Жедел көмек алгоритмі:
Шаққан орынды және тері қабатын түгел тексеріп шығу.
Баланы тыныштандыру.
Жарадан жәндіктің улы тілін пинцетпен, скальпельмен алып тастау.
Кене шаққан жағдайда ол жерді алдымен залалсыздандырады, сонан соң басымен алып тастайды.
Жараны спиртпен өңдеу.
Жергілікті мұздық қолдану.
Шаққан жерге 0,1% адреналин ерітіндісін 0,1-0,3 мл енгізу.
Қатты ауырсынған кезде шаққан жерге 1% 1-2 мл новокаин ерітіндісін немесе анальгетик
ерітіндісін енгізу.
Ауыз арқылы антигистаминді препараттар беру: супрастин, димедрол, пипольфен т.б.
Аллергиялық диатезі бар балаларға преднизалон енгізу.
Бронхоспазмда көк тамырға эуфиллин енгізу.
Құрысу болғанда седуксен енгізу 0,3 мл жасына.
Ауыр жағдайда токсикологиялық немесе аллергологиялық бөлімшеге госпитализациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |