|
|
бет | 57/129 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 6,48 Mb. | | #123287 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: алгоритмНәтижесін бағалау: баланың дене температурасы қалыпты.
Кювездің күтімі
Мақсаты: Шала туылған баладағы инфекциялық аурулардың алдын алу.
Көрсеткіші: кювез күтімінің мерзімі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Әзірлеңіз:
Іс-әрекет алгоритмі:
Баланы басқа таза кювезге ауыстырыңыз
Кювезді электр торабынан швғарыңыз.Суын төгіп, фильтрін ауыстырыңыз.
Таза шүберекті 1% хлорамин ерітіндісімен сулап алып кювездің ішін 2 рет сүртіңіз.
Кювезді жауып 2 сағатқа қойыңыз.
2 сағаттан соң кювезді ашып таза сумен суланған шүберекпен кювездің ішін 2 рет сүртіңіз.
Кювездің ішін таза шүберекпен құрғатып сүртіп 2 сағатқа ашық қалдырыңыз.
Кварц лампасын 0,5 м жерге қойып 30 минутқа қосыңыз. Кювездің қақпағын жауып тағы да 2 сағатқа қойыңыз.
2 сағаттан соң кювезді электр торабына қосыңыз.
11.Кювездің ішкі температурасын 31-35о-қа, ылғалдылығын 60-80 %-ке, оттегі мөлшерін 30-40% етіп реттеңіз.
Ескерту: Кювез әр 3 күн сайын тазартылуы керек. Кювездің көрсеткіштерін әрдайым қадағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|