Жәндіктердің шағуы. Ара, сона, кене шағу. Клиникасы жәдіктердің шаққан кезде енетін уланудың әсерінен улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады. Жәндіктердің уына деген жеке беа сезімталдығының маңызы да зор.
Клиникасы: Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстсқтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарылауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауырсынуы, лоқсу, құсу, дене температурасының көтерілуі. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок. Бұл симптомдар шағудан соң бірден немесе 30 минуттан-2 сағат өткеннен кейін де байқалуы мүмкін.