Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Қазақстан Республикасының профилактикалық екпе егу ұлттық күнтізбесі



бет101/129
Дата08.02.2022
өлшемі6,48 Mb.
#123287
түріСабақ
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129
Байланысты:
алгоритм

Қазақстан Республикасының профилактикалық екпе егу ұлттық күнтізбесі

Қауіпсіз иммунопрофилактиканық негізгі қағидалары

Иммуно-профилактика қағидалары


Қағидаларды жүзеге асыру



1. Иммунизация жүргізетін баланың дені сау болу принципі

Иммунизация жүргізер алдында баланың денсаулығын тексеріп оған жүргізілетін егуге рұқсат берілген № 112 баланың даму тарихында барлығын тексеру.

2. Санитарлық – гигиеналық қалыпты ережені бұлжытпай орындау принципі

Егу жүргізуге дені сау медицина қызметкерлері жүргізеді. Қолында жеңіл жарақаты бар, тері және шырышты қабатында іріңді жаралары бар мед қызметкерлері жіберілмейді.

  • Егу жүргізу алдында:

А) егу кабинетіндегі стол, қабырға жиһаздарды дез ерітіндісімен сүртіп, кушеткаға залалсыздандырылған жапқыш жабу керек.
Б) егу жүргізуші тырнақтарын қысқа етіп алу керек, қолынан, сақина, білезіктерін шешіп қояды, таза халат, калпак киюі керек, қолын алдымен сабындап жуып, сонан соң саусақтарын спиртпен сүрту керек.

3 Вакцина препараттарын дұрыс сақтау принципі

  • БЦЖ және туберкулин диагностикасын жүргізуге қажетті заттарды бөлек сақтау

  • Вакциналарды тоңазытқышқа сақтау.

  • Ашытқан ампуладағы вакцина, аннотация бойынша рұқсат етілсе, алғашқы 2-4 сағат ішінде қолданылуы тиіс, ашылған ампулалар дәкемен жабылып термо – тоңазытқыштарда сақталуы керек («тримовакс», қызылша, БЦЖ вакциналары күненнен сақтайтын қоңыр түсті конуста сақталуы тиіс).

4. Қолдану алдында вакциналарды тексеру
Принципі

  • Егу алдында вакцинаның мерзімін ампуланың жағдайын (жарық, сынықтары) түсін, мөлдірлігін тексеру керек.




5. Вакцинаның егу әдісін қатаң сақтау принципі

БЦЖ – вакцинасы – тері ішіне енгізіледі.
АКДС – вакцинасы – бұлшықетке егіледі
АДС, АД анатоксиндер – бұлшықетке немесе тері астына.егіледі
Полиомиелит – ауызға егіледі
Қызылша, мысқыл моновакцинассы тері астына егіледі
«Тримовакс» (қызылша, қызамық, мысқылға қарсы) тері астына егіледі«Энджерикс» (В гепатитіне қарсы) бұлшықетке егіледі
«Хаврикс» (А гепатитке қарсы) бұлшықетке егіледі

6. Жүргізілген вакцинацияны нақты тіркеу принципі.

Егу жүргізілген мәліметтерді :
(Жасалған күнін, вакцинаның атын, егу әдісін, мөлшерін, препараттың номерін) алдын алу егуін тіркейтін кітапшаға, егу төлқұжатына, баланың даму тарихына (№112) және № 63 тіркеу қажет.

7. Вакцинадан кейінгі асқынуларды қатаң есепке алу принципі

  • Егу жүргізген балаларды вакцинациядан кейінгі 1 сағат ішінде және келесі 3 күнде АКДС егуінен кейін; және БЦЖ, қызылша, паротит егулерінен кейін 5-6-шы күндері 10-11-ші күндері бақылау жүргізу қажет (жүргізілген егулер туралы ата-анасына мәлімет беру қажет).

  • Егер вакцинациядан кейін реакция байқалса тез арада дәрігерге хабарлау керек.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет