Саясаттану ғылым ретінде


МЕМЛЕКЕТ САЯСИ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ



бет8/43
Дата27.02.2022
өлшемі72,21 Kb.
#133586
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
Саясаттану ылым ретінде (1)

МЕМЛЕКЕТ САЯСИ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады, кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де халық, қоғам, ел, деген ұғымдарға сәйкес келеді, тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, үкімет, әкімшілік деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланады.
Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы ара қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейрін қоғамдық механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыста болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағаны мыналар:
1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
2. Патриархиялық теория. Оның негізін салушы ХVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаларға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке шейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
3. Қоғамдық келісім теориясы егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болған дейді.
4. «Зорлық жасау» теориясы бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
5. Географиялық теория мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
6. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі – бақи тән болған дегенді айтады.
7. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф.Энгельс мемлекет әрқашан «ең қуатты, экономикалық жақтан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады»,- деп жазады.
8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінле қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болу керек дейді.
Мемлекеттің бірнеше белгілері бар:
1. Аумақтық бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғары үкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған. Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Сауда мен қолөнер өркендеген соң қалалар пайда болды. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты. Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша үкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, чиновниктік аппарат, полиция, сот, барлау, баспасөз және т.б құралдары арқылы жүзеге асырды.
3. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе және қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын .
Бұл көрсетілген белгілерден басқа мемлекеттің өзіндік ерекшеліктеріде бар. Оларға егемендік, жалпыға бірдейлік, мәжбүрлік жатады. Егемендік деп мемлекеттің ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігін, дербестігін айтады. Сондықтан мемлекеттің бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізуге құқұғы бар.
Жалпыға бірдейлікке мемлекеттің өз аумағының шеңберінде барлық адамдарға ықпалын жүргізуі жатады. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәріде силапуы және орындауы керек. Шетелдік дипломаттарға жеңілдік жасалады. Бірақ оларда сол елдің заңына бағынады. Қандай адам болмасын бір мемлекеттің азаматы болуға тиіс. Азаматтығы жоқ адам құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азаматы болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады. Мәжбүрлік деп осыны айтады. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет