Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық ғұндар еді. Б. з д



бет2/5
Дата24.11.2016
өлшемі0,87 Mb.
#2480
1   2   3   4   5

4-билет

1*Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып, талдап көрейік. Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды. Қоғамдық дамуды біз тек ұдайы алға басу тек сатылап биікке әрлеу деп түсінбеуіміз керек. Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді. Сонымен жер жүзінде адамзат баласы металды қай кезде және кай жерлерде игерді? Бұрынырақта ең көне металлургияның отаны Иран жері деп келген. Онда б.з.д. 4500—4000 жылдарға жататын мыс және күміс заттар табылған. Кейініректе Түркияның Анадолы жерінен б.з.д. 7-мыңжылдыққа жататын мыс және қорғасын заттар табылған. Бұл — неолит заманында өндірілген металл бұйымдар. Металлургияның ең көне орталықтарына Қазақстан жері де кіреді. Оның санатында қазіргі Жезқазған маңайы, Қалба жоталары, Алтай қойнауы бар. Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл — мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды.Қола табиғатта таза күйде кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан жасалады. Қазақстан жерінде қола дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын өндірген көне кеніштер өте көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс Қазақстанда (Риддер, Бұқтырма, Қазаншұңқыр, т.б.), Орталық Қазақстанда (Жезқазған маңайында, Қызылеспе, Қарқаралы, Ақшатау тауларында) болған. Бұл сонау қола дәуірінен бастап көне заманда біздің жерімізде металлургия өндірісінің өте күшті дамығандығын көрсетеді. Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық. Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді. Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан. Орталық Қазақстанның қола дәуіріҚазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз.Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә.Х.Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі — б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады. Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары — көне қорымдар құрайды.Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай ауданының аумағында зерттелген «Қанаттас» деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар «адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы»қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері — сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері — Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар. Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір — төрт ағаштан жасалған рама түрінде де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу салты.

2*ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген. Сол тұстағы тарихшы Нұр-Мүхаммед былай деп жазған: "Қазақ хандарының ерекше мекендері бар. Үлкен Орданың сарайы - Тәшкентте, Орта Орданікі Түркістанға орналасқан. Қалада көңілі соққанда ғана тіршілік етеді, көбіне ордаларымен далада көшіп жүреді. Шаруаларына қалдырып кеткен арнайы адамдары иелік жасайды". Қазақ жерінде мемлекет қалыптастырудың бай тәжірибесі бар. Мұнда әуелде басқарушы бекзаттардың дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, беделіне негізделген билік үстемдік жүргізді. Түркі қағанаты кезеңінен бері қарай өктем билікке ауысу басталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде биліктің екі түрінің бірігуі орын алды. Өзіндік далалық демократия орнықты, онда хандардың (Шыңғыс әулетінің) мықты билігімен қатар халықтан шыққан билер мен батырлардың ықпалы күшейді. Осы мемлекеттердің барлығында да жауынгерлер жинақтаудың жүйесі, билік ету мен бағынудың қарым-қатынастарын реттейтін қүқықтық тәртіп орнады. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі қалыптасуы - уақыт жүйесіндегі тынымсыз ғамалия - этнополитогенездің оның мемлекеттігінің өткені, бүгінгісі мен болашағына қатынасы. Бірақ бұл үздіксіз процесс тарих мезгілінің әрқилы сатыларында оның сандық және сапалық тұрақтылығын бейнелемейді. Сондықтан сандық және сапалық өзгерістердің ара қатысына, егемендік нышандарының пісіп жетілуіне қарай көшпенді тайпалар этнополитогенезінің даму уақытын дәуірлер мен кезеңдерге саралап жіктеуге болады. Түптеп келгенде, олардың барлығы да Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді. Жалпы біздің мемлекеттің қаз түруы мен дамуы уақыт бойынша үздіксіз де үзілмейтін жағдаят. Өйткені қола дәуірдің басында пайда болған еуразиялық далалықтардың тарихы мен мәдениетіндегі бірлік пен сабақтастық жоғалған жоқ, тек қана көнетүркілік дәуірдің тууына орай жаңа этностық реңдерге ие болды.

3* Иә, Иса-Досан бастаған Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісіне биыл 140 жыл толып отыр. Сондағы көтерілісшілер ұрпақ­тары­ның алды бес-алты атаға ұласты. Қоғамдық фор­мация үш дүркін эволюциялық дамуын ба­сынан өткерді. Ресей империясын билеген пат­шалық режім өзегіне құрт түскен терек­тей құлады. Оның орнын Кеңес Одағы бас­ты. Араға 70 жыл салып Кеңес Одағы тара­ды. Қазақ халқы 1991 жылы ата тари­хында тұң­ғыш рет тәуелсіз мемлекет құрғанын жа­рия етті. Исі қазақтың, соның ішінде Маң­ғыс­тау шаруаларының да 1870 жылы жалау­латып ту көтеріп, ұрандатқан қасиетті кө­те­рі­лісінің түп мақсаты да осы тәуелсіздік еді. М.Тұрсынова өз кітабында өзінен бұ­рынғы ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, осы шаруалар көтерілісіне әділ баға беруге сәтті талпыныс жасаған. Мысалы, 1869 жыл­ғы патша әкімшілігінің ұлы даладағы басқару­дың жаңа формасын енгізуі қазақ халқының өз тәуелсіздігі жолындағы күресі­нің маңызды кезеңі болды, ал 70-ші жыл­дар­­дағы Маңғыс­таудағы көтеріліс өзінің қуат-күші жөнінен бұған дейін болмаған жаппай халық көтерілісіне айналған еді. (М. П. Вяткин “Очерк и по истории Казахской ССР, Москва, “Политиздат”, 1941 ж. Москва). Ал, ғалым М. Г. Глаузо Маңғыстаудағы халықтың 1870 жылғы көтерілісін бірінші орынға қойды және оның халықтың шын мәніндегі азаттық күресі деп бағалады. (П. Г. Глаузо, “Революция в Средней Азии”, Ташкент, 1929 ж.). Рас, Иса-Досан бастаған халық көтерілісі жеңіліс тапты. Бірақ, шаруалар жеңіле отырып, жауын жеңді. Озбыр, отаршыл саясатты өздерімен санасуға мәжбүр етті. Ендеше, бұл көтерілісті халқымыздың тәуелсіз ел болуының рухани нұрлары, сана-сезім қалғытпай, әрдайым жоғары ұстауы­мыздың сарқылмас қайнары деген жөн. Ата-бабаларымыз өткен қастерлі жолдың тәр­биелік тағылым күш-қуатын жас ұрпақ­тың бойына сіңіру – бүгінде баршамыздың пары­­зымыз. Солай істегенде ел тәуелсізді­гінің халқымызға ешқашан оңайға түспе­геніне кейінгі толқын ұрпақтың жете зерде­леріне сенеміз. Иса-Досан бастаған халық көтерілісінің 140 жылдығын атап өтудегі негізгі мақсат та осы болатын. 1868 жылы Ресейде патша үкіметінің “Жаңа низам” саясаты жарияланса, ол Маңғыстау қазақтары үшін 1870 жылы қолданыла бастайды. Адайларға салық салы­нады, ол өзге елдерге қарағанда көп болады және екі жылдың салығын бірге төлеу мін­деті қойылады. Оған көпшілік отбасы­лардың мүмкіндігі келмейді. Тіпті мүмкіндігі барлар да бұл салықты төлей қоюға ниет етпейді. Билер мен ел бас­қарушылардың талай рет бастары қосылып, кеңес құрса да, ол салықтан төлемей құтылудың басқа жолын таба алмайды. Билер кеңесі Маяның ұлы Бәймембетті Петербургқа барып, жарлық шығарушымен тікелей кездесіп, 1731 жылғы Әбілхайыр мен Ресей патшасы Анна Иоа­нов­наның жасасқан шарты бойынша мына шешімнің заңсыз екендігіне көзін жеткізіп қайтуға жұмсайды. Әбілхайыр мен Анна Иоановнаның 1831 жылы қол қойған шарты бойынша кіші жүз қазақ­тарынан солдатқа адам алынбауы керек, салық салынбауы тиіс. Бәймембеттің бұл сапары­нан ел күт­кендей нәтиже шықпайды. Керісінше, Ресей патша­лығы­ның жергілікті орындары бас­шыларының адайларға көзқарасы шие­ленісе түседі. Соның ызғарлы боранындай 1870 жылы наурыздың айында Форт-Александровскіден Рукин бастаған жазалау отряды шы­ғарылады. Бұл отрядтың шыққалы жатқаны старшина Гафур Кал­бинге белгілі болады, ол Исаға хабар береді. Иса Форттағы Құнан­орыс Шабай­дың баласы Сүгірге, Бозжігітке, Қаратаудағы Бәубек Айназар мергенге, Қатқылтүптегі Дәулеталы Досан мен Алғиға, Ауызорпадағы Тоқтамыс Ораққа және тағы да басқа адайдың сол кездегі белгілі батыр­лары мен тұлғалы азаматтарына хабар бергі­зіп, шақыртады. Соның нәтижесінде үлкен қол жиналады. Сан жағынан бұл қолдың көлемі жазалаушы отрядтан бірнеше есе көп болған. Қол құрамында Жәдігерден Өтенұлы Ділман, Жаманғара Мұсаұлы Мошандар бар. Қолды Иса, Досан басқарады. Жаза­лаушы отряд Форттан шығып көлікпен Түбіжік, Қаңға, Борлы, Суат, Құнансу, Сартас арқы­лы Бозашыға бет алатын болып, Ұшауызға орналасады. Бұл кезде Исалар аласа Ақтың астына бірнеше ақбоз үй тіктіріп, қонақ етуге дайындық жүргізеді. Отряд Шығанақ теңіз-айналмадан өтеді. Ояз Рукин жан-жаққа қарауыл қойып, отрядына демалыс береді. Бұлардың мақ­саты, бағыты адайларға толық белгілі емес, сондықтан отрядтың бір адамын қолға түсіріп, құпияны ашу қажет. Қарауылда тұрған бір солдат шылым тұтату үшін от жағады, осы сәтті пайдаланған тіл алуға шыққан Өтенұлы Ділман бір жолдасымен әлгіні дыбысын шығармастан алып кетеді. Ол орыс екен, Форттан келген Құнанорыс руының жігіттерін тілмаш ету арқылы тұт­қынмен сөйлеседі. Сөйтіп, жазалаушы отрядтың бағыты Бозашы түбегін аралау, мақсаты елден салық жинау, төлемесе қару­лы күшпен жазалау екендігін анықтайды. Қару, көлік, адам саны жөніндегі мәлі­мет­терге қанығады. Осыған сәйкес тактик­алық шаралар жасақталады. Осындай дайындықтан кейін, яғни 1870 жылғы Маңғыстау шаруаларының Ресей патшасы үкіметіне қарсы көтерілісі басталады. Халық жасақтары жазалаушы отрядтың көліктерінің көпшілігін айдап кетіп, отрядты жаяу қалдырады, жаяу отрядты қамауға алады. Олар теңізге беттегенде теңіз жағы бөгеді. Көліксіз, ас-сусыз қалған жаза­лаушы отрядтың басшысы Рукин 24 наурыз күні түнде Маяұлы Бәймембетті адайларды үгіттеуге жұмсайды. Ол өз лагерінен шыға бергенде атылған мылтық оғынан қаза табады. 25 наурыз күні таңда Рукин адай­лармен келісім жүргізуге өзі шығады да, көліктерін қайтарып беруді сұрайды, Фортқа қайтып кетеміз деп уәде етеді. Оның бұл өтінішін орындауға көтерілісшілер келісім береді де, өз талаптарын жеткізеді: казактар атуын тоқтатсын, үш офицер кепілдікке (заложник) берілсін, жазалаушы отряд көліктерін алуға адай отрядының қосына келсін деп шарт қояды. Рукин казактарын ертіп келеді. Сол кезде Иса казактар қару­ларын тастасын деп талап қояды. Рукин казактардың қарсылық етуіне қарамастан, қаруларын тастауға бұйрық береді. Казактар қылыштарын кең шалбардың ішіне байлап алады, қалған қаруларын тастайды. Осы сәтте Исаның белгісі бойынша жасырынып дайын тұрған адай қолы қимыл жасап, отрядты талқандайды. Бұл соғыс 4 күнге созылады. Осы ұрыста жүзбасы (сотник) қашып кетеді, оны Мошан қуып жетіп, басын шауып, жүзбасының өзінің қызыл көйлегіне орап алып келеді. Отряд тілмашы Қосым Мырзабаев қашып құтылып, Фортқа барып хабар береді. Көтерілісшілер Форт­тағы қамалды қоршап ала алмайды. Зең­бірек, от қаруы маңына жолатпайды. Көтерілісшілер Хиуа бетіне ойысады. Хиуадағы жағдайдың қиындауынан Иса мен Досан өз жасақтарымен бөлініп, Досан қырға шығып кетеді де, Иса Хорезм ойында қалып қояды. 1873 жыл Хиуа хандығын Ресей патшалығы өзіне көндіріп алған кез. Иса өз ауылдастарымен бір тоғайдың ішінде ерулеп отырған. Бір кезде ақ есекке мінген ақсақал қосқа жақындап тоқтайды. Оған Исаның әйелі Сарығыз сәлем етеді. Иса анадай жерде мылтығын кезеп тұрғанда әлгі ақсақал: “Иса, жат жерде шығандама, елге қайт”-дейді де, көмескіленіп, елес болып көрінбей кетеді. Ертеңіне Иса Маңғыстауға бағыт ұстап жүріп кетеді. Иса сол бетінде Фортқа келеді. 1874 жылы Қарағантүп болысының басқарушысы болып тағайындалады. Исаның осы қызметі 1909 жылы өзі қайтыс болғанға дейін жалғасады. Бұдан бірнеше күн бұрын “Иса-Досан” көтерілісінің 140 жылдығы қарсаңында Ақтауда шығатын “Лада-ТВ плюс” “Гибель отряда Рукина в 1870 году” деген мақала-очерк жариялады. Бұл очерк бұдан бақандай 110 жыл бұрын, Мәскеуде шығатын “Исторический вестник” журналында нақ осы тақырыппен жарық көріпті.

5билет

1* VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген. Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды. Түрік қағанаты Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Амударияның атырауына дейінгі ұлаң-ғайыр территорияны тирек деген жалпы аты бар тайпалар мекендеген. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, қарлұқ, бұлақ, эдиз, таринах, толенгет, байырқу, беклі, қыбыр, сығыр, зебендер, тарғай, баргур және т.б тайпаларды атайды. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған. 542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік және орталық бөліктерін мекендеген және бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам әскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.). Бұмын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара –Еске отырады (552-553жж.). Бұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлі Қара-Еске, Мұқан қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми (572-576 жж.) жүргізген. Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Иштемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Иштеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткел. Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Силзе бул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда, осы жеңістен кейін түрік қағанатымен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмады. Оған басты себеп, Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қарамағында қалып қоюы Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды. Дегенмен, екі ел арасында болған соғыс келісімі 563-567 жылдары эфталит патшалығын жоюға мүмкіндік берді дейміз. Сонымен еліміздің қазіргі шығыс солтүстіктегі өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлаң-байтақ өңірде түрік қағандығы құрылып күшейді.Олардың ордасы Орхон өзенінің бойында орналасты. Осы өңірде мекендеген қазақ тайпалары да түрік қағанатының қол астына қарады.

2* Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...»деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.

3* Білім беру[1] — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.[2] Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 — 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки,Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды: 1) қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер; 2) орыс-қазақ мектептері; 3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер. Қазақстанда 19 ғ-дың 50 — 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдад, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфақалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді.

6-билет

1* VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген. Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды. Түрік қағанаты

2* Қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы. 1773-75 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қазақтарды да қамтыды. Ол жәнінде А.П. Чулошников (1929), М.П. Вяткин (1941-51), Г.И. Семенюк, Е.Бекмаханов, Н. Бекмаханова, А. Нүсіпбеков сияқты тарихшы-ғалымдардың зерттеу еңбектері жарияланған. Әсіресе 40-60 жылдары осы мәселелерді жаппай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы кездейсоқтық емес. 1773 ж. 20 қыркүйекте Пугачев қазақ жұртына көтерілісшілерге 200 адам беру жөнінде үңдеу тастайды. Сол жылдың қазан айында Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы бастаған тама, табын руларының жігіттерінен жасақталған отрядты Пугачевтің қарамағына жібереді. Көп кешікпей бұларға Досалының екінші баласы, кейін сұлтанның өзі келіп қосылады. 1900 ж. Орал қ. архивінде жұмыс істеген орыс жазушысы В.Г.Короленко: «Досалы сұлтанның үшінші ұлы — Пугачев көтерілісіне тікелей қатысып, Жайық қамалын алуға атсалысқандардың бірі» деп жазады. Сонымен қатар Кулагин қамалын (қаз. Атырау облыстық) алуда да қазақтардың зор үлес қосқанын атап көрсетеді. Орынбор шекарасындағы қамалдар мен форпостарға қазақ жауынгерлерінің дүркін-дүркін шабуылы үдей түсті. Академик В.П. Вяткиннің: «Қазақ халқы хан мен сұлтандардың рұқсатынсыз пугачевпгілермен байланыс жасай отырып, шекара желісіне жиі-жиі шабуылдар жасады» дейді. Башқұрт полковнигі, 1774 ж. Пугачев көтерілісіне қатысқан Б.Қанқаевтің мәлімдемесі бойынша, көтерілісшілер құрамында 10 мың қазақ болған. Пугачевті дарға асқаннан кейін де Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне қарсы қозғалысы тоқтаған жоқ. Үздік-создық созыла келіп, 1775 жылдың аяғында С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Кіші жүз қазақтары Пугачев көтерілісіне қатысу арқылы өзінің үлттық бостандығы үшін күресті.

3* Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.[1] Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

7-билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет