Сақтандырудың теориялық негіздері



бет7/13
Дата12.12.2021
өлшемі173,82 Kb.
#99841
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек

Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде мемлекеттік ұйым бой көрсететін сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық түрлерін жүргізудегі мемлекеттің абсолютті монополиясы жағдайында, сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттік монополия жағдайында немесе қандай да бір мемлекеттік сақтандыруда монополиясы жоқ болған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Қазір ТМД елдеріндегі сақтандырудың дамуы соңғы вариантқа жақындауда. Бірақ, мемлекеттік сақтандырудың кейбір түрлерін жүргізудегі басымдылығының болу мүмкіндігін ұмытпаған жөн.

    Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах”   мемлекеттік    сақтандыру   компаниясы    үшін   инвестицияларды сақтандыру басым бағыт болып табылады.

      Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық капиталын акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі акционерлік қоғамдарды және де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән.

   Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында сақтандырушылардың бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара сақтандыру қоғамы – қазақстандық нарықтың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы өзара сақтандыру қоғамының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” Заңмен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің “Өзара сақтандыру” атты 845 бабымен реттеледі.



Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты заңнамалырға сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет