Баланың таңертеңгілік тазалығын өткізу Мақсаты: Дене гигиенасын сақтау.Баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру.
Таза жүру әдетін қалыптастыру.
Көрсеткіші: Нәрестенің таңертеңгілік «ұйқыдан оянуы».
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.
Жөргектейтін үстелді дез.ерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.
Баланы шешіндіріп жөргектейтін үстелдің үстіне жатқызу.
Баланың шешкен киімдерін кір киім салатын қапқа салу.
Баланың бетін қайнаған суға салынған мақта тампонымен абайлап сүрту.
қайнаған суға салынған мақта тампонымен баланың көздерін ішінен сыртқа қарай абайлап сүрту (әр көзге жеке мақта тампондары қолданылады).
Сол ережемен көздерін құрғақ мақтамен сүрту.
Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнатылған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5см енгізу арқылы тазалау (әр мұрынға жеке мақта қолданылады). Мақтаны мақтаны сағат тілінің бағытымен енгізіп, сол бағытта өзгермей алып шығу керек.
Есту жолдарын өсімдік майына немесе қайнатылған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5-2,0 см енгізу арқылы тазалау (әр есту жолына жеке мақта қолданылады).Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе қажеттілігіне қарай жүргізу керек.
Баланың иегін абайлап басып аузын ашу және ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.
Қайнаған сумен кіндік қалдығын өңдеу.
Табиғи қыртыстарын стерильді майға малынған мақта тампонымен өңдеу.
Келесі реттілікті қатаң сақтай отырып өңдеу: құлақ арты-мойын-қолтық асты-тізе асты-тірсектабан-шат-жамбас.
Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.
Жөргектген үстелдегі жөргекті кір киім салатын қапқа салу.
Таңертеңгілік тазалықты өткізу алдында баланың нәжісін, дене салмағын және дене температурасын тексеру қажет.
Керек жағдайда баланың жыныс мүшелерін ағынды сумен жуып алу қажет.
Таңертеңгілік тазалықың жыныс мүшелерін жуу және кіндік қалдығын өңдеу элементтерімен жеке танысыңыз.
Анасына көз инфекцияларын үйде емдеуді үйретіңіз: Нәрестенің көзддерін күніне 3 рет тазартыңыз:
1. Жуыңыз
2. Көзден іріңді абайлап алып тстау үшін,таза салфетка мен суды қолданыңыз.
Содан кейін күніне 3 рет екі көзіне де тетрациклин жақпа майын салыңыз:
1. Нәрестенің көзін ашыңыз
2.Төменгі қабқтың ішкі беткейіне жақпамайдың бір кішкентай бөлігін сығыңыз.
3. Қолыңызды тағы бір рет жуыңыз.
Емді көздің қызаруы кетпегенге дейін жалғастырыңыз:
1. Басқа жақпамайлар мен тамшыларды қолданбаңыз.
2. Көзге бөгде заттардың түсуіне аулақ болыңыз.