Ежелгі Греция мен Рим ойшылдарының мемлекет туралы iлiмдерi. Б.э.д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене бастады. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштраның (Перссия), Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Будданың (Индия) ілімдері басты рөл атқарды.
Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б.з.д. 551-479 ж.ж.) өзінің саяси доктринасын моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуций бойынша, ондай адам адмгершілікті (жень), адал, таза ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, қоғамға, мемлекет ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жағдайын ойлап түру керек деген. Дана адам-басқарушы жақсы біледі – адамның бәрі абырой мен байлаққа үмытылады, ал кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін әлеуметтік дифференциацияны жақтау және қоғам мүшелері арасында міндеттерді иерархиялық бөлу сипаттамалы.
Гректің ғүлама ойшылы Гераклит б.э. дейінгі шамамен 520-460 жылдарда өмір сүрген. Ол: «Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды» — дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән береді.
Гераклит: «қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа өтеді. «Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады» деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күресте.Демокрит (б.э. дейінгі 460-370 жылдар шамасында) өмір сүрген, құлдық демократияны жақтаған, антикалық материализмнің өкілі болды. Егер адамдар бір-бірін күндемесе, зияндық жасамаса, бір-біріне сенсе онда заңдардың да қажеті шамалы деген пікір айтады. Сондай-ақ, ол қоғамның пайда болуы мен даму сырын зерттеуге талпынады.
Әйгілі ежелгі грек ойшылдары Платон және Аристотель алдынғы тарихи материалдарды талдап саяси өмір туралы біртүтас ілім құрастырған. Платонның (б.з.д. 427-347) мемлекет жайлы ойының философиялық негізі – идеализм болып табылады, ол мемлекеттің идеалды ұлгісін құрастыруін мақсат еткен. Идеалды мемлекет туралы Платон «Мемлекет», «Заңдар», «Софист», «Парменид» еңбектерінде айтады, бұнда ол адал мемлекетті адам мен салыстырады, мысалы: адамның жанының үш бастамасына (ақылдығы, каһарлығы мен қозулығы) мемлекеттің үш бастамасы сәйкес (келісімділігі, қорғаныстығы, іскерлігі). Ал осы соңғы үш бастамаға елдің ұш қатары сәйкес: басшылар, жауынгерлер, жұмысшылар. Адалдыққа келгенде, осы әр қатардың адамдары тек өз қатарымен араласып тек өзінің ісімен айналысуы керек, сонымен басқа қатардың жұмысымен араласпасын дейді. Және де осы бастамалар бір бірінің алдында иерархиялық бағынуда болғаны міндетті, мысалы: ақылды бастаманың өкілдері — философтар басшы болу керек, қаһарлық – жауынгерлер елін қорғау керек, қозулық бастаманың өкілдері — жұмысшылар ел басшыларына жағдайын жасап бағынуі міндет.
Платон бойынша, ең дұрыс идеалды мемлекетті іріктелген, асыл тұқымның адамдары басқарады, басшысы бір болса – монархия, ал ақ сүйекті басшылары бірнеше болса – аристократия болады. Платон аристократиялық басқаруды идеалды деп белгілейді және оған керісінше нашар мемлекеттті басқару түрлерін көрсетеді. Егер елде осындай иерархиялық бағыну жойылса, жер мен ұйлер жеке меншікке айналса, құлдар еркін адам қатарына қосылса, таза асыл тұқымды ақ сүйекті адамдар шекке шығарылып, атаққұмарлық адамдардың билігі — тимократия орнайды. Бұл мемлекеттің адамдары басшылыққа дана, ақылды адамды жолатпайды, және байлық біршама адамның қолында ғана болғандықтан олигархия – азғантай бай адамдардың билігі орнайды. Сонымен, кедейлік көбееді, бай адамдарға жек көрушілік белгілі бір уақыттан кейін міндет түрде төнкеріске келтіреді, ал осының нәтижесінде халық билігі – демократия пайда болады. Платон бойынша, осы кезде «шексіз бостандық» адамдарды бұзады, қара тобыр адамдар билікке сайлаған адамын шығарады, ал қара тобыр халық көбіне сауатсыз болғандықтан билікке ешқандай дайынғы жоқ адамды шығарады. Ондай адамның билігі белгілі бір уақыттан кейін тиранияға – қатал, мейірімсіз, езуші адамның билігіне айналады. Сондықтан, тирания – басшылықтың ең нашар түрі. Платон айтқан: «Заңға бағынбайтын мемлекет тез қирайды, ал егер де басшы – заң болса мемлекет өрлейді, елі Құдайлардың ризалығында болады».
Аристотель (б.з.д. 384-322) мемлекет деген де оны Полис – ежелгі грек еліндегі қоғам мен мемлкеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекетті айтады. Негізгі саяси еңбектері — «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика». Аристотель бойынша, биліктің дұрыс түрі – монархия, аристократия, политияны жатқызады. Ал бұрыс түріне – тирания, олигархия мен демократияны.
Аристотель бойынша, демократия белгілі бір уақыттан кейін охлократияға – қара тобыр адамдардың билігіне айналады. Жалпы айтқанда, ойшыл демократияның барлық түріне қарсы болған. Аристотель: «адам – саяси жануар» деген.
Орта Заман саяси ой діннің ықпалы түседі. Үкімет басында дін иелері болды. Билік Құдайдың құдіретінен деп шығарылды. Осы заманның көрнекті өкілдері – Аврелий Августин, Фома Аквинский және көптеген басқалары. А.Августиннің саяси көзқарасы «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.
Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) өмір сүрді. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын котолик дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. Атап айтсақ ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін негізге алды. Жалғыз адам әу бастан өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке — дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп мемлекет болып өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел баста жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның бұйрығымен жүзеге асырылады. Билік басындағылардың халыққа жасаған жақсылықтарының бәрі бір жаратушының арқасы деп түсіндірді. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек. Ол биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Онда билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун (1332-1406 жж.) өмір сүрген. Ол «өзінің Тарихқа кіріспе» деген еңбегіңце қоғам мен билік түрін ғылыми талдап береді. Адамның жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген пікір айтады. Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды:
а) қоғамдық топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы;
б) басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы.