|
|
бет | 45/129 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 6,48 Mb. | | #123287 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: алгоритмНәтижені бағалау: Бала белсенді, дауысы қатты, жақсы емеді, кіндігі құрғақ (қанамайды).
«Жылу тізбегінің» бөлімдері (741 бұйрық)
Босану бөлмесінің температурасы 250-260С-тан кем болмауы керек.
Жаңа туған нәрестені жылы жөргекке қабылдап алу және құрғатып сүрту.
Баланы анасының кеудесіне салу: тері-теріге қатынасы.
Стерильді жылы жөргекпен қайталап құрғатып сүрту.Балаға бас киім, шұлық кигізу, үстіне жөргек және көрпеше жабу.
Баланы анасынан ажыратып алу (кіндігін кесу):
30 минут өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу (36,5-37,50С).
Анасына емшекпен емізуді бастауға көмектесу (бала төсекті қабылдауға дайындығының белгісін көрсеткеннен кейін).
Баланы анасының төсіне кеміне 2 сағатқа қалдыру (тексеруді, антропометрия өткізуді 2 сағатқа дейн қалдыру).
Баланы киіндіріп анасымен бірге босанудан кейінгі бөлмеге жеткізу.
Ана мен баланың тәулік бойы бірге болуын қамтамасыз ету және баланы «сұрауы бойынша» тамақтандыру.
Ескерту! Баланың киімдерін алдын ала жылытып қою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|