Сақтандырудың теориялық негіздері



бет8/13
Дата12.12.2021
өлшемі173,82 Kb.
#99841
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек
Сейл Заманбек Сақтандыру 243-244 б – 15-16 есептер, Сейл Заманбек Сақтандыру 243-244 б – 15-16 есептер, Сейл Заманбек Сақтандыру 243-244 б – 15-16 есептер, Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек, Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек, Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек
    Сақтандыру пулы – белгілі   бір   тәуекелдерді    бірігіп   сақтандыру үшін

сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті, ірі және жаңа тәуекелдер қабылданғанда құрылады. Пулдың қызметі бірлесіп сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пулға сақтандырылған тәуекелдерді береді, пул жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және де сол үлесте нұқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пулдар шетелде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті және т.б. сақтандыруда кеңінен дамыған.

    Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.

    Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары: 


  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
  • сақтандыру брокері;
  • сақтандыру агенті;
  • сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
  • актуарий;
  • уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
  • өзара сақтандыру қоғамы;
  • сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет