылардың қайталауын талап етеді .Волейбол – деген сөздің мағынасы «ұшатын доп» .



Жоғарыда атап көрсеткендей мұғалім оқыту үдерісін жақсы ұйымдастыра алғанда ғана нәтижеге қол жеткізеді . Ал нәтижелі сабақ өту үшін тиімді тәсілдер керек . Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған ( Хэтти 2009 ) . Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту , алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 4 – бет ) .Осы мақсатты менде негізге ала отырып , сындарлы оқыту теориясының 7 модулін сабақта пайдалану тиімді болады деп шештім .Болашақ волейболшылар үшін қойылатын негізгі талаптардың бірі , оның ойын кезіндегі жеке рөліне де тікелей байланысты. Жалғыздың үні шықпас жаяудың шаңы шықпас , жалғыз шауып бәйге алмас, -деген халық мақалының педагогикалық мәніне көңіл бөлгендері жөн деп ойлаймын .Әртүрлі қабілеттер арасындағы өзара байланысқа негізделген зерттеулер жүргізу және ортақ зияткерлік факторының бар екендігі туралы пікірді берік ұстанатын тұрақты дәстүрлер осы күнге дейін сақталып отыр. Алайда Говард Гарднер 2006 зияткерліктің өзара байланысын тап басып көрсету мүмкін емес деп ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық.17 –бет).Әрине мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасы , қабылдаған шешімінің және іс -әрекетінің негізі ( Пажарес 1992 ) деп атап өткендей , өзімнің шешімімді мынадай маңызды басымдықтар мен көрсеткім келеді .Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар :Жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылу.Оқушылардың білім түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғыну.Кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 5-бет ) Осы басымдықтарды іске асыруда Шульманның бас, қол, жүрегін өзіме көмекші ретінде ала отырып тізбектелген сабағымды ұсындым.

Сабақтың тақырыбы:«Шабуылдау әдісі»Бұл сабағымды меңгерту үшін өзіме мынадай мақсат қойдым. Бірінші «Бетпе – бетте» үйренген жаңа әдіс – тәсілдерді, модульдерді пайдалану арқылы меңгерту.

Сабақтың мақсаты:Волейбол ойынында оқушыларға шабуылдау әдісін үйрету арқылы сыни ойлауға дағдыландыру.Мен өзімнің қойған мақсатыма қарай күтілетін нәтижем. Оқушылардың ойын барысында ойлау қабілеттері артты. Оқушылар топтық ойын барысында белсенділік ынтымақтастығы артты.Әрине сабақты басынан бастап оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін қолдандым. Себебі оқушылармен сәлемдесіп алып, ынтымақтастық атмосферасын орнаттым. Мұнда шаттық шеңберін құрап балаларды арман – қиялға жетелемек боп, болашақта қай жерде жоғары білім алғыларың келетінін айтып шығыңдар дедім. Балалар қуана әр қаланы айтып шықты. Нәтижесінде балалар өз-ара әңгіме құрды, өзара ынтымақтастық орын алды.балалар бір- бірімен жақын отырып дамиды деп топқа бөлдім. «Сандар сөйлейді» әдісімен оқушылар 4түстер арқылы 1 ден 4 – ке дейін санап шығып, 4 топқа бөлінді. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың волейбол ойынына деген қызығушылығын , ойлау қабілеттерін арттырады. Белсенді, ынтымақтастыққа, жолдастыққа, сыйластыққа, адамгершілікке баулиды. Яғни волейбол ойынының шабуылдау әдістерін үйретуде. Сабақты оқыту кезінде оқытудың жаңа әдіс тәсілдері жекелей және топтық жұмыс , жұптық жұмыстар қолдандым. Оқушылардыңжас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытуды басқару және көшбасшылық ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Үй тапсырмасын сұрау барысында АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульдерін пайдаландым. Себебі оқушыға да, өзіме де көрнекіліктің тиімді болуы үшін слайдтан тапсырма бердім, талантты және дарынды балаларды оқыту модульдерін пайдалану арқылы оқушылармен практикалық, теориялық жұмыстар жүргіздім, ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды сапқа тұрғызып, сыныптағы топ мүшелерібасқруымен сабақташеңбер құрып«Жүректен жүрекке» бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы көңіл күйде қатыстырып, жылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.Оқушылар дене қыздыру жаттығуларын жасау кезінде. Тізені алға жоғары көтеріп, оң, сол жағымен иықты айналдырып , қолдың кистерін алға, артқа айналдырып, жартылай, толық отырып , жылдамдықты арттыратын жаттығулар жасады. Сонымен қатар сабақ өту барысында оқушылардың спорттық киімдеріне назар аударып, спорттық формада болуын қадағалап отырдым. Әр жасаған жаттығуларын дұрыс жасауын, жаттығу кезінде арақашықтықты сақтап, дұрыс дем алуын қадағаладым. Дене қыздыру жаттығулары аяқталғаннан соң, оқушыларды сапқа тұрғызып «күшті » , « жақсы» сөздері арқылы екі топқа бөлдім. Сыныпты екі топқа бөлген соң , екі топты алаңның екі жағына шығарып , өткен сабақтағы допты ойынға қосу әдісін қайталадық. Бірінші топ допты астынан ,үстінен ойынға қосып үйренсе , екінші топ допты екі қолмен допты қабылдап алу түрлерін үйренді. Допты ойынға қосу арқылы допты ойынға қосу, қабылдап алудың әдіс тәсілдерінде меңгеріп үйренді .Келесі кезекте әр топ өз алаңдарында тұрып , допты екі қолмен астынан алу, допты жоғарыдан алу, шабуылдап соғу тәсілдерін меңгерді.

Осы әдіс тәсілдерді ойнап болғаннан кейін Мини лекция: оқушыларға шабуылдау әдісін үйретутақырыбына бейне ролик арқылы қысқаша сипаттама беріпволейбол ойынын көрсетіп өттім .Сонымен қатар оқушылар тордан шабуылдап соғып үйренді. Оқушылар тордан шабуылдап соғу кезінде өзімде допты тордан шабуылдау әдісін көрсетіп, нұсқаулықтар беріп отырдым .Допты шабуылдап соғу әдісі кезінде бірінші кезекте жүгіріп келіп екпін алу ,екіншіден жоғары секіру , үшіншіден жоғары секіру арқылы допты тордан асыра қарсыластың алаңына дәл бағыттап ұпай әперу керек екендігін айта отырып , сыни тұрғыдан ойлауына , оқытудағы көшбасшылыққа , жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу талантты және дарынды балалардың икемділігін анықтап дәл басып тануға тырыстым .

Негізгі кезеңде оқушыларды ықшамдалған ойын ережесімен екі топқа бөліп волейбол ойынын ойнаттым.Осы сыныптың оқушылары волейбол ойынында өздерінің үйренген әдіс тәсілдерін допты ойынға қосу , шабуылдап соғу кезінде , тосқауыл қою , қорғаныста ойнау кездерінде барынша көрсетіп отырды .Өйткені осы сыныптың оқушыларынан құралған мектептің ұлдар командасы бірнеше мәрте аудандық жарыстардың жеңіпазы болса қыздар, командасы аудандық жарыстардың жүлдегерлері болған.

Сабақ өту кезінде қосалқы құрамда қалған оқушыларды тапсырмалар беріп , алаңдағы оқушылармен алмастырып отырдым. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуға байланысты алаңдағы ойыншылардың міндеттерін айтып нұсқау беріп отырдым.Мұндағы менің мақсатым «В» деңгейдегі оқушыларды қамтып кету болды. Әрине мұнда жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу мен оқыту модулі кіріктіріліп отыр өйткені мен мұнда деңгейлік тапсырма беріп отырмын. Балалар түсінгендерін қолданып сызба кестені толтырды. Оқушылар алған білімдерін қолдануы болса, мақсатыма жеттім. Балалар алған білімдері арқылы теория мен практиканы ұштастырыпқажеттілерін есте сақтау үшін сызбаға толтырды. Қолдануды үйренген оқушыларға осы ойынды ары қарай толықтыру мақсатында «Миға шабул»әдісі арқылы сұрақ-жауап пайдаландым. Бұл әдісте талантты және дарынды балаларды қамтып кету үшін ашық сұрақтар бердім, мұндағы мақсатым жоғарыда айтып өткенімдей сабақты талдату болса жәнеде оқушының барлығын дерлік қамтып мақсатыма жету деп ойлаймын, себебі деңгейлік тапсырма беруде барлық оқушы қамтылды. Күтілетін нәтижелерімде көрініс таба бастады. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі кіріктірілсе, сыни тұрғысынан ойлау модулі мен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер көрініс тауып отырды.

Бұл сыныпта талантты және дарынды оқушылар өте көп. Сондықтан осы оқушылардың таланты мен дарындылығын анықтау, алдағы жарыстарда ауданның, облыстың , Қазақстанның намысын қорғайтын спортшыларды дайындап шығаруды өзіме басты мақсатым деп білемін . Сабақ соңында өзін- өзі бағалау тәсілін пайдаландым .

Бағалау критерииі

-Үй тапсырмасы

-Допты ойынға қосу

-Жаңа тапсырма

-Шабуылдау әдісі

-Ықшамдалған ережемен волейбол ойнау

Қорытынды бөлімСұрақ – жауап кезеңі

Оқушылардың орындаған тапсырмалары смайликпен , жұлдызша , төртбұрыш , үшбұрыш арқылы бағаланып отырды . Оқушылардың ойын кезінде көшбасшылыққа ұмтылу , талантты және дарынды балаларды тану, белсенділігін, ептілігін , икемділігін дәл тану, логикалық ойлау қабілетін дамыту , әдіс тәсілдерді меңгеруге деген құлшыныстарын дамытып арттыру үшін , «жарайсыңдар» жақсы ойнадың, сөздері арқылы мақтап , мадақтап, көтермелеп отырдым. Ойын кезінде оқушылар бір- біріне көмектесіп , ынтымақтаса , белсенді , шымыр болуымен қатар, волейбол ойынының шабуылдау , допты ойынға қосу , тосқауыл қою , қорғаныста ойнау әдістерін үйренді .Сыни ойлау қабілеттерін арттырды .Сұрақ -жауап қою арқылы пікірлесіп ойлау қабілеттерін дамытатынын білдім .Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы, талқылаудың , бақылаудың нәтижесінде алынған ақпараттарды ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған . Мысалы олар:



  1. Оқушылар топта өз ойларын білдірді .

  2. Басқа топта идеялардың болатындығын білді.

  3. Оқушылар өз идеяларын дәлелдеді .

  4. Мұғалімдер оқушыларды оқыту барысында олардың қандай деңгейде екендігін түсінеді.

Өткізілген волейбол ойынындағы « Шабуыл жасау» әдісі сабағымда

оқытуды бағалау мақсатым , оқушылардың сабақ өту кезімдегі білімін анықтау, осы бағалау арқылы өзімнің де кәсіби біліктілігімді көрсету арқылы әділ баға беруге тырыстым . Әділ бағалау арқылы оқушылардың оқуда алға қадам басуға және оларға қолдау көрсету үшін пайдаландым .

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес . Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды . Олар қолданған нысанының артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес , сондай-ақ баланың дамуы , оқуы және ынтасы туралы түсінік , сонымен қатар өзін-өзі бағалау , қабілеттік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер 2001) 56-бет.

Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және нені істей алатындығын, тапсырманы орындап отырған оқушылардың іс- әрекеттерін , сұрақтарға жауап беруін бақылай отырып, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс орнаттым.

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, бұл талантты және дарынды балаларды оқыту модульімен тікелей байланысты ал, оқытуды басқару және көшбасшылық модульі білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды . Көшбасшылық бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады .

Сабақ өту кезінде оқушылардың әр тапсырмаларды орындауы ,оқушылардың іс - әрекеттерін, нені білетіндігін , оқушылармен біреге жұмыс істей отырып олардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін анықтауға болатынын түсіндім .

Сабақтың қорытындылау кезеңінде оқушыларды оқу үшін және оқыту үшін бағалау , бұл мұғалімнің сыни ойлау қабілетімен және сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен тығыз байланысты . Сондықтан сабақты өту барысында оқушылардың жекелеген тұстарын зерттей отыра , бағаладым . Бағалау арқылы талантты және дарынды балалардың қабілетін аша білдім.Олардың алған білімдерін ары қарай дамыту үшін , өзімнің оларға көшбасшы , білімді болуым арқылы олардың да көшбасшы болуға лайық екенін көрсете білуім керек екенін білдім .

Пайдаланылған әдебиеттер.



1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

2.Мұғалімге арналған нұсқаулыққа берілген қосымша материалдар.
Каталог: materialy -> makala
makala -> С. торайғыров шығармашылығы дуйсебаева Жанар Канатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Созақ ауданы, Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектебі
makala -> Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы
makala -> Ана тілі пәнінде интербелсенді оқытудың Қолданудың тиімділігі
makala -> Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
makala -> 1. Отан, туған жер туралы
makala -> Бөрібай Ұлбосын Арыс қаласы «Жиделі» жом қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көркем әдебиеттің өмір танытушылық маңызы
makala -> Нартаева Нилуфар Абдувахабовна
makala -> Кансеитова Алтынай Баглановна Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау жом, бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы Игембаева Бибигул Сарсенбиевна білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық шығармашылығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет