«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі



бет3/4
Дата07.02.2023
өлшемі297,68 Kb.
#167807
1   2   3   4
Байланысты:
Курс мұғалімдер 2022 жыл 4-күн

Атасы
7. Атасы несі? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – зат есім.
Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, жартылай деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі дерексіз ұғымның жалпылай аталуы.
ә) Жансыз. Себебі, тіршілік иесі емес.
б) Дерексіз. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға болмайтын дерексіз ұғым.
в) Нақты емес. Себебі, дерексіз болған нәрсе нақты болмайды.
Ақылдың
  • Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай – жуан буынды сөз. Себебі, …

  • 2. Бұл сөз: А-қыл-дың- болып үш буынға бөлінеді.
    Себебі, …А- буыны – ашық буын. Себебі, …
    Қыл-дың буындары бітеу буындар. Себебі, …
    Буын дегеніміз –…
  • Бұл сөз үш буыннан тұрғанымен:

  • ақыл- болып бір жағдайда ғана тасымалданады. Себебі,
    дың жалғыз дауысты дыбысты жолдың екінші жағына
    қалдырып кетуге болмайды немесе тасымал буын
    жігіне сәйкес емес. Тасымал дегеніміз – ...
    4. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге
    қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай
    ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін дың буынындағы
    ы дыбысына түсіп тұр. Екпін дегеніміз –…

Сөйлемдегі ақылдың сөзіне сөзсазындық талдау
5. Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар.
Себебі, түбірдің соғңы буыны қыл жуан болғандықтан, оған жалғанатын қосымшаның да (-дың) жуан нұсқасы келіп тұр. Сондықтан біз оның
(-дің) жіңішке нұсқасын алмаймыз.
Буын үндестігі (сингармонизм) дегеніміз сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың түбірге бірыңғай жуан не жіңішке болып жалғануы.
6. Сөзде дыбыс үндестігі түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Себебі, түбірдің соңғы дыбысы л үнді болғандықтан өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының д ұяңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның қатаңнан басталатын (-тың) нұсқасын алмаймыз. Дыбыс үндестігі дегеніміз – түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді, киінді ықпал етіп өзгеруі. Қазақ тілінде ықпалдың үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет