5. ә) Ақыл ақиқаттың несі? – атасы – дара, зат есімді, (-сы) тәуелдік тұлғалы – бастауыш. Дара бастауыш болу себебі бір сөзден болған бастауыш. Бастауыш дегеніміз – сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім? не? жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыштың негізгі сұрақтары кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? т.б. Бастауыш құрамына қарай: дара, күрделі, бірыңғай, үйірлі болып бөлінеді. Күрделі бастауыш дегеніміз – екі немесе одан да көп сөзден болған бастауыш. Бірыңғай бастауыш дегеніміз – бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан да көп мүшелер. Бірыңғай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар арқылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады. Сөйлемнің барлық мүшесі: бастауыш та, баяндауыш та, анықтауыш та, толықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Үйірлі мүше дегеніміз – сөйлемде күрделі мүше тәрізді бір сөзге қатысты болып, бір сұраққа жауап беретін, бірақ өз ішінде сөйлемдік қасиеті бар сөздердің синтаксистік тобы. Үйірлі мүше есімше я сын есімге аяқталып, үйірлі анықтауыш, іліктен басқа септік жалғаулы зат есімге я заттан басқа сөзге аяқталып, үйірлі толықтауыш, атау тұлғалы сөзге аяқталып, үйірлі бастауыш болады.
3.Сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау
1.Бұл сөз екі құрамнан тұр: ата + сы
2. Тұлғасына қарай: Ата – негізгі түбір. Себебі, ...
3.Құрылысына қарай – дара. Себебі, ...
4. Сөзде бір лексикалық, үш грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – жалпы дерексіз ұғымға берілген атау.
6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық
мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы
грамматикалық мағына – зат есім.
6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-сы) тәуелдік жалғау
арқылы берілген – категориялық грамматикалық мағына
– меншіктік мағына.
6.3. Үшінші грамматикалық мағынасы – атау септігінің нөлдік
тұлғасы арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына
– атауыштық мағына.
Достарыңызбен бөлісу: |