«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі
Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Алматы облысы Райымбек ауданының «Құрметті азаматы», Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы. 4-сабақ Ақыл атасы – ақиқат. Мақал 1. Мақалға ойтолғау. 2. Синтаксистік талдау (6 саты) 2.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Олар – нүкте (.) және сызықша. Нүктенің қойылу себебі... Сызықшаның қойылу себебі бастауышымыз (-ы) тәуелдік тұлғалы зат есімнен, баяндауышымыз атау тұлғалы зат есімнен болғандықтан бастауыштан кейін сызықша қойылып тұр.
2.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі,... Хабарлы сөйлемде ой... Хабарлы сөйлем дегеніміз –... Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан... Сөйлем соңында жазуда...
2.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі,... Жай сөйлем дегеніміз – ...
2.4. Жай сөйлемнің түрлері... 2.5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын табамыз.
Себебі: а) баяндауышсыз сөйлем болмайды; ә) баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты.
а) Ақыл атасы не? – ақиқат – дара, зат есімді, атау тұлғалы – баяндауыш. Дара баяндауыш болу себебі бір сөзден болған баяндауыш.
Баяндауыш дегеніміз – ... Баяндауыштың негізгі сұрақтары ... Баяндауыш құрамына қарай –...