Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жинау Мақсаты: тоқ ішегіндегі патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің сипатын анықтау және тиімді ем тағайындау.
Көрсеткіші: Жедел асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауырған бала.
Кері көрсеткіш: жоқ.
Керекті құралдар:
Таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс.
Таза ағаш шпатель.
Консерванты және сым ілгегі бар стерильді пробирка.
Резеңке қолғап, дез.ерітінді.
Горшок.
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.
нәжісті таза құрғақ шыны ыдысқа таза стерильді шпательмен 2-3 гр. салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады. Шырыш, іріңді, фибринді жабындыларды алуға тырысу керек. Қан араласқан бөліктері алынбайды. Таза шыны ыдысқа салу.
Шпательді дез.ерітіндіге салу.
Жолдама толтыру.
Материалды 1 сағат аралығында зертханаға жеткізу.
Горшокты материал алынғаннан соң дез.ерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту: Нәжіс антибиотик тағайындалмай тұрып алынады және жаңа бөлінген болу керек.