Сақтандырудың теориялық негіздері


Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары -



бет10/13
Дата12.12.2021
өлшемі173,82 Kb.
#99841
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Сақтандырудың теориялық негіздері Сейл Заманбек

    Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор.

Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

    Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.

    Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;



    Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді.

    Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;

    Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:

    1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша – бастамашылық актуарийлік есептеулер;

    2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда – міндетті актуарийлік есептеулер жүргізіледі.4

    Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор);



    Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

    Уәкілетті аудитор, жүргізілген  аудит туралы қорытындының көшірмесін, уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұрауы бойынша беруге міндетті. Сондай-ақ, уәкілетті аудитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне міндетті аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды. Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет