Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет129/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Асқынулар:Жергілікті:
1. Ине тромбозы
2. Флебит

  1. Ұлпа некрозы

  2. Гематома

  3. Дәрінің жұмсақ ұлпаға енуі

Жүйелік:
1. Ауа эмболиясы
2. Сепсис

  1. Анафилактикалық шок

  2. ВГВ

  3. СПИД

  4. Құю жылдамдығы жоғары болса,қан айналым жүйесіне артық салмақ тусуі

Антибиотиктерді еріту және енгізу алгоритмі
Мақсаты: Баланы дәрігер тағайындаған дәрілік препаратпен қамтамасыз ету.
Көрсеткіші: Дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіші: антибиотикке жоғарғы сезімталдық.
Керекті құралдар:

  • Стерильды үстел, пинцет, мақта шариктері.

  • Резеңке қолғап.

  • Антибиотик флаконы.

  • Антибиотикке арналған ерітінді.

  • Инесімен шприц.

  • 70% этил спирті.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Антибиотик, ерітінді флакондарының сыртындағы жазулармен танысу (аты, дозасы, жарамдық мерзімі).

  5. Ерітіндінің антибиотикті ерітуге керекті мөлшерін анықтау.

  6. Балаға енгізуге арналған дайын ерітіндінің мөлшерін анықтау.

  7. Шприцтің қорабын ашу, инесін кигізу, стерильді устелге қою.

  8. Спиртке малынған стерильді мақта шаригімен флаконның алюминий қақпағын өңдеу, оны ашу және қайталап өңдеу

  9. Ерітінді ампуласының мойнын спиртке малынған мақта шаригімен өңдеу. Ампула мойнын сындыру. Ерітіндінің керекті мөлшерін шприцке сорып алып, флаконға енгізу және шайқау.

  10. Флаконды жоғары көтеру және ерітіндінің керекті мөлшерін шприцке сорып алу.

  11. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастау. Шприцке жаңа инені қақпағын шешпей кигізу.

  12. Шприцтің ине жағын көтеріп ерітіндінің 1-2 тамшысын иненің қақпағын шешпей шығару және шприцті стерильді үстелге қою.

  13. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеу және шприцті 900 жағдайында ұстап бұлшықетке антибиотикті енгізу.

  14. Инені алу, инъекция салынған жерді қолдағы мақта шаригімен өңдеу, шарикті және шприцті қолданылған заттарға арналған лотокқа салу.

  15. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту:

  1. Ерте жастағы балаларға еріту 1:1 әдісімен дайындалады (1мл ерітіндіге-100 000 Б антибиотик).

  2. Ересек балаларға еріту 2:1 әдісімен дайындалады (1мл ерітіндіге-200 000 Б антибиотик).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет