Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет49/129
Дата08.02.2022
өлшемі6,48 Mb.
#123287
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129
Байланысты:
алгоритм

Тырнақтың күтімі

  1. Баланың тырнағын нәрестелік кезеңнен бастап алу керек.

  2. Қолдың тырнақтарын доғалап, аяқтың тырнақтарын түзу алу керек.

  3. Баланың тырнағын алу үшін ұшы дөңгеленген кішкене қайшы қолданылады.



Гнейс кезінде бастың шашты бөлігін өңдеу
Мақсаты: Себореялық қабыршықтан тазалау.
Гнейс кезінде тері қабатының зақымдануының алдын алу.
Көрсеткіші: баланың басының шашты аймағында гнейстің болуы.
Кері көрсеткіш: Баланың ауыр жағдайы.
Керекті құралдар:

  • Стерильді өсімдік майы;

  • Мақта тампондары;

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Бас киім;

  • Дәке салфеткалары 10х10 немесе 15х15см;



Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Баланы отырғызу немесе үстелдің үстіне жатқызу.

  5. Баланың шашты аймағының гнейс бар жерлерін стерильді майға матырылған мақта тампондарымен өңдеу.

  6. Өңделген аймаққа дәке салфеткаларын салып, баланың бас киімін кигізіп 2 сағатқа қалдыру.

  7. Баланы анасына беру. Жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу. Үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүрту.

  8. 2 сағаттан соң баланы шомылдыру. Шомылдыру кезінде қабыршықтарды абайлап алып тастау.

Ескерту.

  1. Қабыршықтарды зорлықпен тазалауға болмайды.

  2. Қабыршықтар толық тазаланғанша шараны бірнеше күн қайталауға болады.

  3. Шаштарға қатты жабысқан қабыршықтарды шашпен бірге қайшымен қиып алып тастау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет