Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет102/129
Дата08.02.2022
өлшемі6,48 Mb.
#123287
түріСабақ
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129
Байланысты:
алгоритм

МАНТУ сынағын қою
Мақсаты: диагностикалық.
Көрсеткіші: БЦЖ ревакцинациясы, баланың қауіп-қатер тобына ауысуы
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:

  • Мақта домалақтары,салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел.

  • стандартты туберкулин.

  • ампулаға арналған мензурка.

  • туберкулин шприці.

  • резіңке қолғап.

  • 70% этил спирті.

  • Қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап.

  • Қолданылған заттарды тастайтын дез ерітіндісі бар ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

  2. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

  5. Ампуланың мойнын 70% этил спиртіне матырылған мақтамен сүртіп, стерильді салфеткамен жауып ампуланың мойнын сындырып ашу.

  6. Ампуланы мензуркаға қою.

  7. Қолданылған мақта домалағын, салфетканы және ампуланың мойнын дез.ерітіндісі бар ыдысқа тастау.

  8. Туберкулин шприцын қорабынан алу, калпағы бар инені кигізу.

  9. Инеден қалпақты алып тастау.

  10. Туберкулин бар ампуладан 0,1 мл препаратты шприцке жинау.

  11. Туберкулині бар ампуланы мензуркаға қойып стерильді дәкемен жауып қою.

  12. Шприцті стерильді үстелге қою.

  13. 700 этил спиртіне матырылған мақта домалағымен білектің ішкі ортаңғы бөлігін өңдеп, кепкенін тосу.

  14. Қолданылған мақта домалағын дез.ерітіндіге тастау.

  15. Қолдың егілетін орнын сол қолдың 1-2 саусағымен керіп ұстау.

  16. Иненің тесігі бар жағын жоғары қаратып 10-150 бұрышпен тері ішіне енгізіп, туберкулинді ақырындап жіберу. «Лимон қабықшасы» пайда болуы тиіс.

  17. Инені шығарып алу. Инъекция жасалған жерді спиртпен өңдемеу.

  18. Туберкулин шприцін қорапшаға тастау.

  19. Қолғапты шешіп оны дез ерітіндіге тастау.

  20. Қолды жуып, кептіру.

  21. Манту байқауының нәтижесін бағалау үшін 72 сағаттан соң келуін сұрау (3 күн).

Ескерту:

  • 0,1 мл стандартын туберкулинде 2 ТЕ диагностикум болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет