«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары



бет5/9
Дата04.07.2018
өлшемі0,76 Mb.
#46603
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары







Дыбыс пен әріпті оқыту туралы 2-бөлімдегі нұсқаулықты қараңыз.

Сабақ барысында:



2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

2.1 Оқу түрлерін қолдану

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау бөлімшелері оқу мақсаттарын жүйелі қолдануды ұсынамыз.

Ұсыныс: 3-бөлімде д, ы, м, қ, ұ, і дыбыстары мен әріптерін өтуіңізге болады.

Төменде берілген «Бағытталған жазу» әдісінің нұсқауына қараңыз:

Бірігіп отырып жазған қарапайым өлеңдер оқылады, ән болып айтылады, іс-қимылмен билеп көрсетіледі.



«Бағытталған жазу» әдісін пайдаланыңыз:

  • кіріспе (оқушыларға оқу мақсатын түсіндіріңіз)

  • есте сақтау (жазылымға арналған ойларды/идеяларды есте сақтау, қайталау)

  • үлгі жасау/жобалау (мұғалім сыныптағы оқушының қабілетін ескеріп жазылым үлгісін береді)

  • қолдану/жазу (оқушы өз бетімен жазады, символдар мен сызбалар салады)

  • жұмысын қорғау (өз жазған жұмыстарын сенімділікпен сыныптастарына таныстырады)

  • қайта қарау/түзету (өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды)

«Бағытталған жазу» әдісі бойынша жазылым кезеңінің мақсаттары мен оқушылары дұрыс таңдалуы қажет. Мақсат оқушылардың жазылымын жақсартуда және өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмегін тигізетіндей болуы керек. Оқушылардың жеке жұмыстарына назар аударыңыз, мысалы:

  • материалды оқып білуде оқушының дамуына ықпал ету үшін тапсырмаларды кеңейту және күрделендіру;

  • жазба жұмыстарын белсенді түрде талқылауға талпындыру және ынталандыру;

  • өз іс-әрекеттеріне, қабылдаған шешімдеріне, берген жауаптарына деген сенімділік қалыптастыру;

  • үйрену барысында бағалауға мүмкіндік беру.

Мұғалім мүмкіндіктері бірдей топтарға бағалау туралы ақпарат беруі керек. Әр топтағы оқушылар саны да, сыныптағы топ саны да әр түрлі болуы мүмкін.

«Бағытталған жазу» әдісі кезінде бастысы, топтар оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп құрылуы және басқаруға оңай болуы керек. Топта оқушылар саны төрт –алты баладан аспауы керек.






2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу




1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стильдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату у

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну


1.1. 9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)




Отбасы деген не (бейкөркем мәтіндерден ақпарат іздеу)

(МК,Ұ) Кітаптардың айырмашылығын табу және салыстыру үшін мысал ретінде шағын ертегі, өлеңдер, әңгіме берілген кітаптарды көрсетіңіз. Қысқа үзінділер оқып беріңіз. Қолданылған қарама-қарсы мағыналы сөздер мысалдарын көрсетеді. Оқушыларға сөздер айтып қарама-қарсы мағыналы сөздерді тапқызады. Сөздерді буынға бөлу, буын құраушы дауысты дыбыстарды сызбада белгілеу тапсырмасын бірге орындауға болады.

(МК, Т, Қ) Оқушыларға кітаптарды беріңіз. Кітаптың мұқабасына, суретіне т.б қарап ертегі, өлең, әңгімені ажыратуды тапсырыңыз. Кітаптарды қалай ажыратқандарын және қандай айырмашылық көргендерін түсіндіруді сұраңыз.

Дифференциация:

«Қолдану» дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмасы: оқушыларға тыңдаған мәтіні бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру .

«Түсіну» дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма: сурет бойынша сұрақтар құрастыру.

(Т) «Бағытталған оқу» әдісінің ретін пайдаланып, әңгімелерді топта бірігіп оқыңыздар:


  • кітапқа кіріспе

  • тексеру стратегиясы

  • өз бетінше (буын және сөздерді) оқу

  • мәтінге қайтып оралу және сұраққа жауап беру.

Оқушылар сұрақтарға жауап беруі үшін суреттерді пайдаланып қолдау көрсетіңіз.

Мұғалімдер осы тақырыпқа сай әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар дайындап айтуы қажет. Бірнеше рет бірге рет қайталап, оқушыларды осы тапсырмаға белсенді қатысуға шақырыңыз. Кітапты оқудың алдында оның мұқабасына қарап, басқа кітаптармен салыстырыңыз. Олардың бір- бірінен ерекшеліктері неде? Қалай ажыратады? Олардың ұқсастықтары неде? Кітаптарды ашып қараңыз. Оқушылар кітаптың суреттерінен қандай айырмашылықты байқайды.

Ыңғайлы орындықтары бар кітап оқуға арналған бұрышын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға үзіліс кезінде сол жерден кітап алып оқуына рұқсат етіңіз.

Сабақта оқылым дағдыларын қалыптастыру үшін бұрын меңгерген дыбыстар мен әріптерге назар аударыңыз. Сол кезде оқушылар меңгерген дыбыстық дағдыларын қолдана алады. Кітаптардың мазмұны, суреттері болуы керек. Белгілі бір затты анықтауға арналған сұрақтар тізімін дайындаңыз. Мысалы: мына отбасында неше ұл, неше қыз бар? Бұл отбасы қайда тұрады? Сұрақтарға жауап беру үшін кітаптың мазмұнын қалай қолдану керектігін көрсетіңіз.

Оқушыларды оқылым қабілеттері қарай топтастырыңыз. Жаңа оқып үйреніп келе жатқан оқушылар үшін күрделі кітапты пайдаланбаңыз. Алдыңғы сабақтарда пайдаланған сұрақтар мен көмекші сөздерді пайдаланыңыз. «Бағытталған оқу» әдісі бойынша ақпаратты 2-бөлімнен қараңыз. Жауаптарды тез табу үшін кітаптың мазмұнын қолдануға ынталандырыңыз.


Ақ мамам.wmv

Bakytgul Salykhova2 г. назад 38 521 просмотр

"Ақ мамам" әні. Сөзі Ф.Оңғарсынованікі Әні Айжігіт Асановтікі.




1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту




1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)


1.3. 5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілермен толықтырып жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазады


1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну


1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау


Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу)







(Т) Оқушылардан сыныпқа суреттер мен фотоларды көрсетуін сұраңыз. Әрбір сурет бойынша олар бірнеше сөйлем құрап айтуға талпынуы тиіс. Мысалы: Бұл менің әпкем. Ол мектепке бара жатыр. Сыныптағы оқушылар көбірек мәлімет алу үшін сұрақ қояды. Мысалы: Оның аты кім? Сөздерді, суреттерді, символдар мен сызбаларды қолдана отырып, бұл сөйлемдердің қалай жазылатынын тақтаға жазып көрсетіңіз. Сөздерді жазған кезде жазу емлесі бойынша жұмыс жүргізіңіз, сөйлемнің құрылымына назар аударыңыз.

Күрделітапсырма: ауызекі тілде құрмалас сөйлемді қолдану үлгісін көрсетіңіз. Мысалы: Әпкем күнде мектепке, ал анам жұмысқа барады. Сөйлемнің сызбасын салыңыз..

Білу деңгейінде тапсырма: сөз немесе сөз тіркесін жазу. Мысалы: Менің әпкем. «Менің отбасымның бір күні» кітабын құрастыру үшін оқушылардан әрбір фотоның жанына өз сөйлемдерін жазуын және ондағы суреттерді күнделікті орындалу реті бойынша орналастыруын сұраңыз. Сөйлем сызбасында кездесетін таныс сөздерді жазып көрсетуіне болады.

(Т) Оқушылардың жиі кездесетін сөздерді табуына және дыбысқа сай дұрыс әріптерді таңдап жазуына көмектесу үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. Оқушымен бірге сөйлемнің (сызбасын) дұрыс жазылуын тексеріңіз.

Дифференциация:

«Қолдану» дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма: кітаптың мазмұнын толықтырып жазу.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • таныс сөздерді анықтап, қатесіз, дұрыс жазу;

  • болған оқиғаны сипаттау үшін сөздерді, сызбаларды, суреттерді, символдарды (қажеттілігіне орай) қолдана отырып, сөйлемдер құрастыру;

  • ойды жеткізу үшін ауызша сөйлем құру;

  • сөйлемді жазуда сөздер мен сөз тіркестерінің арасын ашып, бөлек жазу қабілетін бағалаңыз.

Оқушыларға отбасының күнделікті өмірі туралы фотоларын алып келуді немесе суретін салуды тапсырыңыз. Мысалы: таңертең ұйқыдан ояну, таңғы ас ішу, мектепке жиналу т.б. Жалпы алғанда әрбір оқушы 3-5 фото/сурет әкелуі тиіс.

Оқушыларды қабілеттеріне қарай топтарға біріктіріңіз.

Әрбір оқушы сөйлемдерін осы шақта құрады және бір-біріне айтқандарының дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар қояды. Мысалы: Бұл аяқталған сөйлем бе? Мағынасы бар ма? Кейбір сөйлемді қайталатып, құрамындағы сөз санын санату.

Оқушылар жай сөйлемдерді құрастыруды меңгеріп алған жағдайда, «Оза оқыту» әдісін басшылыққа алып, құрмалас сөйлем құрастыру жолдарын практикалық көрсетіп, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігіңіз бар.

Айтылған сөйлемдердің жазылу үлгісін тақтада көрсетіңіз. Сөйлемде сөздердің бөлек жазылуын қадағалаңыз. Әрбір сөзді дауыстап оқып, оқушыларға олардың дұрыс жазылуы мен айтылуын үйретіңіз. Бас әріптің жазылуы мен нүктенің қойылатынын көрсетіңіз.

Оқушыларға шимай парақтарын таратыңыз. Оқушы жұптағы сыңарымен бірігіп, өз сөйлемдерін жазып, қатесін түзеп көреді. Тексеріп болған соң таза параққа жазулары керек. Оған қосымша өз жұмыстарын компьютерде теруге мүмкіндік беріңіз. Оқушыларға парақ беттерінде жазу мен суреттерді ретімен орналастыруды тапсырыңыз. Беттерді жинақтап, кітап етіп құрастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға кітаптың мұқабасы мен атауын жасауға уақыт беріңіз.



«Бірлесіп жазу» әдісі бойынша ақпаратты 2-бөлімнен қараңыз.

Дайын кітаптарды көрсетіп, оқушыларға бір-біріне дауыстап оқытыңыз.






1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.4 Оқиғаны болжау

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту




1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.1.7.2 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну


1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау


Достық деген не? (достық туралы фильм көру)







(Ұ,Қ) Достықтың үзілуі және достасу туралы анимация немесе қысқаметражды фильмнің бірінші бөлімін көреді. Фильмнің мазмұны мен кейіпкерлерін талқылайды. Кейіпкер, мазмұн (сюжет), оқиға сөздерін қолдану, әрі қарай оқиғаны болжайды.

Оқу жетістіктерін бағалау:

Оқушылардың кейіпкерлер мен фильмнің мазмұнын ескере отырып, қаншалықты шынайы болжам жасайтындықтарын бағалаңыз.

(Ж) Оқушыларды жұпқа біріктіріп, өздері ұнатқан оқиғаның соңын көрініс ретінде қойғызыңыз.

(Ұ) Фильмнің соңын көреді. Фильмнің соңында оларды таңқалдырған нәрсе туралы және кейіпкерлердің қалай өзгергені туралы талқылаңыз.

(Ұ) Фильмнің басын қайта қойыңыз және егер де кейіпкерлер біздің сөзімізді ести алса не айтатындары жөнінде талқылаңыз. «Стоп-кадрды» пайдаланып кейіпкерлердің арасындағы диалогке импровизация жасатыңыз.

(Ұ) Фильмді қайта көріңіз – осы жолы әр кейіпкердің ойлары мен сезімдеріне баса көңіл бөлдіріңіз. Оқушылардың ұсыныстарын тақтаға жазыңыз және сөйлемде сұрақ белгісі мен леп белгісі қайда қойылатынын түсіндіріп көрсетіңіз.


Оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру үшін сұрақтар қойыңыз:

  • Мысалы: фильмнен нені ұнаттың? Фильмде саған не ұнамады? Мұнда сен түсінбеген нәрселер болды ма? Фильм саған нені еске түсірді? Оқушылардың пікірін біліңіз.

  • Фильмдегі басты кейіпкерлерді анықтаңыз. Олар туралы не айта аламыз? Оқушылардан оларды сипаттайтын сөздерге мысал келтіруді сұраңыз. Кейіпкерлердің суреттерінің тұсына пікірін жазғызыңыз. Мысалы: дүниеқор, зұлым, қатал.

  • Мазмұндағы детальдарды табу үшін фильмді тоқтатып, тоқтатқан кадрдағы суретті пайдаланыңыз.

  • Мазмұндағы таныс және бейтаныс заттар туралы сөйлесіңіздер. Мысалы: Мынау сен баратын саябаққа ұқсай ма?

  • Оқиғаның жалғасын болжау. Кейіпкердің орнында сен болсаң не істер едің? Оқушылардан баламалы таңдау жасауды сұраңыз.

Өздеріне сенімді болуы үшін сыныптағы қарым-қатынасы жақсы оқушыларды жұптастырыңыз. Оларға фильмнің соңын құрастыру үшін уақыт беріңіз.

Фильмнің соңында оқушыларды қатты таңқалдырған не болды? Басты кейіпкер не себептен осылай деп шешті? Ең дұрысы не істеу керек еді? Сен осындай шешім қабылдар ма едің?

Кейіпкерлердің суретіне қайтып оралып, төменде берілген сөздерді түсіндіріңіз. Берілген сөздер суретке сәйкес келе ме, әлде кейбір сөздерді жаңа сөздермен алмастыра аламыз ба? Мысалы: бақытты, кішіпейіл.

Стоп-кадр дегеніміз - оқушылардың топ болып немесе жұпта қатып қалған көріністі бейнелейтін драмалық техника. Бұл жерде ешқандай сөз айтылмайды, ешкім қозғалмайды, топ көріністі бейнелеу үшін мүлде тапжылмай тұрулары керек.

Сыныптағы дос оқушыларды жұптастырып, кең орында (Мысалы: аулада, мектептің дәлізінде) жайғастырыңыз. Әрбір жұптан фильмдегі бір көрініске стоп-кадр жасатыңыз, олар кейіпкерлердің қалпын бейнелеп, бет-жүзіндегі мимиканы көрсетулері керек. Кезек бойынша әрбір жұптың иығына қолыңызды қойыңыз, олар екі кейіпкердің арасындағы диалогке импровизация жасаулары керек. Әрбір кейіпкердің айтқандарын көрсету үшін комикс кітаптардағыдай сөз бұлттарының парақтарын пайдаланыңыз, кейіпкердің айтқан ойын жазыңыз және көрсетіңіз.

Оқушылардың қолына сөз бұлттарын ұстап тұрған күйлерін фотоға түсіріңіз.

Фильмді негізгі кадрдың маңызды үш-төрт тұсында тоқтатыңыз және сұрақ қойыңыз. Мысалы: Сенің ойыңша кейіпкер не сезінді? Ол не туралы ойлауы мүмкін? «Ой бұлттары» (идеяларды көрсету үшін) және жүрек (сезімдерді көрсету үшін) формасындағы қағаздарды пайдаланыңыз. Өткен шақта жазуын қадағалаңыз. Оларды фотосуреттер мен сөз бұлттарының жанына орналастырыңыз.


Қысқа анимацияның үлгісі http://www.kewego.com/video/iLyROoaftMIa.html

Ғажайыпстанға Саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE youtub



1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту




1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну


Достық деген не? (достық туралы әңгімені жоспарлау)







(МК) Сенің қызығушылығыңды оятатын бір затты досың мектепке алып келді, бірақ саған ұстап көруге бермеді. Сен оған ренжідің бе? Не сезіндің? Не айттың? Досыңызбен қайтадан татуласқаныңыз туралы айтыңыз.

(Т) Оқушылардың өз басынан осыған ұқсас жағдай өткен/өтпегендігін сұрап біліңіз және топтағы өзге оқушыларға айтқызыңыз. Әңгімелеген кезде көркем тілді және оқиғалардың дұрыс ретін пайдаланғанын қадағалаңыз.

(Ө) «Әңгіме айтушының орындығына» отырып, өзінің басынан өткен бір жайтты әңгімелетіңіз.

(Ж,Қ) Оқушылардан өздері жазатын оқиғалары туралы жақсылап ойлануларын сұраңыз. (Оқиға оқушыларға таныс ортада болуы мүмкін.) Мысалы: саябақта, ойын алаңында немесе сыныпта болатын оқиғаларды ойлап тауып, жұптасып, стоп-кадрларды пайдаланып, көрініс көрсетуді сұраңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • тақырыпқа қатысты қарапайым сюжетті/оқиғалар желісін импровизациялау;

  • әңгімені баяндағанда көркем тілді қолдану қабілетін бағалаңыз.

Әңгімені дұрыс ретпен, көркем сөздерді қолданып, баяндауын қадағалаңыз. Мысалы: Бір күні..., Мен …, Содан соң …, Соңында...т.б

Оқушыларға идеяларды жинақтау үшін тірек сөздер немесе сұрақтар беріңіз. Мысалы: менің есімде …, Өйткені мен …, Кенет ...т.б

Оқушылардың ойын анықтай түсу үшін сұрақ қойыңыз. Кейіпкерлері кім? Оқиға қалай аяқталады?

«Әңгіме айтушы орындығын» даярлаңыз. Оқушылар арнайы безендірілген орындыққа отырып, өзгелерге әңгіме айтады. Оларға өз оқиғасын баяндауға уақыт беріңіз.

Жергілікті саябаққа немесе мектеп ауласына серуенге шығыңыздар. Оқушылардан жұптасып оқиғаның басында, ортасында және соңында не болатынын көрсету үшін, үш стоп-кадр бейнелеуін сұраңыз. Әр стоп кадрды фотоға түсіріп алыңыз (Стоп кадрдың сипаттамасы 3-бөлімде берілген). Оқушылардан өз әңгімелеріне тақырып қоюды талап етіңіз. Сыныптың ішінде әр түрлі қағаздар, қарындаштар және борлары бар жазылым бұрышын жасаңыз. Ол жерге қуыршақтар, ойыншықтар, суреттер мен фильм бойынша түсірілген стоп-кадрдың фотоларын қойыңыз. Оқушылардың ол жерге жиі барып, бір-біріне әңгіме айтып, өздерінің оқиғаларын жазып отыру әдетін қалыптастырыңыз.



«Драма» әдісі, тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту туралы: :
http://www.teachfind.com/national-strategies/speaking-listening-learning-working-children-key-stages-1-and-2-%E2%80%93-leaflets-and-p


3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

3.7 Қатені табу және түзету

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту




1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау
1.3.7.1 Сөз, сөйлемін, мәтінді мұғалім көмегімен (үлгі, талдау, т.б. ) тексереді және қателерді түзетеді

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау


Достық деген не? (достық туралы оқиға жазу)







(МК) Достық туралы шағын әңгімені қалай жазудың үлгісіне «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. Оқиғаның басы, ортасы, соңына байланысты үш сөйлемнен жазғызыңыз. Оқиға қызығырақ болуы үшін сөйлемдегі қарапайым сөздерді мағыналы, көркем, әсерлі сөздермен алмастырып жетілдіріңіз (мағыналары жақын және қарама-қарсы сөздермен жұмыс жүргізу).

(Ө,Қ) Стоп-кадрлар фотоларын пайдаланып, сөйлемдер тізбегінің көмегімен оқиғаларды дұрыс ретпен беруді сұраңыз.

(Т) Оқушыларды қолдау мақсатында олардың жазған жұмыстарын қызықты ету үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. Қажетті жерде сұрақ белгілері мен леп белгілерін қоюды тапсырыңыз.

Сынып оқушыларының қабілетін ескеріп тапсырмаларды күрделендіруге болады.

Оқушыларға бір-біріне әңгімелерін дауыстап оқуға мүмкіндік беріңіз, мүмкін болған жағдайда өзге сынып оқушылары алдында да оқытыңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • сөздердегі өздеріне таныс әріптерді дұрыс жазу;

  • оқиғаны баяндау үшін толық сөйлемдер құру;

  • сөйлем жазуда сөздер мен сөз тіркестерінің арасындағы бос орынды тиісті сөзбен толықтыру қабілетін бағалаңыз.




«Бірлесіп жазу» әдісі бойынша нұсқауды 2-бөлімнен қараңыз.

Оқушылардың сөйлем туралы түсінігін пысықтаңыз. Әрбір сөйлемді жазбас бұрын бір рет дауыстап айтып, жазып болған соң қайтадан дауыстап оқыңыз. Сөйлемнің қай сөзден басталып, қай сөзден аяқталатынын сұраңыз. Сөйлемді оқи отырып, ондағы сөздерді алмастыру немесе сезімдерді білдіретін көркем сөздер қосу арқылы оларды қызықты құруға болатынын көрсетіңіз. Мысалы:



  • «Мен ... ренжідім» - «Мен өте қатты ренжідім, себебі ол менің сүйікті ойыншығымды алып қойды» .

  • «Мен ... қуандым» - «Менің ... қуанышымда шек болмады, себебі...» болады. (Оқушылардың қабілетін ескеріп «Оза оқыту» әдісін қолдану үлгісі)

  • «Мен ... толқып кеттім.»

  • «Мен ... риза болдым.» және т.б.

Өз әңгімелеріне диалог кірістіріп, ондағы сұрақтар мен жауаптардың тыныс белгілерін, яғни, сұрақ белгілері мен леп белгілерін дұрыс қоюын көрсетіңіз.

Алдыңғы сабақта қолданған сөз бұлттарының, ой бұлттарының және жүрек пішініндегі қағаздарда берілген кейіпкерлердің не ойлайтыны, не сезінетіні немесе не айтуы мүмкін екендігі туралы ұсыныстарын қолдануын бақылаңыз.

Сөздің емлесі бойынша, сөйлемдерді дұрыс рәсімдеу және тыныс белгілерін сөйлемнің соңына дұрыс қою бойынша жұмыстар жүргізіңіз.

«Бағытталған жазу» әдісі туралы

1-бөлімнен қараңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет