Сақтандырудың теориялық негіздері


ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі; 2



бет12/13
Дата12.12.2021
өлшемі173,82 Kb.
#99841
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек

1. ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі;

2. сақтандыру өнімдерінің (сақтандырудың міндетті түрлерінен басқа, бұнда ақы заңдылық негізінде бекітіледі) айтарлықтай қымбат тұруы және оларға сұраныстың төмендігі;

3. нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;

4. сақтанушылардың сақтандыруға, атап айтқанда өмірді сақтандыруға қызығушылығының төмендігі;

5. сақтандыру ұйымдарының өздерінің тәуекелдерін дұрыс басқара алмауы (анықтау, бағалау, есеп беру);

6. сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;

7. халықтың сақтандыру нарығына деген сенімділігінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;

8. сақтандыру бизнесі облысындағы алдап-сулаушылық.

Сақтандыру нарығының құқықтық  базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:


  • жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;
  • өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
  • халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;
  • сақтандыру ісінің ақпараттық және автоматизация деңгейін жоғарылату;
  • міндетті сақтандыру облысында мемлекеттік саясатты дайындау және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
  • сақтандыру аясындағы мамандардың мамандану дәрежесін дайындау және жоғарылату;
  • сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;

  • қайта сақтандыру және бірлесіп сақтандыру тетіктерін жетілдіру.

       


    Осы бағдарламадан күтілетін  нәтижелер:
  • ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін бекіту;
  • жеке сақтандыруға деген сұранысты қалыптастыру;
  • сақтандыру нарығының қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • халықтың сақтық мәдениет деңгейін жоғарылату;
  • міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
  • сақтандыру аясындағы кадрлық әлеуетті жақсарту;
  • жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын енгізу;
  • сақтандыру қызметтеріның сапасын жақсарту;
  • сақтандыру нарығының қатысушыларын қадағалау мен реттеудің тиімділігін жоғарылату.

Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын белгілеу, ұжымдық басқаруды жақсартуды ынталандыру және жинақтаушы өмірді сақтандыруды дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыру мақсатында 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының  “Қазақстан Республикасының салық салу бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы Заң бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ұжымдық табыс салығының мөлшерлемесін алынуға тиіс сақтандыру сыйақыларының сомасынан 2%-нан 1%-ға төмендетті. Сондай-ақ, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мен оларға жұмыс берушілерді жинақтаушы сақтандыруға, соның ішінде аннуитеттік сақтандыруға деген қызығушылығын жоғарылату мақсатында келесідей өзгерістер күшіне енді:
  • жинақтаушы сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге бағытталған  табысқа салық салу сақтандыру төлемдерін алатын уақытқа ауыстырылады;
  • жұмыс берушінің өз жұмысшысының пайдасына жинақтаушы сақтандыру бойынша төлеген сақтандыру сыйақыларының сомасы жұмысшының табысы саналмайды;
  • жеке тұлғаның өз пайдасына жинақтаушы сақтандыру келісімдері бойынша енгізген сақтандыру сыйақыларының сомасы толық көлемінде алуға жіберіледі.

  •   

      Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді.



       Қазіргі кезде әлемдік тәжірибені пайдалану, жаһанды масштаб бағдарламаларына қатысу қажеттілігі анық көрінуде. Және де қазіргі кездегі Қазақстанның сақтандыру нарығындағы позитивті тенденцияларды қарай отырып, 2010 жылға қарсы біз әлеуметтік және қаржылық қауіпсіздікті максималды қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған қаржы қызметтерінің нарығына жетеміз деп айтуға болады.

Жалпы екі елдің сақтандыру саласын қарастыра келсек, елімізде төмендей тұрғыдан сақтандыру нарығын жетілдіруге болады:

1. Сақтандыру саласын деген қадағалауды нарықтық, еркін бәсекелі экономикалық заңдалықтарына сәйкес атқару. Әділітті және жарияланды қадағалау жүйесін саңнамалық негізінде іске асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет