Мақсаты: Ащы және тоқ ішектердің қызметінің бұзылуын анықтау үшін нәжісті микроскопиялық және макроскопиялық зерттеу, асқазан асты безінің қызметін анықтау.
Көрсеткіші:балада ас қорытудың бұзылыстарының анықталуы.
Кері көрсеткіш: жоқ.
Керекті құралдар:
Таза құрғақ шыны ыдыс.
Таза ағаш шпатель.
Резеңке қолғап, дез.ерітінді.
Горшок.
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.
нәжісті таза құрғақ шыны ыдысқа таза ағаш шпательмен салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады. 1 жасқа дейінгі баладан-15-20 гр. Үлкен баладан-100-200 гр.
Шпательді дез.ерітіндіге салу.
Жолдама толтыру.
Материалды 1 сағат аралығында зертханаға жеткізу.
Горшокты материал алынғаннан соң дез.ерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.