Сауат ашу 02. 09. 2013ж Тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы. Мақсаты



бет7/8
Дата25.12.2016
өлшемі3,19 Mb.
#4561
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіту. «Не өзгерді?» ойынын ойнату. Қ-ғ к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтап, дауысты ы,і дыбыстарының жалғануына орай қай дыбыс қандай дыбысқа айналатынын табып, сөздерді айту.

Қорытындылау.

Аналарды сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

Г қандай дыбыс?



Үйге тапсырма. Г дыбысы мен әрпін оқу. Жазу. «Ай мен әтеш» мәтінін түсініп оқу.

Бағалау. Оқушыларды бүгінгі сабаққа назарларын аударып қатысқандарына алғысымды білдіріп, әрбір оқушының сабаққа қалай қатысқанын түсіндіріп, бағалаймын.


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы:Қайталау.

Мақсаты: 1.Өткен дыбыстарды,олардың айтылуын,жазылуын,оқылуын пысықтау.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Әдемі,сауатты жазуға тәрбиелеу.



Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: қайталау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Алдымен өткен дыбыстарды қайталайық,олардың жазба,баспа түрлерін еске

түсірелік.

Аа,Әә,Бб,Гг,Ғғ,Дд,Ее,Жж,Зз,Ии,Йй,Кк,Ққ,Лл,Мм,Нн,Ңң,Оо,Өө,Пп,РрСс,Тт,Уу,Ұұ,Үү

Шш,Ыы,Іі.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін қайталау сабағы,өткен дыбыс, әріпке қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз,тапсырмалар орындаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Сыныптағы балаларды үш топқа бөлу:

1-топ. 2-топ. 3-топ.

Тапсырма: 1. бдшлогт, ирнепма, скуыймп

Қай буында кездеседі,мысал ойластырыңдар.
Тапсырма: 2. кітап қозы ағаш

Сөздерімен сөйлемдер ойластырыңдар.


Тапсырма: 3.Сурет бойынша мәтін құраңдар.
Тапсырма: 4“Қыс”тақырыбына сурет салыңдар.
Тапсырма: 5. Мен дыбысты айтамын,

ал сендер сол дыбыстан басталатын сөздерді жазыңдар: о,н,е.

Тапсырма: 6. Сұраққа жауап беру.

Тапсырма: 7.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

Сергіту сәті:

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Ыдыс-аяқ жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Яя әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1.Яя дыбысы және әрпімен таныстыру.Яя дыбысы бар сөзге дыбыстық

талдау жасай білуге үйрету.

2.Оқушылардың оқуға білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Сөздерді буындап оқып,оқығанын айта білуге машықтандыру.

3.Жануарлар мен құстарды қамқорлыққа алып,оларға әрдайым көмек

көрсетуге тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.”Ақан Сері ”мәтінін оқу,талдау.

Өтілген әріптерді пысықтау.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\ егін,бәйге,ертегі,жүген.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Яя дыбысы және әрпімен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.



Жұмбақ:

1.Қоянда бар,түйеде жоқ,

Шаянда бар,биеде жоқ.

Аязда бар,боранда жоқ. \Яя\.

2.”Ұя”десе,соңында,”сия ”десе,соңында.

Тұратұғын қайқайып,айтыңдаршы,қайсы әріп? \Яя\.

Жая,мая,сая,аяз,пияз,сия,аяқ,таяқ,қия,шаян,қоян,ұя,-бәрінде бар ''Яя''-иә?!

А-яқ,қо-ян,пи-яз,та-қи-я.

-Осы сөздерде қандай дыбыстар естіліп тұр?

-Яя дыбысы дауысты,жуан дыбыс.

2.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

Сергіту сәті:Ұзын құлақ сұр қоян,естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,көжегі екен өзінің.

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс.Жаттығулар орындау.Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Яя Құс бұтаққа ұя салды.Ұясы әдемі болды.

Үлгі бойынша көрсету.Тақтаға бірнеше оқушыны шығару.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау. 8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Қоян жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Яя әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1.Оқушылардың Яя әрпін жаза,оқи білулерін үйрету.

2.Еркін сөйлей білуге,ой-пікірлерін айта білуге,сөздерден сөйлем құрай

білуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды жануарларды күтіп,баптауға тәрбиелеу



Көрнекіліктер:Яя әрпінің жазылу үлгісі,суреттер.

Жүргізу әдісі:түсіндіру,әңгімелеу.

Сабақтың барысы:
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.”Ұя”өлеңін жатқа сұрау.Құстарды қамқорлыққа алу жайында әңгімелеу.

3.Тақтамен жұмыс.

Құстар- біздің досымыз.Оларға көмек бер.

4.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу,сөйлемдер құрау.

5.”Сұр қоян”өлеңін әнімен жаттатқызу.

Мәнерлеп оқуларын тексеру.



6.Жер-су аттары:Баянауыл,Аягөз,Сырдария,Әмудария.

Кісі аттарын тақтаға жаздыру:Аян,Баян,Әсия,Әлия,Ғалия,Данияр.



7.Көркем жазу минуты.Дәптермен жұмыс жүргізу.

Я

Я



Ұя

Аяқ


Таяқ

Пияз


Қияр

Тақия


Сабақты қорыту.

7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау.



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Қоян жайлы әңгіме құрау.

Сурет салу.

9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы: Юю әрпі және дыбысы.

Мақсаты: 1.Юю әрпі және дыбысымен танысу.

2.Юю әрпін дұрыс оқи біліуге,сөздер тізбегін мәнерлеп оқуға,

мәтіннің мазмұнын аша білуге дағдыландыру.

3.Үлкендерді сыйлауға,көмек көрсетуге тәрбиелеу.



Көрнеліктер: суреттер,әріптер.

Жүргізу әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы.
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.”Сұр қоян” өлеңін әнімен орындау.

3.Тақтамен жұмыс.

Ұя, аяқ ,пияз,қоян,жая.

Қоян.

Қоян өте қорқақ ,Ол қасқырдан қашады.Қыста ол ақ болады.



4.Жаңа тақырып:Юю әрпі,дыбысы.

Берілген сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Аю-сөзіне дыбыстық талдау жасау:

-Ю дыбысы айтылғанда и+у болып екі дыбыс естіледі,жазғанда ю болып

жазылады.

Сөздер тізбегін оқып шығу.

“Ою” мәтінін оқу, талдау.

5.Жұмбақ:

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. \Аю\

“Ақ аю” өлеңін “Әліппе серігі” оқулығынан оқу. Талдау.



6.Үлкендерді сыйлауға,оларға әрдайым көмек беруге, құрметтеуге

тәрбиелеу.

”Жақсы көремін “өлеңін оқу, талдау, сурет бойынша әңгіме құрау.

Көркем жазу минуты.

Ю

ю

Сабақты қорыту.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Аю жайлы әңгіме құрау.

Сурет салу.

9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі


Мақсаты: «Ю» дыбысын меңгертіп, әрпін таныту.
Міндеттері:
1. Сөздер оқыту, сөйлемдер құрату.
2. Сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Сауатты көркем жазуға төселдіру.
3. Еңбексүйгіштікке, шабыттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ю дыбысы бар суреттер, жұмбақ.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдістері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық жасау.
Сабақтың ұранын еске түсіру.
Әнімізге ұласар
Әннің аты Әліппе.
Бәрімізге тілашар
Кітабымыз Әліппе.
Балалар, бүгінгі сабағымызға «Сиқырлы әріптер» бізге тапсырмалар дайындапты. Біз сол тапсырмалардың жауабын дұрыс тапқанда сабағымызды ары қарай жалғастыра аламыз. Тақтадағы жасырынған заттың атын табу үшін мына берілген қима әріптерден сөз құрап, ол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Сонда тақтадағы жасырын заттың аты табылады.
Қима әріптерден құрастырған сөз (қоян)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
2.1«Сұр қоян» өлеңін жатқа айту.
- Балалар, байқайсыңдар ма, «Сиқырлы әріптердің» бізге берген тапсырмасы да қоянға байланысты екен, ендеше осы өлеңді қимылмен, хормен жатқа айтайық.
2.2 Ендігі тапсырма «Бес сөз» ойыны.
« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу
1- қатар – Бес қыздың аты;
2- қатар – Бес ұлдың аты;
3- қатар – Жер - су аттары.
Сонымен, балалар, өткен сабақта біз қандай дыбысты оқып үйрендік?
Я дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Қандай дыбыстардың қосылуы арқылы жасалады?
И + У әрпінің қосындысы.
- Балалар, бұл қандай дыбыс?
(Дауысты дыбыс, қосарлы дыбыс).
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы «Сиқырлы әріптер» бізге тағы да тапсырма дайындапты.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Ою.


- Астындағы тапсырманың сырын табалық, мұнда бір дыбыс белгілі,
ол – О, ал белгісіз дыбыс қандай дыбыс?
- Белгісіз дыбыс – Ю. Ендеше, балалар бүгінгі өтетін, танысатын дыбысымыз – Ю. (Оқушылармен Ю дыбысын хормен айтып, дыбыстық мінездеме жасаймыз).
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады, яғни Ю – дауысты дыбыс.
Ю дыбысы тағы қандай сөздерде кездесуі мүмкін?
Мынау ненің суреті ? (Аю)
Қанша дыбыс естіліп тұр? (Яғни бұл дыбыс қосарлы дыбыс)

3.1. Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.


Ю – Й + У
3.2. Сергіту сәті.

3.3. Балалар, тағы да «Сиқырлы әріптердің» тапсырмасы. Қима буын арқылы сөз жазу.


1 – қатар 2 – қатар 3 – қатар
Со То Ба
3.4 «Мағынаны тану»

Оқулықпен жұмыс:


• Сөздерді оқыту
• Мәтінді оқыту
• Жазба сөйлемді оқыту.
4. Жаңа сабақты бекіту.
«Ой толғаныс»
4.1. Суретпен жұмыс. «Әжемнің оюы».
4.2. «Әжеме көмек» ойыны.
Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін,және Ю әрпі бар сөз жазайық.
5. Сабақты қорытындылау.
Бұл «Сиқырлы әріптердің» соңғы тапсырмасы.
«Топтастыру»
5.1. Сызбамен жұмыс.
5.2. Жұмбақ шешу.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға (Ю)
6. Мадақтау.
«Сиқырлы әріптер» ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тартады.
7. Үйге тапсырма.
Ю дыбысы бар жұмбақ жаттап келу.

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:________________

Тақырыбы:Қайталау.

Мақсаты: 1.Өткен дыбыстарды,олардың айтылуын,жазылуын,оқылуын пысықтау.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Әдемі,сауатты жазуға тәрбиелеу.



Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: қайталау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Алдымен өткен дыбыстарды қайталайық,олардың жазба,баспа түрлерін еске түсірелік.

Аа,Әә,Бб,Вв,Гг,Ғғ,Дд,Ее,,Жж,Зз,Ии,Йй,Кк,Ққ,Лл,Мм,Нн,Ңң,Оо,Өө,Пп,Рр,Сс,Тт,Уу,Ұұ,Үү,Шш,,Ыы,Іі,Юю,Яя.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін қайталау сабағы,өткен дыбыс, әріпке қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз,тапсырмалар орындаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Сыныптағы балаларды үш топқа бөлу:

1-топ. 2-топ. 3-топ.

Тапсырма: 1. йукенгш, лродзыа, псмитбж

Қай буында кездеседі,мысал ойластырыңдар.
Тапсырма: 2. мектеп парта оқушы

Сөздерімен сөйлемдер ойластырыңдар.


Тапсырма: 3.Сурет бойынша мәтін құраңдар.
Тапсырма: 4“Туған күн”тақырыбына сурет салыңдар.
Тапсырма: 5.Мен дыбысты айтамын,

ал сендер сол дыбыстан басталатын сөздерді жазыңдар: ә,к,ғ,.

Тапсырма: 6. Сұраққа жауап беру.

Тапсырма: 7. Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу. Сергіту сәті:



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі1.Көбелек жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау.



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Хх әрпі,дыбысы.

Мақсаты:1.Хх әрпі,дыбысымен танысу.

2.Оқушылардың тілдерін жаттықтыру,еркін ой-пікірлерін айта білуге

дағдыландыру.

3.Көп кітап оқуға,сауатты жазуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:Суреттер,әріптер.
Жүргізу әдісі:түсіндіру,әңгімелеу.

Сабақтың барысы:
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.”Жарыс” мәтінін оқыту.Мазмұнын сұрау.

3.Диктант алу:

Аю,ою,қою,есею,көбею.

Әжем сырмақ сырды.Сырмаққа әдемі ою салды.

4.Жаңа тақырып: Хх әрпі,дыбысы.

Хх дыбысына байланысты сөздер атау,буынға бөлу.

Хат,хабар,халат,хор,дәріхана,асхана шахмат,саяхат.

Кісі аттары:Хамит,Хадиша,Нұрхат.



5.Оқушылармен “Кітапхана” мәтінін оқу,талдау.

6.Кітаптың пайдасы туралы айтып өту.

7.”Буынын тап”ойынын ойнау.

Ас,шебер,ұста,дәрі,кітап,дәм,ем -хана

Асхана,шеберхана,ұстахана,дәріхана,кітапхана,дәмхана,емхана.

Тізбек бойынша мәтінді оқу.

Дәптермен жұмыс.

Сабақты қорыту.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Хат жазу.

Сурет салу.

9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№85


Тақырыбы: Һһ әрпі, дыбысы.

Мақсаты: 1.Һһ әрпі, дыбысымен танысу

2.Оқушыларды сауатты оқи білуге,жаза білуге,еркін сөйлей білуге

машықтандыру.

3.Оқушыларды ерлікке,елін,жерн қорғай білуге тәрбиелеу.



Көрнеліктер: һ әрпі баспа, жазба түрі, суреттер.
Жүргізу әдісі: түсіндіру әңгімелеу.

Сабақтың барысы.
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өтілген дыбыстарды қайталау.

“Кітапхана” мәтінін тізбек бойынша, мәнерлеп оқу.Талдау.



3.Дәптер бойынша жұмыс.Хх әрпіне байланысты сөздерді жаздыру.

Хамит,Хапез,Хадиша,Нұрхат.

Нұрхат шахмат ойнады.

Райхан апай-кітапханашы .



4.Жаңа тақырып: Һһ әрпі, дыбысы.

Өлең:


Кітапқұмар Қаһарман,таппаған соң шаһардан.

Аттай қалап “Қаһарды”,сұрап алды Гауһардан.

Сөздер тізбегін оқу.

Айдаһар,қаһарман,Гауһар,жиһаз,қаһар,қаһарман- мағынасын ашу.

“Қаһарман’мәтінімен танысу.

Тізбек бойынша оқу,талдау.

Батырлар аттарын атау:Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай,Әлия,Мәншүк.

5.Дәптермен жұмыс жүргізу.

Һ

һ

Һ Гауһар хат жазды..



һ қаһарман,жиһаз

Оқушылардың әріпті тақтаға жазып үйренуін қадағалау.

6.Сабақты қорыту.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Айдаһар жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.



9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
86

Тақырыбы: Вв әрпі, дыбысы.

Мақсаты: 1.Вв әрпі, дыбысымен танысу.

2.Мәтінді нақышына келтіре оқи білуге,ой-пікірін айта білуге

дағдыландыру,сауатты жаза білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнеліктер: Вв әрпі баспа, жазба түрі, суреттер.
Жүргізу әдісі: түсіндіру әңгімелеу.

Сабақтың барысы.
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өтілген дыбыстарды қайталау.

“Кітапхана”, “Қаһарман” мәтіндерін мәнерлеп оқу.Талдау.



3.Дәптер бойынша жұмыс.

Емхана, асхана, дәріхана, гауһар, қаһарман.

Хамит шахмат ойнады.

Гауһар хат жазды.



4.Жаңа тақырып: Вв әрпі, дыбысы.

Жұмбақ: Қосылса 13 арасы,

Қандай әріп, қарашы \В\

“Автобуста’ өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

Вв дыбысына байланысты сөздер тізбегін оқу.

Вагон автобус велосипед волейбол

вокзал трамвай аквариум витамин

“Вокзал” мәтінімен танысу.

Мәнерлеп тізбек бойынша оқу, талдау.

“Үлкенге құрмет-балаға міндет” деп дәптерге жазу,талдау.

5.Дәптермен жұмыс жүргізу.

В

в



В Вокзал үлкен және сәнді.

в Қалада авобус көп.

Оқушылардың әріпті тақтаға жазып үйренуін қадағалау.

Вв


Вова,Вася,Вика,Володя,Виолетта,Вера.

6. Сабақты қорыту.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Автобус жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау




Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Фф әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1.Фф дыбысы,әрпіне берілген сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді оқып,

мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Спортпен шұғылдануға,спорт түрін дұрыс таңдай білуге,оның

қиындығын түсіне білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Вокзал”мәтінін сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\

Вагон,автобус,вокзал,витамин.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Фф дыбысы және әрпіне қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық

талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Жұмбақ шешу: 1.Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?

\ Фф\.

2.”Футболшы”мәтінін оқу,талдау



3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

Ферма,фирма,фото,факс,телефон,телеграф,футбол,әл-Фараби.

Футбол”өлеңінің мазмұнын ашу.

Ф-ның екі көзі бар,

“Футбол”-деген сөзі бар.

”Футбол”деген ойынға,барлық бала құмар-ақ.

Бірақ жлдың бойында,доп теппеңдер қуалап.



5.Тақтамен жұмыс: “әл-Фараби” өлеңінің мазмұнын ашу.

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Дәптермен жұмыс. Жаттығулар орындау.Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Сөйлем жазу.Футбол –қызық ойын.Балалар футбол ойнады.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Ферма жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы: Ёё әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Ёё дыбысы мен әрпін таныстыру және оны Ее дыбысымен және

әрпімен алыстырып,айтылу,жазылу ерекшеліктеріне көңіл аударту.Ёё

дыбысының артикуляциясын меңгерту,балаларға айтып

көрсету.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату,баспа әріптерді

жаздырту,жаттығуларды орындатып қол моторикасын дамыту.

2.Суреттер бойынша әңгіме құрастырту,сөздік қорын молайту,ой-

өрісін дамыту.

3.Адамгершілікке,үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,салыстыру.

Көрнекілігі:түсті текшелер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау.

Фф әрпіне байланысты берілген буын,сөз қатарын оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:Фф

2.Диктантжазу:А,а,П,п,Т,т,Н,нФф,на,па,фа,ана,апа,ата,ат,нан,пана,апта,атан.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Ёё әрпі,дыбысымен танысамыз.

Ёё-дыбысына байланысты сөздер жазуды үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Ёё-дауысты дыбыс.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу. Шахтёр- өлеңін оқу.

Бақыт тапқан шахтадан, Шахтёр ағам –жақсы адам.

Көмір қазып,кен қазып,ұқсап өсем нақ соған.

2.Буын,сөздерді оқу.

3.Сөздер жазу: шахтёр.

Сергіту сәті:

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.



Ёё

А-та,а-на,а-та,а-ға,

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Үлгі бойынша тапсырманы жазу.



7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Шахтёр жайлы әңгіме құрау.Сурет салу 9.Бағалау




Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

89



Тақырыбы: Ээ әрпі, дыбысы.

Мақсаты: 1.Ээ әрпі, дыбысымен танысу

2. Ээ әрпіне байланысты сөздерді атай білуге,сөйлем құрай білуге,

сауатты оқи білуге,жаза білуге,еркін сөйлей білуге

машықтандыру.

3. Электр огын үнемдей білуге тәрбиелеу.

Көрнеліктер: Ээ әрпі баспа, жазба түрі, суреттер.

Жүргізу әдісі: түсіндіру әңгімелеу.

Сабақтың барысы.

1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өтілген дыбыстарды қайталау.

“Шахтёр” өлеңін тізбек бойынша, мәнерлеп оқу.Талдау.

3.Тақта бойынша жұмыс.

Монтёр,шахтёр.

Менің ағамның аты –Ербол. Ол- монтёр.”Маған монтёр Ербол керек”-деп елдің

бәрі телефон шалады.

“Монтёр’мәтінін оқу,талдау.

4.Жаңа тақырып:Ээ әрпі, дыбысы.

1.Жарықсыз ғой,электр,

Алыпсыз ғой, электр.

Сен үйіме келмесең,

Мультфильм де көрмес ем.

2.Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін..

Ээ-электр, экипаж, элеватор,аэроплан, экскаватор, экспресс.

Сөйлемдер құру, талдау.

Сергіту сәті:Еркін тұрып,тыныстап,

Жай оң қолды оң жаққа.

Жай сол қолды сол жаққа,

Қол айналдыр бұлданбай,

Екі шеңбер сызғандай.

Сәл тынығып байқа да,

Он шақты рет қайтала.

6.Дәптермен жұмыс жүргізу.

Ээ

Э Электр бізге жарық береді.



Э Элеваторда астық сақтайды.

Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Қоян жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№90


Тақырыбы:Щщ дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: 1.Щщ дыбысы,әрпіне берілген сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді

оқып,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Қаламды дұрыс ұстап,үлгі бойынша әріптерді сауатты жаза

білуге,буындап дұрыс оқи білуге,

өз ой-пікірін еркін жеткізе алуға машықтандыру.

3.Әдептілікке,үлкеді сыйлай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Монтер”өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\

Электр,этаж.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Щщ дыбысы және әрпіне қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық

талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Ащы көлде жоқ балық,тұщы көлде көп балық.

Ал,балалар,аулайық,сол балықты топталып.

- Осы өлеңде”ащы,тұщы”деген сөздердің ортасында қандай дыбыс естіледі?

- Щщ дыбысы.Өлеңде не туралы айтылған?

- Ащы,тұщы көлдер туралы.

- Щщ-дауыссыз дыбыс.

2.”Щётка”мәтінін оқу,талдау.

Щётка деген ғажап-ақ, щётканы әжем мақтайды.

Щёткамен тіс тазалап, щёткамен үй ақтайды.,

3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.Тақтамен жұмыс:

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Дәптермен жұмыс. Жаттығулар орындау.

Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.Щётка,плащ,борщ.

Сөйлем жазу.Тісті күнделікті щёткамен тазалап жуу керек.

Жаңбыр жауғанда плащ киеміз.Апам дәмді борщ пісірді.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Щётка жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

91



Тақырыбы:Цц әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1.Цц дыбысы,әрпіне берілген сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді

оқып,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Цц дыбысының айтылуына көңіл бөлу,сауатты жаза білуге,буындап

дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін жеткізе алуға машықтандыру.

3.Акробат мамандығын таңдай білуге,оның қиындығын түсіне білуге

тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Щетка”мәтінін оқу,мазмұндау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

Ойын:”Қай әріпті жоғалттым?”

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\

А...қ, тақи..., ас...ана, жи...аз, трам...ай ,...утбол, а...роплан, бор..., офи...ер.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Цц әрпі,дыбысы қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық

талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

2.”Цирк”мәтінін оқу,талдау.”Акробат”өлеңін оқу,талдау.

3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.



5.Тақтамен жұмыс:цирк,цемент,цех.

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс.

Цирк,цемент,цех.-сөздерін жазу,есте сақтау.

Жаттығулар орындау.

Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Сөйлем жазу.

Акробаттар- циркте өнер көрсетеді.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Цирк жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.



9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

92



Тақырыбы:Чч әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1.Чч дыбысы,әрпіне берілген сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді

оқып,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Чч дыбысының айтылуына көңіл бөлу,сауатты жаза білуге,буындап

дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін жеткізе алуға машықтандыру.

3.Спортшы мамандығын таңдай білуге,оның қиындығын түсіне білуге

тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Цирк”мәтінін оқу,мазмұндау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

Ойын:”Қай әріпті жоғалттым?”

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\

Ша...н, есе..., ас...ана, жи...аз, трам...ай ,...утбол, а...роплан, бор..., офи...ер.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Чч әрпі,дыбысы қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық

талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

2.”Чемпион”мәтінін оқу,талдау.”Болашақ чемпион”өлеңін оқу,талдау.

3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.



5.Тақтамен жұмыс:чемпион,чемпионат,чек,чемодан.

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс.

Чемпион,чемпионат,чек,чемодан,чертеж,чех,Черкес,чуваш,Чили,Чукот,Чукча.-

сөздерін жазу,есте сақтау.

Жаттығулар орындау.

Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Сөйлем жазу.

Қажымұқан-әлем чемпионы.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Чемпион жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.



9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№93


Тақырыбы:Ьь белгісі.

Мақсаты: 1.Ьь белгісімен танысу, берілген сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді

оқып,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Өлең шумағын мәнерлеп оқуға,сауатты жаза білуге,буындап дұрыс

оқи білуге,өз ой-пікірін еркін жеткізе алуға машықтандыру.

3.Оқушыларды жазда тынығу лагеріне баруға,дұрыс демала білуге

тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.”Болашақ чемпиондар”өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\

Чемпион,чемпионат,чек,чемодан,чертеж,чех,Черкес,чуваш,Чили,Чукот,Чукча.

Чемпионатқа келген спортшылар табысқа ие болды.Олар чемпион атағын алды.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Ьь(жіңішкелік белгісі) белгісі қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Сөзге сөзді жалғастыр,сөзді бастап, алға шығар.

Әріп емес,белгі ғана,дыбысы жоқ,таңбасы бар. \ь\.

2.”Лагерь жыры”өлеңінін оқу,талдау.

Ьь-жіңішкелік белгісі.Ешқандай дыбыстың белгісі емес.Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады.Екі дауыссыз ыбыстың ортасында келіп,олардың жіңішке айтылуына әсер етеді.Мысалы:альбом,коньки,рельс.

3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

5.Тақтамен жұмыс:

Сергіту сәті:Самал желді,шалқар көлде,

Демаламыз,қайтамыз.

Бар дауыспен әнге салып,

Лагерь жырын айтамыз.

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс. Жаттығулар орындау.Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Лагерь,альбом,фильм,коньки,рояль,циркуль,рельс,компьютер.Сөйлем жазу.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Лагерьде дем алу жайлы әңгіме құрау.

Сурет салу.9.Бағалау




Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

94



Тақырыбы:Ъъ белгісі.

Мақсаты: 1.Ъъ белгісіне берілген сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді

оқып,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Ъъ белгісі бар сөздерді сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи

білуге,өз ой-пікірін еркін жеткізе алуға машықтандыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Лагерь жыры”өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөйлемдер жазу:\шағын диктант\

Анар фильм көрді.Мирас коньки тепті.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Ъъ белгісіне қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау

жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Ъъ белгі-айыру белгісі деп аталады.Тек,сөз

ішіндегі дауыссыз дауысты дыбыс арасында келіп,айырым белгісін көрсетіп тұрады.

2.”Біздің үй”мәтінін оқу,талдау

3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

Разъезд,подъезд сөздерін тақтаға жазу,оқылуын үйрету.

5.Тақтамен жұмыс:

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Дәптермен жұмыс.

Дауысты дыбыстар:

Дауыссыз дыбыстар:

Жаттығулар орындау.

Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Ъ ъ подъезд,разъезд.

Сөйлем жазу.

Ол бірінші подъезде тұрады.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Разъезд жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Қайталау.

Мақсаты: 1.Өткен дыбыстарды,олардың айтылуын,жазылуын,оқылуын

пысықтау.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Әдемі,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: қайталау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Алдымен өткен дыбыстарды қайталайық,олардың жазба,баспа түрлерін еске түсірелік.

Аа,Әә,Бб,Вв,Гг,Ғғ,Дд,Ее,Ёё,Жж,Зз,Ии,Йй,Кк,Ққ,Лл,Мм,Нн,Ңң,Оо,Өө,Пп,Рр,Сс,Тт,Уу,Ұұ,Үү,Фф,Хх,Һһ,Цц,Чч,Шш,Щщ,Ъъ,Ыы,Іі,Ьь,Ээ,Юю,Яя.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін қайталау сабағы,өткен дыбыс, әріпке қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз,тапсырмалар орындаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Сыныптағы балаларды үш топқа бөлу:

1-топ. 2-топ. 3-топ.

Тапсырма: 1. йцукенгш, щзхъфыва, пролджэя

Қай буында кездеседі,мысал ойластырыңдар.
Тапсырма: 2. балапан құлыншақ гүл

Сөздерімен сөйлемдер ойластырыңдар.


Тапсырма: 3.Сурет бойынша мәтін құраңдар.

Тапсырма: 4.“Орман”тақырыбына сурет салыңдар.


Тапсырма: 5. Мен дыбысты айтамын,

ал сендер сол дыбыстан басталатын сөздерді жазыңдар: а,б,т.

Тапсырма: 6.Сұраққа жауап беру.

Тапсырма: 7.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

Сергіту сәті:

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Ағаш жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Салыстыру..

Мақсаты: 1.Дыбыстардың айтылуына қарай өзгеруіне мысалдар келтіру,сөз

тізбегін оқи білуге үйрету.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Әр сөзді дұрыс айтуға,мағынасын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: қайталау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу .

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін дыбыстардың айтылуына қарай өзгеруіне мысалдар келтіріп,сөз тізбегін

оқи білуге үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу. Не байқадың?

А-Ә О-Ө Ы-І Ұ-Ү

Сан-сән бол-бөл ыстық-істік тұр-түр

Бары-бәрі тол-төл қиық-киік тұз-түз

Ары-әрі тос-төс жық-жік сұр-сүр

Осы сөздерге мысалдар ойластыр.

\.

2.Мектеп тақырыбына мәтін құрастыру.



\мұнда бүгін өткен сөздер кездесетін болсын\. оқу,талдау

3.Сұраққа жауап беру4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс. Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Сынып жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Салыстыру..

Мақсаты: 1.Дыбыстардың айтылуына қарай өзгеруіне мысалдар келтіру,сөз

тізбегін оқи білуге үйрету.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Әр сөзді дұрыс айтуға,мағынасын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: қайталау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу .

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін дыбыстардың айтылуына қарай өзгеруіне мысалдар келтіріп,сөз тізбегін

оқи білуге үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу. Не байқадың?

.

К-Г Қ-Ғ П-Б



Шелек-шелегі ақ-ағы қап-қабы

Бесік-бесігі бақ-бағы сап-сабы

Көлік-көлігі шық-шығу сеп-себу

Не байқадың?

Осы сөздерге мысалдар ойластыр.

Өзгеріске ұшыраған дыбыстар –дауыссыз дыбыстар.

\олар айтылу ерекшелігіне қарай өзгеріске ұшырады\.

2.Мектеп тақырыбына мәтін құрастыру.

\мұнда бүгін өткен сөздер кездесетін болсын\. оқу,талдау

3.Сұраққа жауап беру

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

5.Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс. Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Сынып жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Алфавит.

Мақсаты: 1.Алфавиттегі әріптерді қайталау.

2.Әр әріп,дыбысқа мысал келтіре алуға,сауатты жаза білуге,буындап

дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін жеткізе алуға машықтандыру.

3.Оқушыларды әрдайым шапшаң,тез қимылдауға тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Жақсы кітап -Әліппе,үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштастым,Әліппемен достастым:

А-дан бастап әріпті,түгел маған танытты.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\ .Ана,әке,бала,вагон,гүл, ғалым, доп,ешкі,жұлдыз.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін алфавиттегі әріптерді қайталап,әр дыбыс және әріпке қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Әріптердің бәрінің өз ретімен орналасуы

алфавит”деп аталады.

2.”Алфавит сыры”өлеңінін оқу,талдау.

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында,байқадың ба,



Б тұрады үшінші,ал осының сыры неде түсінші?

А-деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә-деген ол-әкелер ғой салмақты.

Б-деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында!

3.Сұраққа жауап беру.4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.



5.Тақтамен жұмыс: Сергіту сәті:

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс. Алфавиттегі әріптерді қайталау.

Аа,Әә,Бб,Вв,Гг,Ғғ,Дд,Ее,Ёё,Жж,Зз,Ии,Йй,Кк,Ққ,Лл,Мм,Нн,Ңң,Оо,Өө,Пп,Рр,

Сс,Тт,Уу,Ұұ,Үү,Фф,Хх,Һһ,Цц,Чч,Шш,Щщ,Ъъ,Ыы,Іі,Ьь,Ээ,Юю,Яя.

Дауысты дыбыстар:15 Уу-бірде дауысты,бірде дауыссыз.

Дауыссыз дыбыстар:25 Белгілер:ъ,ь.

Жаттығулар орындау.Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Алфавиттегі 42 әріпке қатысты сөздер жазу,

әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау




Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы:Қайталау.

Мақсаты: 1.Өткен дыбыс,әріпке қатысты берілген сөздер тізбегін оқи

білуге,мәтінді оқып,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: қайталау,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Алфавитті жатқа сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу .

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін өткен дыбыс,әріпке қатысты берілген сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді

оқып,мазмұнын айта білуді пысықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Тапсырмалар орындау:

1) Дауысты дыбыстарды ата,сөз ойластыр.

2) Сөйлемдер құрастыр.

3) Мәтін құра.

4) Дауыссыз дыбыстарды ата,сөз ойластыр.

5) Сөйлемдер құрастыр.

6) Мәтін құра.

7) ь,ъ-белгілері кездесетін сөздер ойластыр.

8) Сөйлемдер құрастыр.

9).Сұраққа жауап беру.

10).Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.



5.Тақтамен жұмыс:

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс.

Жаттығулар орындау.

Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Сөйлем жазу.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқушы жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні.Отан.Астанам.

Мақсаты: 1Оқушыларға Отан,Астана,Тәуелсіздік жайлы мағлұмат беру,өлеңді

оқып,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Отанын,жерін,елін сүюге қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Алфавит сыры”өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\

Дауысты дыбыстар: Аа,Әә,Ее,Оо,Өө,Уу,Үү,Ұұ,Ыы,Іі,Ээ,Юю,Яя,Ёё.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

Отан.Астанам тақырыбымен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

2.”16-Желтоқсан Тәуелсіздік күні”өлеңін оқу,талдау,сурет бойынша әңгіме құру.

3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.



5.Тақтамен жұмыс:

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс.

Жаттығулар орындау.

Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

Сөйлем жазу.

7.Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.-өлеңін оқу,түсінгенін әңгімелеу.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Отан,туған ел жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Әліппе.Алфавит сыры.Жарқын жүзді мұғалім.

Мақсаты: 1.Оқу-білімнің маңызы жайлы түсінік беру

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Ұстазды сыйлай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Отан”өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген тақырыптарды пысықтау, мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\ .

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Әліппе.Алфавит сыры.Жарқын жүзді мұғалім өлеңдерімен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз,мәнерлеп оқып,мазмұнын түсінуді үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

”Әліппе”өлеңін оқу,талдау,авторы жайлы мағлұмат беру.

Сұраққа жауап беру.

”Алфавит сыры”өлеңін оқу,талдау,авторы жайлы мағлұмат беру.

Сұраққа жауап беру.

”Жарқын жүзді ұстазым”өлеңін оқу,талдау,авторы жайлы мағлұмат беру.

Сұраққа жауап беру.

-Осы үш өлеңдегі негізгі ой қандай?

-Өлеңдер мазмұны жайлы әңгімелеу

2.Тізбек бойынша берілген өлеңдерді оқу

3.Білімге,оқуға,мұғалімге қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?



4.Тақтамен жұмыс: “тарыдай”,”таудай”деген сөздердің мағынасын қалай

түсінесіңдер?

Сергіту сәті:

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс.

Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Ұстаз жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.



9.Бағалау

13.12.2013ж

Сауат ашу
Тақырыбы: Әсемпаз болма әрнеге.Сегіз аяқ.Бір уыс мақта.

Мақсаты: 1.Абай атамыздың өлеңін жатқа айтуға үйрету,ертегі мазмұнымен таныстыру.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Ынтымақшыл,қанағатшыл болуға тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. Санамақты жатқа сұрау.

Өтілген өлеңдерді пысықтау, мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Әсемпаз болма әрнеге өлеңін, Сегіз аяқ өлеңімен танысып.Бір уыс мақта

ертегісін тыңдаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқу, талдау.

”Сегіз аяқ” –өлеңін оқу,талдау,авторы жайлы мағлұмат беру.

-“Еңбек қылсаң ерінбей,тояды қарның тіленбей”-дегенді қалай түсінесің?

-Еңбек түрлерін атап бер.

”Бір уыс мақта” –ертегісін оқу,талдау,авторы жайлы мағлұмат беру.

3.Сұраққа жауап беру.

-Шешесі қызына қандай ақыл айтады?

-Әңгіме мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады?

-Үнемшілдік,ысырапқа жол бермеу –дегенді қалай түсінесің?

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.

5.Тақтамен жұмыс:

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Балаларды жеке-жеке оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Торғай жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау


18.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Оқуға шақыру.Сал-сал Білек,сал Білек.

Мақсаты: 1.Оқу оқудың маңызы,оны меңгерудегі қиындықтарды қалай жеңу

керектігі туралы түсінік беру.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Білім алуға,сауатты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Сегіз аяқ”өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Ақын ағаларымыздың Оқуға шақыру.Сал-сал Білек,сал Білек,

өлеңдерімен танысамыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

2.”Оқуға шақыру”өлеңін оқу,талдау .

3.Сұраққа жауап беру.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Балалар оқудың маңызы жайлы әңгімелеңдер.

-Ал басқа тіршілік иелерінің жұмысы жайлы не айтасың?

4.”Сал-сал Білек,сал Білек”өлеңін оқу,талдау.

Сұраққа жауап беру.

-Білекке қандай ақыл мен тілек айтылады?

-Сен үлкендердің ақылын тыңдайсың ба?

5.Тізбек бойынша берілген өлеңдерді оқу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет