Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық ғұндар еді. Б. з д



бет1/5
Дата24.11.2016
өлшемі0,87 Mb.
#2480
  1   2   3   4   5

                                     1-билет

1* Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер,қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.

  2*1723-1728 жылдары жоңғарлар көшпелі қазақ халқының жартысын жойып жіберді. Қазақ халқының тарихындағы ең ауыр, әрі ең қайғылы кезең болып, ел есінде "Ақтабан шұбырынды, Алқакµл сулама" деген атпен қалды. XVII ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жағдайы өте ауыр еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан-жағынан анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды. Жоңғарлардың атты әскері жүз мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын Еуропа тәртібімен құрып, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар қарулы күшке айналған еді. Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.[өңдеу] 1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар коғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді. Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.

3*Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 ж маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор - Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. 1916 ж қаңтар айында Верный, Семей қалаларында, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларында қанаушы мен қаналушы таптар арасындағы қарама - қарсылық бір - біріне қарсы шығу бұқаралық сипат алды. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 - маусымдағы жарлығы “Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереженің” қабылдануы әлеуметтік жағдайы мүшкіл топтың наразылығын күшейтті. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстын басқармалар мен ауыл старшындары жас мөлшерінің асып кеткендігіне қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын “қара тізімге қосты”, ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын тапты. Сол кездегі Саратов губерниясының депутаты А.Ф Керенский 60 жастағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал байдың балаларының 25 - 30 жастағылары 50 - ден жазылғандығы орыс шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкім сымақтарының парақорлығы деп шенейді. Осындай әділетсіздіктердің көрінісі болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым - салық қағаздарын т.б. жойып жіберу әрекеттері белең алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық қылышпен қаруланған ашынған топ, байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетуі жиілей түсті. Қазақстандағы қозғалыс ұлт - азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал - байларға қарсы бағытталды. Қазақ демократияшыл зиялыларының қызметі. Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық - либералдын бағыттағы алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саясы әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне, төтеп бере алатындай қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді. Десе де, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас - көз болып, кейін аман - есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Ә. Бөкейхановтың өзі бастаған топ майданға аттанды. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді. Ұлт - азаттық көтерілістің басталуының себебі жоғарыда аталып өткендей қазақ жерін отарлау, қазақ жерін қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясаты еді. Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, мал шарушылығының құлдырауы, егіншіліктің азаюы т.с.с. Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт - азаттық қозғалыс болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған қозғалыс барысында жалпыұлттық ұрандар көтерілді. Оның негізгі қозғаушы күші - қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған ішінара жұмысшы тобы өкілдері, байлар да, билерде, молдалар да, болыс басшылары да, зиялы қауымның әр түрлі топтары да белсене араласты. Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні - өз билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Таранша болысының Городское елді аймағындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетулерден басталды. Сол жылғы 7, 8 шілденің алғашқы күндері Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректігі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сьезге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шарлары қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешім қабылданды. Съезге қатысушылар “оқтың астына барғанша осында өлген артық” деген қаулы қабылдады. 1916 жылғы 7 - тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станциясы мақында біріккен бас көтеру басталды. Сөйтіп, көтеріліс Тоқмақ маңына ауысты. Верный - Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі - Тоқаш Бокин.

2 -билет

1* Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай- ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде ерістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі. Қытайдың тарихи хроникаларық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқаның және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Орналасу мәселелері.Қаңлы мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И. Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі кешіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындагы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: «ҚаңлыДаваннын солтүстік-батысында шамамен алганда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды». Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында қаңлыға арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: "Қаңлы билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Қаңлы шығыс жағында ғұндарға бағынады...»6. Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1.Қаңлылар Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Қаңлы иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінін орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты. Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер'''мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: малжәне жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, олардыдаруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды

2* Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері түгел түсінді. Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты. 1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ-карақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтайболып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды. Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды. Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.

3* Шернияз Жарылғасұлы (1806, қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданы — 1867, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) — халық ақыны. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 — 37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т.б. өлеңдерінде өзіөмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Шернияз өлеңдері үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшїүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Қ.Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, “18 — 19 ғасырлардағы қазақақындарының шығармалары”, “Айтыс” (1-т., 1965) жинақтарында басылған Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып қалған.Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан.[1] Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. [2] Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды.[3] Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады. Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың Үйде жарлы болсам да,түзде баймын. Асығымнан алтынға бөлесеңде, Дүние жүзін көрмеген сормаңдаймын,- деуіне қарағанда, ақын өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би-болыстар қатты сыналады. Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте өткір.
    3-билет

1* Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит). Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,5 млн. жылдан басталады.Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді

2* Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды. Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды. 1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді. Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын. 1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді. Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды. Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды. Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді. Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды. Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды. 3* Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз,баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды. Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов,А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды. Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылдыҚазақстан революциялық ахуалдың қалыптасқанына бұрынғыдан да көлемдірек етек алып келе жатқан жұмысшы,шаруа және ұлт-азаттыққозғалысы дәлел болды. 1917 жылдың жазының ортасы мен күзінде саяси ереуілдер жиілеп, бірқатар жерлерде ереуілшілер кәсіпорындарды басқаруды өз қолдарына алды. Бүкіл елде кеңестердің большевиктенуі басталды. Осыған байланысты большевиктік партия 1917 жылғы шілде оқиғаларынан соң уақытша күн тәртібінен алынып тасталған "Барлық билік Кеңестерге берілсін!" деген ұранды қайта бастады. Бұл ұран енді қарулы көтерііске бет ұрып, Уақытша үкіметті жойып, пролетариат диктатурасын орнатуды білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет