Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Нәрестеге және ерте жастағы балаларға тазартқыш клизмасын қою



бет58/129
Дата08.02.2022
өлшемі6,48 Mb.
#123287
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129
Байланысты:
алгоритм

Нәрестеге және ерте жастағы балаларға тазартқыш клизмасын қою
Мақсаты: ішекті нәжістен тазалау.
Көрсеткіші:Нәжістің тұрып қалуы.
Кері көрсеткіші: тік ішектің жарақаты.
Керекті құралдар:

  • Бөлме температурасында суы бар ыдыс.

  • Ұштығы бар резеңке баллон.

  • Вазелин майы.

  • Резеңке қолғап, алжапқыш.

  • Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.

  • Сүлгі.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Горшок.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап, алжапқыш кию.

  4. Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу.

  5. Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

  6. Баллонды оң қолға алып, ауасын шығарып бөлме температурасында (20-220С) суды сорып алу.

  7. Баллонның ұштығын вазелин майымен майлау.

  8. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.

  9. Баллонның ұштығын жоғары қаратып қысу арқылы ауасын шығару және баллонды босатпау. Баллонды анальды тесікке кіндіктің бағытында енгізу, анальды тесіктен өткен соң сегізкөзге паралелльді тік ішекке қарай жылжыту.

  10. Баллонды жайлап қысып суын жіберу. Баллонды босатпай ұштығын тік ішектен шығарып дез.ерітіндіге салу.

  11. Баланың жамбасын 3-5 минут босатпай ұстау. Баланың жыныс мүшелерін жөргекпен жауып, нәжіс бөлінгенге дейін шалқасынан жатқызу. Ересек баланы горшокқа отырғызу.

  12. Клеенка, жөргекті, дез.ерітіндіге салу.

  13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, баланы киіндіру.

  14. Алжапқышты шешіп дез.ерітіндіге салу.

  15. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.


Ескерту: Тазарту клизмасына арналған судың көлемі баланың жасына сай болуы керек:

  • Нәрестелерге-25-30 мл.

  • Емшек жасындағы балаларға-50-150 мл.

  • 1-3 жастағы балаларға-150-250 мл.

Нәтижені бағалау: тік ішектің тазалануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет