Сауат ашу
02.09.2013ж
Тақырыбы: Білім күні.Бейбітшілік сабағы.
Мақсаты : 1.Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысу.
2.Оқушы тілін жетілдіру,сөздік қорларын байыту.
3.Қазақстан Республикасының рәміздерін қадірлей білуге тәрбиелеу
Сабақ типі: түсіндіру.
Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы,Туының
суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1. Көркем жазу: \\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін сендермен білім бастауы-Әліппе оқулығымен,және ел президенті
Н.Ә.Назарбаевтың балаларға арнау сөзімен, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздерімен танысып, Білім күніне байланысты Бейбітшілік сабағын
өткіземіз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
2.Еліміздің Қазақстан Республикасы деп аталатынын,егеменді ел екенімізді
түсіндіру.Мемлекеттік Туға түсініктеме беру.
Түсі аспан түстес көгілдір.Шеті ұлттық оюмен көмкерілген.Қақ ортасында
қыран бүркіт пен күн сәулесі бейнеленген.
Авторлары:
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына түсініктеме беру.
Түсі аспан түстес,шаңырақ, мүйізді ат,бес жұлдыз,”Қазақстан’’жазуы
бейнеленген.
Авторлары:
Сергіту сәті.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқулықтағы сурет бойынша өз түсінгендерін әңгімелету.
2.Сұрақтарға жауап алу.
7.Бекіту кезеңі:
Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білу.
2.Тудың суретін салу.
9. Бағалау.
Сауат ашу
03.09.2013ж
Тақырыбы:Мектеп.Сынып.Оқу құралдары.
Мақсаты: 1.Мектеп,мұғалім,сынып бөлмесімен таныстыру.
2.Оқушылардың тілдік қорларын байыту,сөйлей білуге,ойын айта
білуге дағдыландыру.
3.Үлкендерді сыйлауға,әрдайым кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:Парта,сынып бөлмесіндегі заттар,оқу құралдары.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Көркем жазу:
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін сендермен мектеп, парта,сынып бөлмесіндегі заттар,оқу құралдары жайлы
әңгімелесеміз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
2.Мектеп –оқу ордасы.Мұғалім мектептің –жүрегі,яғни білім,ғылым негіздерін
үйрететін адам.Оқушы мектепте білім алады,оқу үйренеді,өнегелі азамат
болып,өз Отанын қорғауға үйренеді.
Сергіту сәті
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Жаттығулар орындау.\Сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.\
а)--------- --------- ---------.
ә)--------- ---------.
б)--------- --------- ---------.
2.Дәптермен жұмыс жүргізу.
Алмұрт,алма суреттерін бастыру,бояу.
7.Бекіту кезеңі:
Қорытындылау
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мектеп жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау.
Сауат ашу
03.09.2013ж
Тақырыбы:Cөйлем.Сөз.
Мақсаты: 1.Сөйлем,сөз,буын, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру.
2.Сөздік қорындағы сөздерді сөйлем,әңгіме құрауда пайдалана білуге
машықтандыру.
3.Имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау, мектеп, парта,сынып бөлмесіндегі
заттар,оқу құралдары жайлы әңгімелесу.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\ А,а,аа,ааа,аааа.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін сөйлем,сөз туралы түсінік аламыз,сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
2.-Cөз адамдардың бір-бірімен қарым –қатынас құралы.Сөзді ойлап шығарған
адамдар.Сөз дыбыстардан құралады.
Мысалы: ”Д”-дыбысы,сендер оған қай дыбысты қосасыңдар?
”О”-қандай буын шықты? - До
”П”-ны қоссақ ше? -”Доп”-деген сөз шықты.
-Енді осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастырайық.
-Балалар доп ойнады. –деген сөйлемде неше сөз бар?
-Үш.
\Осылайша талдағанда,балалар сөйлемдердің әр түрлі болатынын білетін болады\.
3.Сұраққа жауап беру. 4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:
Сергіту сәті: Алма,алма,көп алма,қызыл,сары,көк алма,
Теріп алып келейік,атамызға берейік!
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.Сөйлем жазу.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Доп жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау
Сауат ашу
04.09.2013ж
Тақырыбы: Мектептің спорт алаңы.
Мақсаты: 1.Мектептің спорт алаңымен таныстыру.
2.Спорт түрлері,ұлттық ойындар туралы түсінік беру,оны ойнауға
машықтандыру.
3.Денсаулықты сақтай білуге үйрету,спортты сүйікті істеріне
айналдыруға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау,сөйлем,сөз туралы түсініктерін қайталау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін мектептің спорт алаңымен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Сурет бойынша әңгіме құру.
2. ”Мектептің спорт алаңы”.
Мектепте спорт алаңы бар.Онда дене шынықтыру сабағы өтеді.Оқушылар түрлі
жаттығулар жасайды.Ұлттық ойындар ойнайды.Спортпен айналысу пайдалы.
3.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу:су добы,футбол,хоккей,би,шахмат-спорт
ойындары.
5.Тақтамен жұмыс:
Сергіту сәті:Көбелек-ау,көбелек,әдемісің керемет.
Гүлге келіп қона ғой,өзің де гүл бола ғой.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс. Жаттығулар орындау. Сөз,сөйлем құрастыру.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Шахмат жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№8
Тақырыбы: Күн режимі.Тамақтану.Бос уақыт.
Мақсаты: 1.Таңертең,түсте,түстен кейін ұғымдарын түсіндіру.
2.Күнделікті іс-әрекетінің орындалу ретін анықтап,дұрыс
ұйымдастыруға үйрету.
3.Тазалықты,дұрыс тамақтануды,тәртіп сақтай біліп,жақсы оқушы
болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. Мектептің спорт алаңы,спорт
түрлері,ұлттық ойындар туралы сұрау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\ \\--++ОО
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін күн режимі,тамақтану,бос уақытқа қатысты сөздермен танысып, сөздерге
дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
-Мынау не?
-Бұл: доп,дөңгелек,лента.\бұлар сөздер,олар заттың атын білдіреді\.
-Балалар не істеді?
-Балалар доп ойнады.Қыздар дөңгелек айналдырды.\бұлар сөйлемдер.олар іс-
қимылды білдіреді\.
2.”Күн режимі,тамақтану,бос уақыт”туралы мәтін құру.
3. Күн режимі сағат бойынша реттеліп жүргізілуі тиіс.
Дұрыс тамақтанбаса:бойы өспейді,көп ауырады,көңіл-күйі нашар болады.
Бос уақытта пайдалы іс жаса.
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:Жақсы,жаман-дегенге мысалдар ойла,сурет сал.
Сергіту сәті:Лүпілдейді үнемі,кеудесінде жүрегі.
Оятады таңертең,бір орнында жүреді.\сағат\.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.Сөз,сөйлем құрастыру.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Шахмат жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№ 9-10
Тақырыбы: Көшеде жүру тәртібі.Көліктер.Буын.
Мақсаты: 1.Оқушыларды көшндн жүру ережелерімен,жүру тәртібімен,көлік
аттарымен,қоғамдық көлікте өзін-өзі білумен таныстыру.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Күн режимі,тамақтану,бос уақытқа
қатысты сөз,сөйлем құрау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\
++ (())!!
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін көшеде жүру тәртібі,көліктермен танысып,буын құрып, сөздерге дыбыстық
талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу:қызыл,сары,жасыл-бағдаршамның көздерінің
жұмысымен танысу.
2.”Көше тәртібі”мәтінін құру.Метро-сөзімен таныстыру.Ол елімізде тек Алматы
қаласында ғана салынып жатыр.
3.Сұраққа жауап беру.
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу:
Ұшақ,тікұшақ,кеме,автобус,троллейбус,машина- көліктер.
Әр көліктің жұмыс ерекшелігі жайлы әңгімелеу.
5.Тақтамен жұмыс: Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Оқулықпен жұмыс. Бағдаршам өлеңі.
Ашса кезек үш көзін,айтты деп ұқ үш сөзін:
“Тоқта!” “Сақтан!” “Жол ашық!”-
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,өте бергін жасқанбаІ 7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Машина жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№ 11
Тақырыбы:Жабайы жануарлар.Аңдар.Буын.
Мақсаты: 1.Жабайы жануарлар,аңдар жайлы түсінік беру.
2.Жабайы жануарлардың ерекшеліктері,пайдасы,жайлы білуге
машықтандыру.
3.Жан-жануарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:аңдар суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Көшеде жүру тәртібі,көліктержайлы
әңгімелеп,бағдаршам өлеңін жатқа сұрау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\
\\\\\////----++++
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін жабайы жануарлар,аңдар тіршілігімен танысып,сөздерге дыбыстық
талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Аңдар:тау ешкі,бұғы,елік,арқар,елік,қосаяқ,
керік,қасқыр,қоян,түлкі,аю,арыстан,жолбарыс.
2.”Жабайы аңдар”мәтінін құру.
3.Сұраққа жауап беру.
-Бұл аңдар қайда өмір сүреді?
-Неге оларды жабайы дейді?
-Бұл жануарлар қалай тіршілік етеді?
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:
Сергіту сәті: \аңдар қалай дыбыстайды?\.
Қасқыр ұлиды.
Арыстан ақырады.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Сөз,сөйлем құрастыру,буынға бөлу.
Сөйлем жазу.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Аю жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№12
Тақырыбы:Құстар.Үй құстары.Дыбыс.
Мақсаты: 1.Құстар,оның ішінде үй құстарының түрлері,ерекшеліктері,
пайдасы жайлы таныстыру.
2.Буын,дауысты,дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беру.Оқушылардың
тілдік қорларын байыту,сөйлем құрауға,ойын айта білуге
дағдыландыру.
3.Құстарды қамқорлыққа алып, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Құстардың суреті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1. Көркем жазу:
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін сендермен құстар,олардың тіршілігі жайлы әңгімелесеміз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
2.Буын,дауысты,дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік беру.
3.Үй құстары:қаз,әтеш,тауық,үйрек,балапан,көркей.
4.Жабайы құстар:торғай,қарлығаш,аққу,шағала,жапалақ,бүркіт,қарға,сауысқан.
-Бұл құстар қайда өмір сүреді?
-Неге үй құстары,жабайы құстар деп бөлінеді?
-Олардың қандай пайдасы бар?
Сергіту сәті: \құстар қалай дыбыстайды?\.
Қарға қаңқылдайды.
Тауық қыт-қыттайды.
Шағала шықылықтайды.
Тырна тыраулайды.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Жаттығулар орындау.\ Буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау.\
а)Қаз
ә)Әтеш
2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Құстардың суреттерін бастыру,бояу.
7.Бекіту кезеңі:
Қорыту.Ойын ойнау.”Орнын тап”.Шарты:жабайы және үй құстарын анықтау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Құстар тіршілігі жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________№ 13
Тақырыбы:Үй жануарлары.Дыбыстық талдау.
Мақсаты: 1.Үй жануарларымен танысу.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Үй жануарлары күте білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:үй жануарлары суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Үй құстары,олардың тіршілігі жайлы
әңгімелету.Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу: ОООО, ООООО, ОООООО, ООООООО.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін үй жануарларымен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу. Түйе-ботақан.
Сиыр-бұзау.
Жылқы-құлыншақ.
Қой-қозы.
Ешкі-лақ.
2.”Үй жануарлары”мәтінін құру.
Төрт түлік атасы: Түйе атасы -Ойсыл қара.
Сиыр атасы -Зеңгі баба.
Жылқы атасы –Қамбар ата..
Қой атасы -Шопан ата.
Ешкі атасы -Сексек ата.
3.Сұраққа жауап беру.Неге үй жануарлары дейді?
Олардың пайдасы жайлы не білесің?
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Сөз,сөйлем құрастыру.
Сөйлем жазу.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Қой жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№14
Тақырыбы:Көкөністер.Жеміс-жидектер.
Мақсаты: 1.Көкөністердің,жеміс-жидектердің атауларымен таныстыру. .
2.Олардың пайдасы туралы әңгімелеу.
3.Көкөністер,жеміс-жидектерді дұрыс өсіре,күте білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:көкөністер,жеміс-жидектер суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
Үй жануарлары жайлы әңгімелету.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін көкөністер,жеміс-жидектермен танысып,дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
Көкөністер:картоп,қызанақ,қияр,сәбіз,жуа,асқабақ,қызылша,лоба.
Жеміс-жидектер:шие,алма,өрік,жүзім,таңқурай,алхоры,алмұрт,құлпынай,қарақат.
2.”Көкөнін пен жемістер”мәтінін құру.
3.Сұраққа жауап беру.
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:
Сергіту сәті: Алма,алма,көп алма,қызыл,сары,көк алма,
Теріп алып келейік,атамызға берейік!
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Сөз,сөйлем құрастыру.
Сөйлем жазу.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Алма жайлы әңгіме құрау.
Сурет салу.
9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№15
Тақырыбы:Дәнді дақылдар.Гүлдер.Дыбыс.Буын.
Мақсаты: 1.Дәнді дақылдардың,гүлдердің атауларымен танысу.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Гүл өсіруге,оны күте білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:дәнді дақылдар,гүлдер суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
Көкөністер,жеміс-жидектер туралы әңгімелеу.
Өтілген әріптерді пысықтау.
Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін дәнді дақылдар,гүлдермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Дәнді дақылдар:
Гүлдер:
2.”Гүлдер”мәтінін құру.
3.Сұраққа жауап беру.
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:
Сергіту сәті: Көбелек-ау,көбелек,әдемісің керемет.
Гүлге келіп қона ғой,өзің де гүл бола ғой.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Сөз,сөйлем құрастыру.
Сөйлем жазу.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Қызғалдақ жайлы әңгіме құрау.
Сурет салу.
9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:__________________
№16
Тақырыбы:Көпшілік орындар.Кітапхана.
Достарыңызбен бөлісу: |