Сатыбалдиев Дидар Қайратұлы Тақырыбы: XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы



бет3/22
Дата31.01.2022
өлшемі110,46 Kb.
#116526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дидар дип работа

Біріншіден, қазақ халқын ата кісібінен айырып, тіршілік нәрінен ажырату, шаруашылық жүйесін құртып, бытыратып, бет - бетімен шашыратып бірлігін құртудың түрлі айласын ойлап табу. Ең негізгісі 1927 жылы Комунистік партияның XV съезінде мәлім болған ауыл шаруашылығын коллективтентірудің негізгі бағыттарын жария ету, сондай -ақ 1928 жылғы жарияланған « Аса ірі бай шаруашылық пен жартылай бай шонжарларды кәмпескелеу және жер аудару туралы» құжат болды. Коллективтендіру саясатын кейбір дүмше басшылары 3-5 жылда аяқтап тастағысы келіп, еш қарақетсіз отырған қазақ ауылдарында аласапыран жасады. Көнедан жалғасып келе жатқан дәстүрлі шаруашылық жүргізу жүйесі дағдарысқа ұшырады. Қазақ байларын жаппай қудалау, болмаса қолдан бай деп жариялап қайткен күнде малды құрту, 30 жылдары қазақ халқын ашаршылыққа ұшыратып, қырып тынды.

Екіншіден, қазақ елін зиялы азаматтарынан айыру. Аталған үрдіс патшалық билік кезеңінен жалғасып келе жатқан, 1905 жылдардағы «Алаш өкілдерін» қуғындау, елді бірлігінен ажырату, ел ішіне іріткі салу арқылы жүзеге асқан сұрқия саясат еді. 1925 жылы өңір басшылығына келген Голощекин қазақ даласында қазан төңкерісі сезілмейді деген тұжырыммен «Кіші Қазан» революциялық идеясын ұсынды. 1917 жылдан бастап большевиктер жергілікті халыққа көптеген уәделер беріп, қажетіне қарай ол уәделерін орындаудан қашып отырды. Уәденің «Алаш» ұлттық автономиясы құрылған алғашқы уақытта берілді, автономия жариялауға келісім бере отырып, билігін нықтап алған соң большевиктер көсемі уәдесін орындағысы келмеді. Жалған демократиялық билікті халыққа уағыздай отырып биліке ие болысымен ойына келеген әрекеттерді жасады. Халық алдында беделі бар, ұлт азаматтарын алдын – ала анықтап, сырттарынан арыз жазып, жала жауып, абақтыға қамады.

Осылайша, кеңес билігі қазақ халқына өлшеусіз қиянат жасады. Бірінші кезекте тарихи даму жолынан адастыру, қолындағысын тартып алу болса, екінші жағынан еліне қорған болатын, ел азаматтарын, зиялы қауым өкілдерін жаппай қудалау болды. Бұл үрдіс ұлтқа әдейі жасалған «геноцид» болғанын бүгін тарих өзі дәлелдеп отыр. Осындай мәселелерге арналған «XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбындағы дипломдық зерттеу жұмысымыз өте өзекті мәселелерге арналған деп есептейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет