Нәтижені бағалау: Бала берілген тамақ көлемін ішіп, тыныштануы.
Баланы зонд арқылы тамақтандыру Мақсаты: Сору және жұту рефлекстері төмен немесе жоқ болған жағдайда балаға қажет тамақ
Көрсеткіші:Нәрестенің мазасызданып «тамақ сұрауы», емшек еме алмау жағдайы, шала туылғандық, сору және жұту рефлекстері төмен немесе жоқ болуы.
Кері көрсеткіші: асқазан жарақаты.
Керекті құралдар:
Резеңке қолғап
Бас орамал, маска
37-380С дейін жылытылған бір реттік тамақ көлемі
Стерильді асқазан катетері
Қысқыш
Құралдарға арналған лоток
Электроотсос немесе груша
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Баланың басын жоғарылатып бір жақ қырына жатқызу, бұл қалыпты валик арқылы бекіту.
Катетерді құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін, мұрын ұшынан семсер тәрізді өсіндіге дейін өлшеп алып белгілеу.
Зондқа шприцті жалғап, ауа жіберу арқылы өткізгіштігін тексеру.
Шприцтің поршенін алып тастап сол қолға алып,катетерді жалғап жабық жағын (ұшын) жоғары қаратып 1-2 саусақтардың арасынан өткізіп ұстау. Шприцтің 1/3 бөлігін сүтпен толтыру.
Зондтың жабық жағын (ұшын) оң қолға алып, абайлап төмен түсіріп сүтпен толтыру (сүттің алғашқы тамшысы пайда болғанша).
Катетерді шприц жақтан 5-8 см қашықтықта қысқышпен қысу. Қысқыштың сақинасын сол қолдың үлкен саусағына орналастыру. Жабық жағынан оң қолмен ұстау, сүтке малу.
Астыңғы мұрын жолы арқылы немесе тілдің ортаңғы сызығы арқылы ауызға зондты енгізу. Зондты енгізу кезінде балада ентігу, көгеру пайда болған жоқ па қадағалау керек.
Шприцті көтеріп, катетерден қысқышты шешу, шприцтің биіктігін қадағалай отырып, сүтті абайлап баланың асқазанына жіберу. Сүт шприцтің ауыздығына жеткенде қысқышты қайтадан салу.
Оң қолмен салфетка арқылы зондты тез алып тастау.
Бас жағын жоғары салып баланы төсекке оң жақ қырына салып жатқызу.
Қолданған барлық жабдықтарды дез.ерітіндіге салу.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту: Асқазан катетері баланың жасына және салмағына сәйкес алынады.
Шала туылған балаға тамақтанудың алдында және соңында оттегі беріледі.
Катетерді мұрын қуысы арқылы енгізгенде оны жабысқақ жолақпен бекітіп 2 тәулікке дейін қалдыруға болады.